Ludwig. Wittgenstein. Құмыраға кіріп қалған шыбын

0c5327b86d24bdc4b7bec1753eb87c08.jpg (604×482)



Сенің идеяға баға қоюыңа болады. Кейбір идеяның бағасы жоғары, кейбірінікі төмен, дегендей. Адамның идеяға баға қоюға қандай мүмкіндігі бар. Меніңше,  өзіңе деген сенім мен батылдық болса, жетіп жатыр. 


Ақиқатты айта алмайсың. Егер, өзіңді меңгере алмасаң. Біреу ақиқатты айта алмаса, ол ақылсыздығынан емес. 

Ауылы жақын адамдар ғана ақиқатты атай алады. Өміріңнің еркі жоқ, құй батпақта, анда-санда аспанға бір қарап қоюмен ғана күнің өтсе, ондай адам ақиқатқа беттей алмайды. 


Жұрт Сократтың диалогтарын оқығанда мынадай ойда қалатыны анық: уақытты осылай сырап етуге бола ма?! Осында айтылған дүниелердің бәрі дерексіз, дәлелденбейтін дүниелер. Дәйексіз, дәлелсіз бұл айтылымдардың мұндағы мақсаты не? 


Менің түсінігімше, Джон Бакон көреген ойшыл емес. Онда асқақ таным, үлкен қиялшылдық бар-ау деймін. Егер, адам үлкен қиялға ие болса, міндетті түрде асқақ арманмен қаруланады. Ал оны анықтау қажет болғанда қиындықтарға ұрынады. 


Біреулер Артур Шопенгауэрдің ойланымы тым қарадүрсін, деп қарайды. Айталық, оның ойлары шеберлікпен қиысып тұр, бірақ, тез-ақ қиюы қашады. Содан барып қарадүрсіндігі тіпті де анық көзге түседі. Нағыз тереңдік қай кезде басталады? Ол әлгі қирау кезінде жүз береді. 

Артур Шопенгауэр туралы: ол ешқашан өзінің ар-ұжданы туралы айтқан емес.


И.Гётенің іздегені тәннің салтанаты емес, рухының салтанаты екеніне менің сенімім кәміл. 


Зигмунд Фрейдтің идеясы: жанталасқан құлып бұзылып қалған жоқ, тек оны ашатын кілт өзгерді. Ескі кілт құлыпты ашуға жарамсыз болып қалды. Ендігі кілт құлыпты түрлі формада ашуы мүмкін.


Жұртты жақсылық істеуге шақырудың қажеті шамалы. Оларды жағаға жақындатсаң ғана жетіп жатыр. Жақсы ниет, негізі, істер істің аумағынан тыс болады. 


Эстетикалық түйсіктің шығармашылық санамен қатысы жоқ. 


Уақыты келген өнер туындысына сызат түссе, біреулер оның жарығына шөп тығып көлегейлеп жатады. Онысы, мықтағанда ақырында шөптен турған өнер туындысы болып шығады. 


Философия деген не? Ол – құмыраға кіріп қалған шыбынға шығар жолды сілтеу.      

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты