Theodor Adorno: Бетховеннің соңғы сарыны

044e1667005a5c4b5f6ff62a716f1bb0.jpg (900×930)

Соңғы сарынға тән қасиеті бар шығармалардың авторы көбінде өзін жетістік пен табыс тұрғысынан қарастырмайды. Оларды иектеген көздеген, толық ойластырылған мақсаттың орындалғаны емес, қайта белгісіз болашаққа көзсіз ұмтылу, тіпті сол жолда өзін біржола құрдымға құлау күтіп тұрса да бет алған бағыттан таймауға барып саяды. Ащты-тұщтысын тең татып, тәттісіне қанып барып тынбаса, оларды жай қуаныш пен ләззат деген тоқтата алмайды. Оларда классикалық өнердің басты талабы - «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін» сыпайы эстетикалық талғам деген болмайды.  Олар қайбіреулер айтатын тарихтың барысын емес, тарих деген дүниенің өзін жаратады. Жалпақ тілмен айтқанда олардың жаратқан дүниесі көбейтіп-копиялай салуға болатын тауар емес, қайта жеке тұлғаға тән «қайталанбайтын мінез». Ондай шығарманың өнбойынан сен тұлғаға тән ерекшелікті, қасіретке ұрынған тәннің ауырсына ыңырсуын, бостандық үшін бәріне баратын менмендікті кезіктіресің. Соңғы сарында белгілі мағынадан айтқанда өнердің біз білетін, танып-жеткен шек-шегарасынан да арыда жатқан дүниелерге бастайтын қасиет бар. Бұл тұрғыдан келгенде Бетховенді ғұмырнамасымен, тағдырымен байланысты зерттеу жеткілікті емес. Айталық, теорияның көбі өлім алдындағы адамды шынайы болмысынан айырып, идеалдастырып жіберетіні бар.      

Аударған А.Н

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты