W.Stevens: Қар адамы (The Snow Man)

dce277f14fcb20d200b82a7c24328379.jpg (475×533)


Қысқа тән түйсігің болын,

Қарағайдың бүршігін құрсаған,

Қардың нәзік салмағын сонда ғана сезінесің.


Шылыңтыр аяз, 

Ақ сүңгі, қызыл қарағайдың бұтағы 

Қаңтардағы күннің шуағында жылтырайды.


Қайсар қарағай, ойыңа алма

Еш бір қасіреттің жұрнағын да, немесе аяздың сорғаны

Қылтан жапырақтардың үні.


Бұл не, қар дауыс сала ма

Жел әнге басып,

Жалғыздықтан сыр шашып.


Желдің үнін естігің келсе, қарлы далаға бар

Адам мен тәбиғат, тұтасып кеткен бір түйсік

Бар және жоқ дүние, жоқта да дүние бар  


Аударған – Ардақ Нұрғазы


Stevens «Notes Toward a Supreme Fiction» еңбегінде поэзия мен ақынның болмысы туралы түсінік берген. Бірақ, ол мұны сөзсіз солай болатын дүние, деп қарастырмайды. Ол бұл еңбегін жалпы шығармашылық өмірінің жинақы бір белесі ретінде бағалаған. Henry Church-тың атына арналған жинақты ақын сұрыпталған философиялық таркат ретінде де атамайды. Қайта, осы тақылетті жазбалардың поэзиялық көрінісі ретінде қарастырады. Еңбектің мән-мағынасы оның атында, деген ойда. Ол поэзияның қиялға тән екенін, қиялдау тұрғысынан ең билік өнер екенін алға тартады. «Поэзияның түп негізі өзгеріске иек артатынында, оның тасасында үміткерлік тұр», - деп қарайды ол.  

Ақын туралы сілтеме:  https://www.poetryfoundation.org/poets/wallace-stevens

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты