Elias Canetti: Сағаттың тылсым жүрегі

db456a8a8883b3cd69b81f0ccf49c025.jpg (1200×720)

(Elias  Canetti: “The Secret Heart of the Clock”)

Мен шындық дегеннің не екенін білмейтін сияқтанам. Мен жанымның мұжылып, таусылып бара жатқанын ғана жақсы сезем.

Мен сұлап түскенде, менің шындығым қайда кетеді? Өліммен бірге қатып, тоқтап қала ма? Мен өз шындығымның тағдырына алаңдаймын, рухымның емес. 

Жазған шығармаңда келешек ұрпақ ауызға алатын дүниенің көбірек болғаны маңызды. Бұл сенің айтқаныңнан, айта алмай кеткен дүниеңнің әлдеқайда көп екенін аңғартады. Шығармашылық адамының мұндай үнсіздігі оның әлсіздігімен емес, қайта парасат-пайымының толысуымен қатысты. 

Бір адамды бүкіл өміріңді арнап түсін және оныңды сыр етіп сақта. 

Философтардың шүңет ойларының дені өзіне тән жүйеден тұрады. Жаңалық көбінде тосыннан ашылып жатады. 

Өзіңнің осында, тірі екеніңді сезіну оңай шаруа емес. Ол үшін өзің өмір сүрмеген замандар туралы да көбірек білуің шарт. 

Уақыт өзгерісті сезіне алатындар үшін ғана уақыт. 

Сөз әуенде малтиды. Ал жайшылықта ол серуендеп жүреді. Мен сөздің жүрдектігін, салған соқпағын, кідіріп айналасына қарағанын және жеткен жерін бақылауға құштармын. Мен сөздің еркінен айрылып қалуын қаламаймын. 

Сөз ықшам тартқанда ғана нұр шашады.

Оқыған дүниелерінің орманында сандалмаса, мына дүниеде ақын деген болмас еді.  

Мен шығармамды мифке тән көңілділікпен аяқтата алмайтыныма бола дегбірсізденем. Менің шығарманы көңілділікпен аяқтатқым келеді. 

Адамзат асыл құндылықтарынан айрылып қалды. Оны ұрлап кеткен адамзаттың өзі. 

Ешбір өкпе-назсыз өмір туралы жазғым келеді. Бірақ, бұл мүмкін бе?      

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты