Fernando Pessoa: Түйсік туралы жарнама

b642c3ac7edecdff5e5eb37afa211170.png (955×473)


Түйсік деген жарыққа шығару. Сонда түйсік деген не өзі?

Түйсік деген ұғымды мүлде қатыстырмай ойлану, түсіну. Себебі, мынау әлем ұғымнан тұрмайды. 

Өз тұрғыңда берік тұру деген сезінбеу дегенді білдіреді.

Біздегі түсініктің барлығы басқалардан келген. 

Идея деген өзіміз ойлап жеттік деген дүниені басқаларға жеткізу. 

Біз ойлай алған дүниені ғана басқаларға жеткізіп бере аламыз. Біздің түйсіне алған дүниені жеткізіп беруіміз екіталай. Біз тек түйсінген элеменіттің нарқын ғана аңғарта аламыз. Біз мықтағанда өзіміз сезіне алған элеменітті басқалардың да сезінуіне мүмкіндік ашамыз. Біз оқырманды толық қанағаттандыра аламаймыз, бірақ, элементті өзіміз сезінгендей сезінуге жол аша аламыз.

Түйсік тарс жабылған есікті ашады, оның тасасында ой тұмшалап тастаған біздің рухымыз тұр.

Тазалық бар болғаны рухтың табалдырығына дейін ғана барады. Түйсіктің кіре берісінің өзінде тұнықтық кідіреді.

Түйсік деген түйсіну. Идея деген қателесудің басталуы. Өзгенің түсінігін терістей алсаң ғана оны түсіне аласың. Өзгенің түйсігін қабылдасаң, оған ең жақын барғаның. Философияда басқаға айналу өте күшті дәріптеледі. Айталық, Жаратушыны әрбір жеке тұлға, деп түсінуге де болады.

Көр, есті, иіске, татып көр, сипа – осының бәрі ұлы Жаратушының саған берген тапсырығы мен сыйы.  Түйсік қасиетті дүние, себебі, ол бізбен ғарыш әлемін жалғап тұр. Ал бізбен сыртқы әлемнің байланысы, ол ұлы Жаратушы. 

Мүмкін, ғажайып сезілер, көзің мен көріп, құлағыңмен естіп, иіскеп, дәмін татып, бояуын сезіп, үніне елтуге болады. Бәрі де мүмкін шаруа және оған шектеме жоқ. Тек соған барсаң ғана болды. 

....

Өзіңді тынымсыз жаңарт. Сен өзіңе әлі көп дүние беруге тиіссің. Сен үшін айтқанда бәрі қашанда белгісіздіктен тұрады. Сен өзіңнің көз алдыңда өзгергеніңді көруге тиіссің. Түйсігің бәріне ашық ұсталған, кез-келген сәтте қабылдап тұратын қасиет болсын. Сен үшін бардың бағасы шексіз, шетсіз ғарыш әлемін түйсіну.

Міне, бұлар түйсікшілдіктің негізгі принциптері. Қарсы мағынада келтірген дәлелдер де соның бір бөлегі.     


Аударған А.Н.   

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты