Кэндзабуро Оэ (おおえけんざぶろう): Ядролық дəуірдің утопиясы

77565f3d106851f0418daf7b3959d30f.jpg (1200×1800)

(1994 жылғы Нобель сыйлығының иегері, Жапон жазушысы О. Кензабуроның досына жазған хаты. 1984 жыл.)

Мырза, егер мен сізге АҚШ-та тұрып жатқан жерімнің батыс жағалаудағы Калифорния университетінің Боклер мектебі екенін айтар болсам, сіз бірден «ядролық бомбаның атасы» Оренхемиерді жəне Вьетнам соғысы кезінде оқушы жастардың осында туылған соғысқа қарсы айтулы ереуілін есіңізге алған болар едіңіз. Мен осы жақтан шығып елдің орталық өңірлерін аралап Чикагоға сапарлап бардым. Чикаго университетінде ядроның бөлінетінінің байқалуына арнап Х.Море тұрғызған мүсінді көрдім, бұл туындының көлемінің үлкендігіне таң қаласыз, мен соның алдында тұрып: адамзат ядролық жарылысқа осыншалық үміт артады екен-ау деген ойға қалдым. Менің ойымша, осы мүсіннің алдына біздің елге тасталған екі реткі ядролық бомбаның саңырау құлақ формaдағы дүмпуінің суреті қойылмаса, біздің бүгінгі ядролық халіміздің нақты жағдайы айқындалмайды.  Кейін мен АҚШ-тық қарапайым халықпен бірге отырып көгілдір экраннан «Содан кейінгі күндерде» деген фильмді көрдім. Ол фильмде Кеңес Одағы Реневадағы əскер қысқарту келіс сөзінен бас тартқаннан кейін, АҚШ ядролық зымырандарының Еуропаға орналаса бастаған сəттерінен сыр шертетін еді. Фильмде мынадай бір қыстырма бар екен: ақыр аяғы жермен-жексен болған Акенсер қаласының бір тұрғыны: бұл қалада қирамаған дүние қалмады, енді бұл қала ядролық соққыға ұшырамайтын шығар? –дейді. Сонда оның қасында тұрған жолдасы: «Nowhere? There is now nowhere any more» (мағынасы: енді аман қалатын ондай жер болмайды.) -дейді. 

   Мына дүниеде, ядролық қатерден аман қалатын жер жоқ. Фильмнен соң, талқы кезінде, ғалым К.Сайкел жер шарының экологиялық ортасы туралы сөйледі. Оның сөздері менің ойыма университеттегі кезімде оқыған «утопия» деген кітапті салды. Егер сөздің тегіне үңілсек, «Utopia» грек сөзі, ол  «ou» not+topos,  a place дегендерден қосылған — «Nowhere» (жоқ дүние) дегенді білдіреді. Бүгінгі ядролық жарақтануымызбен, біз — адамзат сол «болмайды» деген дүниені расында болдырмауға айналдық. Кезінде Т.Морда дəл бүгінгіге ұқсаған кер заманда, өзінің сол ұлы шығармасын жазған болатын. Сол кезде ол Англияның діни, саяси дүрдараздықтан тоз-тозы шыққан жағдайына көз жүгірте отырып, елінің тағдырына деген аяушылығынан осы шығарманы жазған, өзі де сол кесірден өмірден өткен...    

Осындай қатерлі дəуірде өмір сүруге тиіс болып тұрмыз, ендігі мəселе қалай өмір сүруде. Мұның өзі таудай үміткерліктің болуын қажет етеді. Егер, керіге кетсек, күннен-күнге насырға шауып бара жатқан халіміздің таудай қатерінің астында қалып, тұншығып қаларымыз да дау жоқ. Бұл менің көптен жинаған тəжірибемнен алған қортындым. Жүрегіме сенім ұялатқан, сеніміме серік болған бір тұғыр бар десем, оным Чикаго университетінің профессоры, дін тарихын зерттеуші М.Элиадтың естеліктерінен оқыған сөзім болатындай. М.Элиад адамзаттың басындағы бұрын-соңды өткен тығырықтар туралы көптеген зерттеу еңбектерін жазған. Ол арғы заманның аңшылыққа қатысты кітаптарын оқып отырып мынадай ой түйіпті: адам өзін-өзі жарға итермеуі керек. Ескі замандардың тар жол, тайғақ кешуінен шыққан адамзаттың ұрпағы бүгінге дейін де сан тараулы, соқтықпалы соқпақсыз өмір өткізген. Соның бəрінде мұжылып, құрып кетпепті, соның бəрінде үміткерлігімен аман қалған. М.Элиад сөзін: «біз осылай ойланғанда ғана, адам мен оның тұқымын тұздай құртпайтын жолға қараған есікті ашамыз» –деп түйеді.   Діни сенімім жоқ мен үшін, «есік» деген сөзді аузыма алуым орынсыздау да болып көрінер, М.Элиад менің осы сөзге болған түсінігімді түртіп оятты. Менің үлкен ұлым өмірге сырқат болып келген шақта, біз əр күні дəрігерге шапқылайтынбыз, бөлек қарауда жатқан сəбиге қарап тұрып, бір ойда қалғаным бар — бұл сəби қалай кемтар болып туса да, бəрібір оның өмірде орыны бар екені туралы ақиқаттан көз жұмуымызға болмайды. Содан бастап мен ақыл-есі кемтар осы баламен бірге өмір сүруді өз еркіммен қалап алдым. Сонымен өткен өмірімді қағазға да түсірдім.

Менің «Жаңа адамзат, орныңнан тұр» деген шығармам жиырма жасқа келген кемтар баламның өміріне б а ғ ы ш т а л ғ а н. Жасының ұлғаюына ілесіп, баламның дерті де үздіксіз қайталана беретін болды. АҚШ-тағы кезімде, ұлым жазған хаттан мен оның тағы да сырқатқа буылғанын, сонда да əкесіне хат жазып өз басындағы ойларды сөзге айналдырғысы келгенін түсіндім. Ол кемтарларға көмек беру орталығына барып тұратын еді, бір жолы ауруы ұстағанда жерге жата қалып жылапты. Ұлым хатында «мен жерге жата кетіп өкірдім!» –деп жазыпты. Ол тағы: «əке менің шамам жетер емес, жиырма жыл қалай өмір сүріп келгенімді білмеймін!» –деп жазыпты. Баламның ауруының бір рет қозғалғаннан кейін, саябыр тарта қалатын кезі болады. Ядролық қатердің астында өмір кешіп жатқан біз Мор мен Г.Оруелдің кейіпкерлерінің айтқан сөздерін — адамзат құрыды! –дегенді жиі еске аламыз. «1984 жыл» деген шығармасында Г.Оруел адамзат өзі жаратқан мəдениетін ақырында өзі күйреткенін баяндайды. Бірақ, ондағы үміткерліктің үні тіпті де əлсіз емес. Бүгінгі біздің халіміз де соған таяу. Менің жағдайым да сол. Ұлым өмірге сырқат болып келгенде, бойымда оянған сезім дəл бүгінге дейін өшкін тартқан емес. Адамзаттың бойында өміршеңдік қуаттың қаулап жатқанын мен сезінем. Мырза, мен: «енді былай істейік» дей алмаймын, себебі мен бір қалам ғана ұстаған жазушымын. Ұзақтан бері еліміздің ядролық соққыға ұшыраған жеріне назар аудару комитетінің іс-қимылына белсене ат салысып келемін. Менің «былай істейміз!» деп өре түрегелмейтінім де содан, біздер үміттің тасада алаулап жанған шырағын көріп қалған жандармыз. Сабырсыз да емеспіз. Тек бастаған жұмысымызды ары қарай үздіксіз жүргізе беруге пейіл жандармыз. Егер, адамзаттың бойындағы үміткерлік шынымен сөніп кетпеген болса, мен біздің ісімізден нəтиже болады деп ойлаймын. 


Аударған – А.Н.           





Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты