Simon Armitage: Қараша айы (November)

09c5f12d717d5004ff6cbe54d6362c8a.jpeg (970×646)


Біздер ретсіз тұрған көліктердің арасынан жол тауып

Сенің әжеңді емханаға алып барамыз.

Біз екі-ақ аттаған жерді

Ол кісі бірнеше аттайды.

Біз сенің әжеңді соңғы рет алып бара жатқанымызды 

Жақсы білетін сияқтымыз.

Сен әжеңнің бет орамалын, сабынын реттедің

Тырнақтарын алып, әдиялмен қол-аяғын қымтап жаптың Жордан

Ал әжең, дәретін де ұстай алмай жатыр.


Бәрі басталып кетті Жордан:

Кешегі жағымды жымиыс жоқ, келісті келбет те

Жабылып кеткен қатира сияқты

Бар сырын, сымбатын жасырып, әлдебір жұмбаққа айналып кеткендей әжең


Сен бәрін сезіп келесің Жордан

Көліктің клтін маған ұстата бердің

Біздер көңілсіз көшелерді қиып өтіп барамыз 

  Және көріксіз афто тұрақтар

Үйге жетсек, бір ішудің барын білемін Жордан


Бөлме іші сондай көңілсіз, күңгіріт

Терезенің пердесін сырығанымда 

Кеш шапағы үйріле бастапты

Екеуміздің қабағымызда жалт еткен

Үміт пен күдік сияқты


Кейде өмір бір үзік сәуле, Жордан

Төбеңде күн тұрғанда 

Шуақ пен жылудың қадіріне кім жеткен  

  Аударған – Ардақ Нұрғазы


«Simon Armitage шығармалары қарапайымдылығымен ерекше есте қалады, бұл біздің ойымызға жылатып тұрып күлдіретіндей әсер беретін  Ted HughesW.H. Auden және Philip Larkin өлеңдерін есімізге салады. Айталық, сыншы PoetreeArchive: «Armitage өзі жасап жатқан дүниені өзгеше түйсікпен түйсінеді, оны мен Wordsworth’s-тан келе жатқан «жігіттердің арасында айтылар сөздің» осы замандағы көрінісі дер едім», - деп жазған».

Ақын туралы сілтеме: https://www.poetryfoundation.org/poets/simon-armitage 


«Өткен отыз жыл бойында ол (Simon Armitage) өлең өлкесінің еркесі атанып келеді. Алайда, ол өзін қашанда жүйенің сыртында жүрген адам ретінде бағалайды. «Лондоннан алыстамын», - деп жазды ол 2014 жылы бір хатында: «мен солтүстікте өмір сүріп жатырмын, маған сол ара ұнайды».  «Поэзияда сен қашанда әлденеге арқа сүйейсің. Ол сенің тұғырың. ...Нағыз ақын болу мен атақты ақын болу екі басқа дүние», - дейді ол.  

Ақын туралы сілтеме: https://www.theguardian.com/books/2019/jun/07/simon-armitage-poet-laureate-ted-hughes-came-from-the-next-valley

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты