Ardakh Nurgaz. Біртұлға (Invisible)

533c1baab54ee7024fc5daab2f7b0ba3.jpg (1500×1000)

Сол бір сәтте,

Алақанымдағы жазулар туралы ойлана бастаймын,

Саусақтарымды жұмам және ашамын,

Не бар, не жоқ, деп қараймын үңіліп.


Бар екеніне сенемін,

Ең соңғы сенімім қол бұлғар, алыстап кесте де.

Азып-тозып, кір-қожалақ болып кеткен терезеден

Ішке немесе сыртқа үңілген жан сияқты,

Үңілем.


Біз бір тұлғамыз.

Тереңге батып бара жатқан кемесінен көз жазбай

Батып бара жатқан,

Теңіз бен теңізші сияқты.  

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты