Orhan Pamuk. Прозаның қазығы

7167f8d6718d6372843bee98b701c618.jpg (650×500)


Прозаның өзегі өмірде кездесетін белгілі бір түйіндерге қатысты терең таным мен аңғаруды көрсетуге барып саяды. Ол кейде нақты болуы, кейде ойдан туындаған болуы мүмкін. Проза әне осы түйінді айналсоқтай отырып тасадағы мән мен мағынаның тереңіне бойлайды, белгілі тұрғыдан алғанда оқырма да сол бағытқа тураланады.

Айталық, Борхес бір жазбасында H.Melville-дың «Ақ киіт» романының түп қазығы - қайнар көзі туралы жазады. «Әуелі оқырман бұл роман теңізшілердің жапалы өмірі туралы шығарма болса керек, деп ойлайды. «Ақ киіттің» алғашқы тараулары оқырманға қоғамдық сипаттағы сыни пікірлерге жақын әсер қалдырады, тіпті, очерк сияқты сезілуі де мүмкін. Онда киіт аулауға байланысты өте анық сауаттық білімдер мен деректер бар». «Алайда, дейді Борхес: біз романның түп қазығы кеме капитанының ақ киітті аулауға, өлтіруге деген желікпе желігі екенін түсінуге тиіспіз». Негізінде романның орта тұсындағы біраз тараулары психологиялық прозаның үлгісінде жазылған. Онда өзіне деген сенімі асып-тасып тұрған, ашудан қаны басына шапшыған жанның бар болмысын өте керемет жеткізеді. Сөз соңында Борхес бізге шығарманың тақырыбы туралы естен кетпейтіндей бір ой айтады: «оқиға осылайша кітаптың бет санымен өсіп, өніп дамиды да соңында үлкен оңай ұстай алмайтын ұғымдарға айналып кетеді» дейді. 

Прозада баяндалған оқиға мен шығарманың түп қазығы арасындағы байланыстың ерекшелігі туындының тартымдылығы мен тереңдігін белгілейді. «Ақ киіт» романы, әне сондай шығарма, одан біз әлгі қазықтың бар екенін сезіне аламыз, соны сезіну барысында оны іздейміз, іздеу барысында шығарманың қызығына батамыз. Мұнда ерекше ескеретін түйін романның өзіне тән болмысы мен кейіпкер харектeрінің күрделігігі үлкен рөл ойнайды. Одан қалды шығармашылықта жазушы – ол тіпті ысылған, ең нәзік тұсқа дейін мән беретін тәжірибелі шығармашылық иесі болса да – жазу барысында бәрібір өз жұмысын үздіксіз сұрыптап, баптап отыруы тиіс, дегенді білдіреді.

I.Calvino 1970 жылы жазған тартыс тудырарлық мақаласында – ол кезде жазушы екі роман жазып тастаған болатын – проза туралы оқшау ой айтқан. «Ғажайып новелла» деп аталған мақалада жазушы шығармашылықта орын алып отырған түрлі мәселелерге тоқтала келіп былай дейді: проза қалай өріс алсын, сен оны қалай жазсаң да, бәрібір жазғаның қағаздың бетінен шығып кетпейтін болсын (немесе қағаздағы дүниеден) дейді. «Оқырман сенің оқу үшін жазып отырғаныңды және оны нақты оқу барысында сезінуі тиіс», дегенге саятын ой айтады. Басқаша айтқанда проза өзіне тиісті жалпы барысты игеруі керек, ол соны өз деңгейінде орындай алғанда жеке дара дүниелер елеусізденеді де, оқырман шығарманың орманына сүңгіп кетеді» деген ойды меңзейді.      

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты