P. Muldoon:Алтын балық туралы ой(Thinking Of The Goldfish)

cd3fe88dd626c383bf5d0748f6fbc2aa.jpg (1440×810)


Жіберіп тұрып

Ауадан суға балықты

Ой кештім екі дүние туралы


Ойды ой түртті

Бұлқынғаны таныс

Пәкет ішінде арпалыс


Біздер бір жүректің лүпілі сияқтымыз

Мынау ызғарлы, суық дүниеде 

Оған тигізер еш амалым жоқ


Үйдің төбесінде тұрып

Бойымды қанша созсам да

Төбемнің көкке тимейтіні сияқты


Менің де өз жолым бар

Өзіме ғана тән 


Төбемде шам жарқ еткен сәтте

Жолдың қарсы бетінен

Сені көріп қалғаным сияқты

Аударған - А.Нұрғазы


Paul Muldoon-ның өткен ғасырдың 80-ші, 90-шы жылдардағы еңбегі жұрт назарына көп ілінеді. Себебі, ол шығармалардың тіл қолданудағы ерекшеліктері, айталық, ғылым тіліне жақын, қарапайымдылықтан бастау алатын, бірақ ширақы да шымыр сөз алысы көз тартады. «Why Brownlee Left» жинағына енген ақынның бұған дейін жариялаған ең таңдаулы поэмасы  «Immram» да оның екі сипаттағы ұмтылысы мен мұндалайды. Ian Hamilton құрастырған «Оксфорд XX ғасырдағы ағылшын ақындары жырлайды» кітабында ол туралы «Солтүстік Ирландиялық католоктік дүниетаным мен ағылшындық поэзия дәстүрінің айнымас бірлігі сақталған» деп жазған. Кейін «Quoof», «Meeting the British», «Madoc: A Mystery (1990)», «The Annals of Chile (1994)» және «Hay (1998)» жинақтарында ақын тіл қолданудағы сөз сиқырын баяндаумен шебер ұштастырған, дәстүр мен жаңалықты шендестірген шеберлігін одан арман дамытты. «7 Middagh Street»  поэмасы оның ағылшын тарихы мен өз қиялын ұштастырған шығарма. Онда  У.Х. Оден, С.Дали, Д.Роуз Ли, Карсон МакКаллерс, т.б. өнер мен әдебиеттегі бірқатар тұлғалардың монологі бар. Олардың дені Ирландияның сол кезеңдегі саяси жағдайына қарата ұшқыр ойларымен ерекшеленеді. Тарих пен саясатты шендестіру, жаңалық іздеу мен дәстүрді дамыту, жеке тұлғаға тән дүниелермен көпшілікке қатысты ойды аралас беру осы кезеңдегі P.Muldoon өлеңдерінің басты ерекшелігі деумізге болады... Дегенмен, P.Muldoon-ға сын айтатындар да бар. Adam Kirsch «The New Republic» басылымында жарық көрген мақаласында «егер ақынның жазғаны толықтай өнерді қаузап кетсе, өзі тапқан қиындықтарда маталып қалса, оны табысқа жеткен ақын дей алмаймыз» деп жазды.


Ақын туралы сілтеме: https://www.poetryfoundation.org/poets/paul-muldoon

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты