Хан Донг (Han Dong): Қара нәсілді мен жолбарыс (黑人和老虎)

ee07722fc3e34c1a159cc707f01a6d53.jpg (690×457)


Шырақ түбінде бірде бір шіркей жоқ

Ақ қағаз, із түспеген қарлы дала сияқты

Онда сенде, мен де ұшыраспаймыз


Жаңбыр жауынды маусымда, жолбарысқа ұқсайды

Аңдардың ішіндегі, немесе көлеңкеде отырған қара нәсілді тәрізді


Бірақ, маған бәрібір түсінікті – 

Көбелек қауызынан шықты

Ұлы шығарма әйтеуір бір аяқталады

Сұрапыл жауынның соңғы дүлей жұтқа айналды

Әсілі қара нәсілді мен жолбарыс теңеу, айталық, сені мен мен сияқты


Аударған Ардақ Нұрғазы


«Лу Шун (Liu Chun): Хан Доңның «Қара нәсілді мен жолбарыс» атты осы өлеңі мені өзіне  ерекше баурайды. Он жылдан артық уақытан бері мен оның нені жеткізбек болғаны туралы ойланумен келемін. Бірнеше жылдың адында осы өлең туралы арнайы мақала да жаздым. Сонда «өлеңнің өн бойынан өзгеше бір тылсым сарын еседі. Сол сарын өлеңді жебеп, желпінтіп, айтам деген ішкі ойын бір орында тұрғызбайды» деп жазған едім... 

Өлең толық күйінде ақынның ішкі менінің тұрақсыз, тұрлаусыз, тартыншақ күйден біртіндеп ашық, аңғарымды, белсенді ұстанымға ауысқан болмысының көрінісін береді. Бұл ақынның өлең өлкесіндегі бүгінге дейін шиырлаған ізінің де бір көрінісі деп қабылдауымызға да әбден болады...»  

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты