Malcolm Cowley: У.Фолкнер және Юкнафата шежіресі (II)

7210f851b334ad7393dca71dfee769c1.jpg (1200×675)


Біз «марканың үлкендігіндей ғана өңір» деген сөздің мəнін рухани деңгейден түсінуге тиіспіз. Кейін оңтүстіктің көптеген жазушылары оны іліп алып, байытып, кемелдендіре түсті. Оңтүстіктің көрнекті ақыны, сыншы Алан Тед біраз жылдан бері ауылшаруашылық реформасы, ел мен жер, тарих, от басымен ауылдың адамдар ара қатынасы туралы көптеген құнды еңбектер жазды. Оның сонда түйіндеген бір көзқарасы:«өңіршілдік кеңістік жақта шектелгенімен, уақыт жағынан шектелмейді». Бұдан байқайтынымыз өңіршілдік жершілдікке қарағанда өміршең құбылыс. Десе де, Алан Тедтың пайымы мен біздің түсінігіміздің арасында парық бар. Оның көзқарасы əдебиет пен адамзаттың түп мəнін игеруде бізді өзгеше деректермен қамдайды. Кейбіреулер түрі мен түсі көп болса, содан екшеп сүбелі əрі жалпылық сипаты бар туынды жаратуға болады деп ойлайды. Бұған Алан Тедтің айтпағы:егер солай істейтін болсаң айналып келіп жершілдікке ұрынбай қоймайсың; бəрін уысыма басып, бəрін қамтимын деген адам ақырында ештемеге ие бола алмай құралақан қалмай қоймайды. Жиып келгенде қандай биікке шырқаймын десең де ол ең əуелі туған жер, ауыл, отбасы мен өзіңе таныс маң, таныс көшеден бастау алады. Сондай көзге көрінетін жанды дүниелер ғана шығармаға сəн беріп, рух сыйлайды, стиль де содан туындайды.

Оңтүстіктің тағы бір əйгілі жазушысы И.Верид туған жерге тамыр тарту мен оның мəнмағынасы туралы көптеген айтулы пайымдаулар жасағанын білеміз. Оның «Прозадағы туған жер тақырыбы» деген шығармасында мынадай сөздер бар:

«Өңір дегеннің нақты нәрсе: аты бар, орны бар, соданда түисікке берер әсері сенімді. Жерге қатысты сезімнің де буырқанысы күшті болады. Тарихтан қарасақ та туып-өскен жер қашанда баурағыштығымен ауызға тола түседі, тарихтың өзі сол сезіммен сабақталып жатады».

Десе де, марканың үлкендігіндей өңірдің құдіретін сезінетіндер тек оңтүстіктен шыққан жазушылар ғана емес. Англия жазушысы Г.Гелдің былай дегені ба:

«Ауылдағы өмір шынайы әрі баурағыштығымен ерекшеленеді, адам бойында ұзақ қалатын да сондай сезім. Онда жасап жатқан адамдардың сөзінің өзі жазуға тұрарлық дүниелермен байланысып жатады. Ал, қалада болса, көршің өзіне өзі қол салып өліп алса да, сен оны көпке дейін білмей жүруің әбден мүмкін».

Ирландияның ұлы ақыны У.Б.Йейтстің: «біз жырлаған жырдың бəрі де ана табиғатпен тығыз астасып жатыр» –деген болатын. Қай елде болмасын туған жерден туындайтын мұндай қасиетті мойындамайтын жазушы меніңше кездесе қоймайды. Бұл қасиетті тек жазушылар ғана ауызға алып отырған жоқ. Шветсария психологы К.Г.Юнг:«жерге тамыр тартқан адам мəңгі жасай алады» –дейді. Оның айтып отырғаны да біз айтып отырған мəселенің бір қыры...

Жиып келгенде айтарымыз У.Фолкнердің «марканың үлкендігіндей» ауылының құдіретін танып жетіп, ондағы ақиқаттың бетін ашқан шағы оның өз шығармашылығының ұшар биігіне қарай қадам басқан шағы болды десек артық айтқан болмаймыз.

У.Фолкнер өзі туып-өскен өлкеден тыс жерде шығармашылықпен айналысқан емес. Ол өнер адамдарымен жолығу, жазушы, сыншылармен жүздесу немесе сол сияқты бас қосуларға қатысуға қызықпаған; Фолкнер одан гөрі ауылдастарымен əңгіме дүкен құруды немесе солармен бірге аңға шығуды артығырақ санаған. Жылдар бойында ол əдеби ортаның түрлі шақыртулары мен ұсыныстарына «мен əдебиетші емеспін, диханмын» –деген сөзбен жауап қайтарып отырған. Фолкнер Голливудқа тек отбасының қамы, ақша табу үшін ғана барған. Ол бүкіл өмірін ауыл адамдарынша өткізіп жəне сол өмірден құдірет тапты немесе оңтүстіктің тағы бір жазушысы К.А.Ботер айтқандай «тамырын тереңге жіберген ағаштай бір орында мəуелеп» өмір кеш.

У.Фолкнер Голливудта жұмыс істеп жүргенде мынадай бір оқиға болған: Голливудтың қожайындарының бірі Фолкнердің кино орталығының тəңертең шығып, кешке түсетін бір қалыпты жұмыс тəртібіне көндіге алмай, ондағы айға-шу мен топырға үйірлесе алмай жүргенін естиді де «Фолкнер жұмысты үйінде істесін» –дейді. Бастықтың бұнысы Фолкнер міндетін кабинетінде емес пəтерінде істей берсін –дегені еді. Бірақ, Фолкнер мұны қате түсінген, буыныптүйініп алып ауылы Окспуртқа тартып отырған. Арада біраз күн өткен соң жұрт оны іздей бастайды, сөйтсе, Фолкнер əлде қашан ауылына — Голливудтан бірнеше мың шақырым жердегі үйіне барып алыпты. Осыдан-ақ Фолкнердің «үй» дегенді отбасы — отбасы тұрған ауылы деп түсінетінін көрумізге болады.

У.Фолкнер ауылдың жері мен елін өзек етіп биік жетістікке жеткен жазушылардың өкілі. Дегенмен оның өмірінің соңында журналистер мен ахпарат құралдарының мазалай беруінен қашып тұрғылықты жерін өзгертуге де мəжбүр болғаны бар. Бір жолы президент Кенеди Ақсарайға өнер қайраткерлерімен қоса Нобель сыйлығын алған жазушыларды кездесуге шақырады. Сол кезде Фолкнер Шарлотдидегі саяжайында тұрып жатқан екен, ол Кенедидың ұсынысынан бас тартады. Оның қайтарған жауап хатында: «тек ас ішіп, аяқ босату үшін ғана Ақсарайға бару дегенің тым ұзақ жол. Мен қартайған адамын, алыс жол басып барып танымайтын адамдармен онда отырғым келмейді» –деп жазылған.

У.Фолкнер міне осындай адам еді, ол осылай тірлік кешті.

Түрліше себептерден «Эмиллді еске түсіретін бір шоқ раушан гүл» У.Фолкнердің ең үздік əңгімесі деп қаралады, солай да, жұрт бұл əңгіменің түпкі идеясына жете бермейді. Көп адамдар оны АҚШ –тың оңтүстік өлкелеріне тəн əдебиеттің үздік туындысы, Фолкнерге тəн қолтаңба бар əңгімелердің ішіндегі бірегейі деп қана біледі. Бұл əңгімеде біз Эмиллдің басындағы жағдайларға ғана назар аударып қоймай, ондағы ел мен жер туралы таным-түйсікке де бір ауық үңілуге тиіспіз. Ал, бұл көптеген оқырмандар мен зерттеушілер назарынан қағыс қалып келген. Əңгіме бастала салғанда өз тақырыбын тайға таңба басқандай етіп мəлімдейді:

«Эмилл Герисон бикеш қайтыс болды да, оны бүкіл ауыл тайлы таяғына дейін шығып, арулап аттандырып салды. Қалай да, бір арыс құлап түскендіктен еркектер жағы құрмет сезімімен тәу етсе, әйелдер жағы таңырқаған таңсықпен үйдің ішін көруге өмешіктері үзілді. Бұл үйге кем дегенде он жылдың ішінде анау бір бағыбан әрі аспаз болып істейтін кәрі малайдан басқа ешбір пенде бас сұқпаған болатын-ды».

  Сəп салған адамға əңгіменің кез келген тұсынан «біз», «біздің қыстақ», «тұтас ауыл»  деген сөздерді кездестіреді. Енді бір сөзбен айтқанда баяндаушы мұнда көлденең көз біреудің тұрғысымен кетеуі кете бастаған отбасы жəне оның ғажайыптау тұрғындары, өлім мен өмір туралы айтып отырған жоқ, керісінше, ол өзіне жақын адамның өмірден өтуімен ойға шөгіп, ұзақ бір əңгімені бастап кеткен: 

«Эмилл бикеш ғұмыр бақи дәстүрдің пірі, киелі борыштардың жоқтаушысы...».

«Тамыздағы сəуле» У.Фолкердің айтулы романдарының бірі. Солай да, ауыл өмірінің қыры мен сырына қанық емес адамдар бұл романды түсіне алмауы мүмкін. К.Буркстың «У.Фолкнер: Юкнафата өңірі» деген мақаласы бүгінге дейінгі Фолкнер шығармашылығына жазылған ең үздік еңбектердің қатарынан табылады. Онда мынадай сөздер бар:

«Адам бойындағы туған жерге қатысты сезім көзге түсе бермейді, бірақ, онда сырлы бір қуаткүш болады. Бұндай құдіретті-күш Фолкнердің көптеген шығармаларының ен-таңбасы сияқты. Ал, оқырман үшін оның орны бөлек.»

К.Буркстың айтпағы мынау сияқты: оқырмандардың көбі өз бойларындағы əлгіндей ауыл сағынышын өшіріп алғандықтан, олардың «Тамыздағы сəуленің» түпкілікті ойын түсініп жетпеуі əбден мүмкін. Романда мынадай көрініс бар:ауылдың кедей қызы юкнафатта өлкесінің шаңы шыққан көшестінде арып-шаршап келе жатады, аяғы ауыр ол бұл сапарға бойындағы нəрестенің əкесін іздеуге шыққан еді. Жалғыз əрі жат жерге кез болған қыз өзіне сұқтана қараған адамдардың ортасына тап болады, себебі, бұндағы жұрт неке қимай тұрып жүкті болып қалған ондай қыздарды кешіре қоймайтын еді, олардың моралдық тұрғысына бұл жат нəрсе болатын. Бірақ, қыз айналасында болып жатқан жағдайды қалыпты құбылыс ретінде қабылдайды, жұрттың өзіне неге бұлай өшіге қарағанына да түсіністік танытады. Қыздың бұл түсінігі айналадағы жұрттың бойындағы басқа бір сезімді оятады. Содан да қоламтадай қызған, шаңы шыққан жолда келе жатқан қызды жұрт жек көрсе де оған ас-су береді, арбасына отырғызып бірдемге дейін ала жүреді, енді береуі түнде жаурап қалмасын деп баспанасына түнетеді. Ауыл əйелдерінің бірі жұмыртқа сатып жинаған азынаулақ ақшасын кішкене шүпірекке  түйіп «жолай істетерсің» деп қыздың қолына ұстатады. Романның өнбойынан басынан қиын-қыстау күндерді өткізіп жатқан қыздың тағдырына көнпістікпен қараған — Жеранаға ұқсаған ерекше бір төзімділік рухы мен ауыл адамдарының дарқандығы өзгеше леп болып есіп тұрады.

«Мүрдені қорғаушылар» романы Фолкнердің басты шығармаларының бірі. Бұл шығарма бізді юкнафатаның алыс түкпіріне, ондағы бір үйлі тобасының сан тараулы тағдырына жетелеп апарады. Бұл күрделі шығарма, содан  да ол туралы əркім əр түрлі айтады. Шығармаға жазушының  ауыл туралы көптеген танымы тамыр тартқан. Романда бір отбасы балалардың анасы Айдиды жерлемекке — оның мүрдесі осы аралықта алыс жолдан бұзыла бастайды — ауылдың сарпалдаң жолында сапарға шығады. Осы сапарда бұл отбасы кездесуге тиісті кедергілердің бəріне де жолығады: өрт шығады; су апаты болады; отбасындағылардың арасында араздық туады т.т. Жолай кездескен ауыл тұрғындары олардың мүрденің қамын ойлағандай көрінетін бұл тірлігіне аянышпен қарайды, бірақ, қолдарынан келген жақсылықтарын істеп, көмек көрсетеді.  «Мұса, жолыңа түс» (1942 жыл) романы — У.Фолкнердің юкнафата шежіресін құраған соңғы шығрмаларының бірі. Бұл роман Фолкнердің шығармашылықтағы ойын тұтастай бір арнаға жиған туынды. Ондағы тақырыптың өзін Фолкнер қалайтын бірден-бір тақырып деуімізге тұрады, ол: тарихи, ел мен жердің шежіресі, отбасы жəне бірте-бірте шегініпқұрып бара жатқан табиғаттың бейнесі, сондайақ адам бойындағы қараниеттіліктің не екені турасындағы өзгеше пайым, сол тығырықтан шығудағы адамның өміршеңдігі - жиып келгенде бір қоғамның жалпы картинасы — бейнеленген. Роман комедиялық ерекшелікке құрылған, бірақ, трагедиялық сарынымен көзге түседі. Роман ғасырлар бойында адамазатпен етене бірге жасасып келе жатқан құла дүзге қош айтып, соған жоқтау күйін шерткендей əсер береді.


Аударған: Гүлнар Ақан

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты