Italo Calvino: Мысық сияқты жұмсақ жүру ойыны (әңгіме)

4045bff81cf08a9bfc7b84abb38e7a15.jpg (800×525)

Бір ауыл болыпты. Онда кез-келген іске заң тұрғысынан шектеу қойылған екен. 

Ауылда тек мысық сияқты аңдып басып, жұмсақ жүруді үйрену ойнына ғана тиым салынбапты. Сондықтан ауыл тұрғындары жиналып үнемі сол ойынды ойнайды екен. Ауылда жарияланған тиым нақты әрі иланымды болғандықтан жұрт ол туралы ренжіп немесе қарсы тұрып жатпайды екен. 

Жылдар өтіпті. Бір күні ауыл басшылары тиым салатын ештеңені таппаған соң, ойланып көріп соған дейін атқарылған барлық тиымның күшін жойғанын жариялапты. 

Биліктің өкілі халық көп жиналатын жерге келіп:

  • Қалайық, тыңдаңыздар, барлық тиым алынып тасталды, - депті. Бірақ, мысық сияқты аңдып басуды үйрену ойнын ойнап жатқан тұрғындар оған қарап та қоймапты. 

  • Естіп тұрсыздар ма, сіздер енді қалағандарыңызды істей аласыздар, боссыздар- депті биліктің өкілі одан ары дауысын көтеріп.

  • Түсіндік! - депті ауыл тұрғындары оған бір қарап қойып, жалғасты өз істерімен бола беріпті. 

Мұны көрген өкілі жұртқа: «Сендер енді боссыңдар, бір кезде айналысқан кәсіптеріңмен қайта айналысуларыңа болады, сендер еркін адамсыңдар...», - деп түсіндіріп әлекке болыпты. Бірақ, жұрт оған қарап та қоймапты. Өздерінің ойнына беріліп, шаршап-шалдыққанына қарамай ойнай беріпті. 

Жұрттың бұл тірлігін көрген биліктің өкілі жағдайды жоғары жаққа мәлімдейді. Биліктегілер: «Не істейміз?», - деп ойланып қалыпты. 

  • Таптым, - депті біреуі содан, - енді, -   мысық сияқты жұмсақ аңдып басу ойнына тиым салу керек. 

Билік ақыры солай істепті. Алайда, бұл жолы ауыл тұрғындары өре тұрып қарсылық көрсетіп, бұйрықты жеткізген биліктің өкілін таптап тастапты. Өздері әлгі мысық сияқты жұмсақ жүруді үйрену ойнын жалғастыра беріпті. 

Аударған – А.Н.


     


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты