Walter Benjamin: Сыншының он үш қағидасы


6f46acd994d3224655e52ecb3d4c1982.jpg (465×688)

1. Сыншы әдебиеттің стратгы.

2. Кімде кім нақты дүниені ұстай алмаса, оның жақ ашпай тыныш отырғаны дұрыс. 

3. Сыншы мен бұған дейін өнер туралы жазатындардың арасында еш байланыс жоқ деп ойлаймын.

4. Сыншы сөзсіз өнерге тән тілмен жазуы керек. Себебі, бұл саланың өзіндік айтары бар. Саланың тілімен айта алсаң ғана сөзің жанады.

5. «Жаңашыл релаистер» (Die Neue Sachlichkeit) өз ұстанымдары үшін бәріне баруы керек. Әрине өздерінде соған тұрарлық бірдеңе болса.

6. Сын деген этикаға саятын шаруа. Егер Гёте немесе Ф. Гёльдерлин, т.б. жасаған талдауы дұрыс бомаса, бұл олардың өресінің жетпегені емес, этикасының шаруасы.

7. Сыншы үшін оның төрешісі өзі сияқты сыншы кәсіптесі. Оқырман да, болашақ ұрпақ та емес. 

8. Кейінгі ұрпақ сені не мақтайды немесе ұмытады. Тек сыншы ғана автормен жұмыс істейді. 

9. Басы артық дау-дамай шығарманы бірнеше ауыз сөзбен жоққа шығарудың жақсы тәсілі. Шығарманы бас қатырып оқымайсың, бірақ, авторды өлтіріп тынасың. 

10. Нағыз сыншылық шығарманы бастап оқығанда өзіңді сабырлы болуға жетектеген сәттен басталады. Жеңіл десең жеңіл, ауыр десең ауыр. 

11. Өрекпіген сезім сыншы үшін басы артық дүние. Сыншының түсінігнде өнер туындысы салқын, суық нәрседен тұрады.  

12. Ұғым тұрғысынан айтсақ, сыншының қызметі: жаңа айталымдарды жарату, бірақ, ескі түсініктерді орнымен пайдалану. Өзіңе тиісті жаңа айтылым идеяны заманға қарай түлететінін айтпай болмайды. 

13. Жұрттың қашанда бір қайнау ішінде болады, олар сыншыға назар аудармай тұра алмайды.  

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты