Jorge Luis Borges: Juán Rulfo және «Pedro Páramo»

f6ede6c30becbe18aefa647293b261ea.jpg (1024×1000)


Emily Dickinson кітап шығару шығармашылық адамының тағдырына жазып қойған дүние емес, деп қараған. Juán Rulfo-та да соған жақын түсінік бар. Rulfo кітап оқуды жақсы көрді, жалғыз қалып ойға шомуды, жазып-сызуды, жазған дүниесін үздіксіз өңдеуді тіпті жазғандарын ұнатпай қолжазбаларын жыртып тастап отырған. Содан ол қырық жасқа толар шағында алғашқы кітабы - «The Burning Plain and other Stories» (1953ж.) жарыққа шығарған. Оны да досы қолжазба күйінде жыртылып кетуден құтқарып қалып, баспаға апарып тапсырып, жарыққа шығарған. Ол он тоғыз әңгімеден тұратын жинақ болатын. Әлдебір тылсымдікке де саяды. Бұл әңгімелер мен «Pedro Páramo» кейін жүздеген тілге аударылып, көптеген елдерде жарыққа шықты. Баяндаушының айтуынша ол әкесі Pedro Páramo-ды іздеп бара жатан жолда бейтаныс біреуге жолығып қалады (бұл адам баяндаушының туған бауыры, фамлиясы Páramo атты осы ауылдың тұрғыны). Осы тұстан-ақ оқырман бұл шығарманың тегін емес екенін түсіне бастайды. Бұтарласып кеткен қым-қуыт байланыс дами келе оқырманды мүлдем дерлік баурап, шырмап тастайды. Сыншылардың төбесінен түтін шығып кеткені анық. Тарих, гография, қоғамдық ғылымның біраз салалары, сивол және Флокнер бастаған біраз авторлардың ықпалына ұшыраған шығарманы бүгінге дейін ешкім де дерлік толық шешіп кете алған жоқ. John Keats-тің сөзімен айтқанда кемпірқосақтың аражігі ашылмайтыны белгілі. 

«Pedro Páramo» - испан тілінде жазылған ең таңдаулы шығармалардың біріне жатады. Мүмкін барлық елдер әдебиеттерінің ішіндегі ең таңдаулысының қатарына да табылады.       


Аударған- А.Н.

Juán Rulfo-тың әңгімесі: Пірімнің әйелдері

http://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=4&id=3421

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты