T.S. Eliot. Anabase

aa450c6d7f98100f5c716d67102db371.jpg (736×720)

(The photo was taken from the internet)


(Saint-John Perse-дың «Anabase» поэмасының ағылшын тіліндегі нұсқасына жазылған алғысөз)



Мен «Anabase» тәрізді шығармаға Алғысөз қажет, деп тіпті ойламаймын. Мұндай туындыны ең дұрысы қайта-қайта оқу керек. Алғысөз дегенді ұмытқан жөн. Тағы бір тұрғыдан шығарма өлең болып туған екен, оның сол табиғатын дәлелдейтін дүниенің өзі артық нәрсе болар еді. Содан да мен алғысөзге онша құштар емеспін.

«Anabase» - бұл шығарманың даңқы онсызда жетеді. Ол Францияда және Еуропаның өзге елдерінде жарық көрді. Көптеген тілдерге аударылды. 

«Anabase» деген тақырып Xenophon-ның «Anahais» шығармасын тіке меңзеп тұрған жоқ. Одан қиыр Шығыс Азияның жол картасын да таппайсың. Saint-John Perse  мырза бұл тақырыпты Xenophon-ның  «Anahais» шығармасына ұқсастық жағы барын көрнектілендіру үшін ғана алған. Поэма бір шоғыр образдар шеруінен, Шығыс Азияның шөлейітті байтақ даласындағы ұлы жорықтар, керуендер, арғы замандардағы шығыс халықтары және солар жасаған мәдениет пен өнер, өркениеттің толықсуы мен күйреу барысынан тұрады.

Ағылшын тілді оқырман үшін, біріншісі, поэманы оқып түсінудегі басты қиындық образдар ара байланыс түйінінің заңдылығын игеруде. Оны әдейі түсінуге қиындықтар әкелетін түйіндер, құпия сөздер ретінде қабылдауға жол бермеу керек. Мұндағы өте сұрыпталған образдар негізінен арғы заманның мәдениетіне қатысты дүниелерге бастайды. Оқырман оқығанда оларды аңдаусыз санасының теңізіне тастауы тиіс, оны ақылмен қоспақталған ұғымдар ретінде әр бірінен мағына іздеуден сақ болуы тиіс. Сонда ғана шығармаға жақын баруға болады. 

Образ бен идеяны бұлайша қоспақтау шым-шытырық түсініксіздікке апарып тұрған жоқ. Мұндағы образ да, ұғым да өзіндік логикаға құрылған. Кейде поэзиядан алыс адамдар мұндағы байланыс жүйесін түсіне алмай басы қатып жатады. Тіпті поэзия туралы біршама түсінігі бар оқырманның одан бірден үндестік тауып кетуінің өзі оңай шаруа емес. Өз басым шығарманы алты рет оқыған соң барып бір жіптің ұшын ұстағандай болғаным бар. Бұл шығарма сенің зейін-зердеңді сынға салады, көп нәрсені талап етеді десе, оған көп талас бола қоймас.       

Бұл поэзиялық шығарма. Егер поэзияны ұйқас, ырғақ, тармақ, буын-бунақ, деген ерекшеліктермен түсіндіретін болсақ, бұл шығармаға келгенде сәл қиналып қаламыз. Бұл поэма өзін қатып қалған дүниелермен дәлелдемейді. Белгілі шеке ішінде жоғарыдағы ерекшеліктер шығарманың ішкі заңдылығына сай өмір сүреді. Менің оқырманға айтарым бұл шығарманы оқығанда - Saint-John Perse  мырзаның өзі ескерткендей, шығарманың өз талабы бойынша – прозалық өлең стилімен оқуға тиіспіз...

«Anabase» поэзия. Ондағы тәртіп, орбраздың логикасы прозаға емес, поэзияға тән. Сондықтан, тіпті былайша айтайықшы, онда проза мен поэзияның өзгеше үндестігі бар. Поэмадағы тыныс белгілер, ой-шұңқыры көп бөлектер, үн мен сөйлемдердің болмысы оны прозадан гөрі поэзияға жетелейді. 

Соңында мен екі нәрсені атап өткім келеді. Бірі, авторға байланысты. Енді бірі, поэманың аудармасына қатысты. Автор шығыс Азияға қатысты мәселелерде үлкен беделге ие тұлға. Ұзақ жылдар сол жақта өмір сүрген. Ал аудармаға келсек, мен айтар едім, поэманы аударуда автор көп көмек етті, белгілі мағынадан айтқанда біз толық атсалыстық, оны да шығарманың теңдей аударушысы деп қабылдауға болады. Мұнда мен автордың ағылшын тілін игеру жағынан ана тілінен қалыспайтын деңгейде екенін ескерте кеткім бар.   

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты