Tomas Transtromer: Гоголь (Gogol)

95f918140a2cd4c54eaf3065a7fb682e.jpg (840×582)

Тозған плашы шапқан үйірлі қасқыр секілді. 
Бет әлпеті жақпар тас.
Мұжылып хат үйіндісінің ортасында отыр, 
Жек көру мен тығырықтан ормандай долданады.  
Суық сорған көңіл иен коридорда қалықтаған қағаздай, қалтырайды. 

Мінеки бұл өлкеге де батар күн қызыл түлкі сіпетті сылаң етіп жетіп келді. 
Соңғы арай шөп басында ұрлана сығалайды.  
Ауада мүйіз бен тұяқтан жаңғырық, пауеске 
Әке шамын жаққан ауладан ағып өткен көлеңке сияқты.


Петр Бор мен өлім бір бойлықта жатыр. 
(Жантайған мұнарада тұрған сұлуды көріппе едіңіз?) 
Аяз сорған үйлер мұздан тұрған сарай сияқты. 
Пылашты қаңғыбасты кім кеудесінен итермеді дейсің.  


Кеше ғана осында бір қора малдар ауыз бекіткен оны тәлкекке айналдырды. 
Бүгін олардың бірі де қалмастан тозаң болып ұшып кетті. 
Стол діріл қағады. 
Сыртқа көз тастасаң, қараңғылық 

Рухтың құс жолын қалай құрсаулағанына анық куә боласың. 
Бұл маңнан от оранған арбаңа мініп біржола ғайып болып кеткің келеді!


Аударған – Ардақ Нұрғазы


Transtromer-дың поэзиясын реализм, экспрессионизм мен сюрреализмнің біртұтастығына құрылған, даралық пен жалғыздықтың элементтерімен суралыған өнер туындысы деуге болады. Ақын әрі сыншы Katie Peterson: «Ол өзіне ғана тән лрикалық поэзияның ерекше мәнерін тапқан ақын. Көбіне дара шумақты, табиғи өркен жаятын, керемет икемді, өміршең, тақырыбы белсенді факторларға, өзің туралы (болмыс туралы дейікші) толғанысқа құрылған», - деген болатын. Tom Sleigh:«Transtromer-дың поэзиясы шыңырау теңіздің иірімі жатқан кеңістік тәрізді. Оның әрбір өлеңі сол шыңырауға шелек тастағаныңда, толып шыққан таза да тұнық су сияқты», - дейді. 

Ақын туралы сілтеме: https://www.poetryfoundation.org/poets/tomas-transtromer 


Tomas Transtr Mer-дың поэзиясы серпін мен әуеннің бірыңғай үндестігінен тұрады немесе оны әуеннің ұйқасқа сіңіуі, содан туындаған драмалық тартыс деуге де болады. Tomas Transtr Mer-дың өлеңдерін түсіну үшін алдымен оның әуенін, музыкалығын қабылдауың керек. 

Ақын туралы сілтеме:  https://jazzdagama.com/booksmiscellany/the-poetics-and-music-of-tomas-transtromer/

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты