Paul Valery. Бал шарап төгіп-ақ салдым мен

38f595bcf0b2271fa8a2118d0349fa6c.jpg (1048×779)


Бір күндер теңізге телегей

(Дәл қай түс, онда жоқ әңгімем)

Көлең ой

Сый – тарту дегізбей

Бал шарап төгіп-ақ салдым мен.

Хош иіс билеген өлкемді

Елті арбау ...

Көрінді өңімнен.

Бәлкім жан күйінді,

Өртенді

Қаным деп жүректен төгілген.

Зау қиым лағыл түс телегей,

Үлбірек тұманға оранды.

Тылсымат бір зәру күй себелеп,

Тумысы теңіздің оянды ...

Сонан соң толқындар шұбырды,

Бірінен – бірі дәу

Айбатты,

Үнмен бір гүрілді, шуылды

Әз тәнін ғарышқа, айға атты.


Аударған Серік ҚАУЫМБАЙҰЛЫ.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты