Seamus Heaney: Нөмірі сегізінші алау (Lightenings viii)

23a87b50db15ed59ad69e8cf3970e344.jpeg (970×646)


Баяғы аңыздардың бірінде: 
Клонмостоның сопылары 
Шіркеуде мінажәт етіп отырғанда, 
Бір кеме төбелеріне қалықтап келген, деседі. 

Кеменің тереңге тартып, сүйретілген зәкірі 
Шірекудің мұнарасына оралып, 
Кеме қатты шайқалғанда, орнында байланып тұрып қалған. 

Теңізшілердің бірі ягорды бойлап төмен түсіп, 
Бар күшімен, жіпті шығарып алмақ болып жанталасады. 
Дегенмен, пәрмені жетпей дымы құриды. 

«Мына пенденің біздің өмірге үйлесе алар түрі жоқ, 
Ол тұншығып өледі!», - деген дін басы сонда 
–Егер, біз оны құтқармасақ!» 

Сопылар иықтарымен бірін-бірі көтеріп, 
Байланған зәкірді шешті. 
Суға сүңгіген теңізші кемесіне көтеріліп, 
Өзінің бір реткі қатерлі сапарын осылай аяқтады.


Аударған – Ардақ Нұрғазы


Солтүстік Ирландиялық ретінде Heaney шығармаларында «қақтығысты тығырық» туралы ой қортады. Ол жастайынан саяси теке-тірестің не екенін көзімен көрді. Ақын қиялын кеңге салып тарихты таразыға тартып, адамзаттың бір ғұмырын бағамдайтын кітап жазғысы келген сыңайлы. Оның «Wintering Out (1973)» және «North (1975)» жыр жинақтары осы ұстанымның көрінісі. Бұл кезең дәл Солтүстік Ирландия мәселесі ушығып тұрған тұс болатын. Біраз сыншылар ақынды осы кезеңде саяси теке-тіреске қолдау көрсетті және сондай бір мифпен айналысып кетті деп сөккені бар. Алайда сыншы Morrison бұл мәселеге басқаша көзқараста. Оның түсінігінше  Heaney саяси жаңжалды жалаң, жадағай түсіндіруші емес. Ақынның қай бір жаққа жоқшы болу ойы да жоқ. 

 Morrison бұған дәлел ретінде ақын «өзі білетін, таныс жандар туралы жазды және соларға жоқтау арнады. Ол болып жатқан жаңжалға үлкен маштапта қарады. Жұрт назарында тұрған оны саяси ортаға тартқандар болған. Бірақ, ақын ондай рол ойнаудан үзілді-кесілді бас тартты. Ақын өзіне тән даралығын, тәуелсіздігін сақтап қалды. Өлеңнің де тарих толқынында өзіне тиісті орны барын дәлелдеп берді» деп жазды.  


Ақын туралы сітлеме: https://www.poetryfoundation.org/poets/seamus-heaney

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты