Slavoj Žižek: Еуроодақты ыдыратқысы келеді...

3ab2c227e70e0bc4796b9ae8a18ba4a1.jpg (800×538)

Еуроодақ басшыларымен жүздесуден кейін, Д.Трамп, 2018 жылдың 15-шілдесінде журналисттермен өткізген кездесуінде, Еуроодақты өздерінің (қазіргі АҚШ-тың) басты жауы ретінде бағалады. Тіпті, бұл ретте ол Еуроодақты АҚШ-тың кәнігі қарсыласы Ресей мен Қытайдың алдына қойып тұрып атады. Біз оның сөзін жұрт айтқандай лағып кеткендік (Д.Трамп АҚШ-тың достарына жауларынан бетер жаман қарайды-мыс, т.б. деген сөз бар) деп қоя сала алмаймыз. Біз өте түсінікті әрі анық бір сұраққа жауап тапқымыз келеді. Ол Еуроодақ несімен Д.Трампқа жақпайды немесе  біз неге Д.Трампқа жаумыз?...

Еуроодақтың  Д.Трамптың бас ауруына айналған басты себебі, ол бүгінде дара-дара ел емес, біртұтас одақ болып тұрғандығында. Еуроодақтың көзалда туындаған қайшылықтарға, қарсылықтарға қарамастан өзін ұлттық негіздің шеңберінен шығып ойлана алатын біртұтас Одақ ретінде тани бастағанында болып тұр. Бұл біздің – Еуроодақ аймағындағы халықтардың сонау Ағарту (Enlightenment) кезеңінен жалғасқан, тағдыр-тәлейімізде сан мәрте дұрстығын дәлелдеген түсінік – «қиындық көргендер бір-біріне жақындағанда ғана жылулық табады» дегенді дәлелдеп тұр. Бүгінгі Еуроодақ жалпы адамзаттың ертеңгі күнін елестетеді, ол жалпы бір аспанның астында жасай алатынын дәлелдеу немесе Жер шарының адамзаттың тіршілік кемесі екені көрнекілендіру – «кемедегінің қашан да тағыдыр бір» деген сөз.  Peter Sloterdijk-тың сөзімен айтқанда біз бүгінгі жанталасымыз «Ұлы Еуроодақтың саяси экономикалық табысы – социал демократтық сипаттағы әлеуметтік сала қамтамасыз етілген жүйені сақтап қалу үшін күресуге барып саяды»...

Алайда, шынайы өмірімізде Еуроодақтың жоғарыдағы түпкі ұстанымы көп жақтылы қиындықтар себебінен түрлі деңгейде сын сағатын бастан кешуде. Біз осы түйінді анық түсінуге тиіспіз...

АҚШ, Ресей, Қытай Еуроодақтың саяси экономикалық және қоғамдық сипаттағы сәтсіздіктерден тезірек ыдырап кеткенін қалап отыр. Д.Трамп пен В.Путин Англияның Еуроодақтан шығуын ашық қолдап шықты.  Олар Италидан Полшаға дейінгі аумақта Еуроодақтың болашағына күмәнмен қарайтындардың қолтығына су бүркуде. Біз өз сәтсіздіктеріміздің себебін жанжақтылы қарастыруды үйренуіміз керек. Біз Еуроодақтың тағыры - қиын кезеңде сынға түсіп жатқан өз тағдырымыз екенін әсте ұмытпауымыз тиіс...


Анықтама: https://en.wikipedia.org/wiki/Slavoj_%C5%BDi%C5%BEek

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты