J.L.Borges. Кафкадан бұрын…

00ca6315e8c5d8c5ba1b0a771353f959.jpg (1182×545)


Кафканың аға бұндары туралы жазуды көптен ойға алып жүр едім. Әу баста мен Кафка әдебиет әлемінде бұрын соңды кезікпеген, даралық, деп ойлаған едім. Оның шығармаларын оқи келе, мен ұқсамаған елдердің, ұқсамаған дәуірдің әдебиетінен оның үнін кездестірдім немесе Кафканың «үнін» байқадым. Төменде соларға тоқталайын.

Бірінші келтіретін мысалымыз, Зероның қозғалысты терстеу теориясы. Белгілі бір А нүктеде қозғалған зат (Аристотельдің айтуы бойынша) B нүктеге бара алмайды, себебі, ол зат ең әуелі осы екі аралықтың жартысын басып өтуі керек, ал ол жартыны басып өту үшін жартының жарты жолын басуға тиіс болады, егер осылай қайталана беретін болса, шексіз жарты қозғалмайтын А нүктенің өзі болып шықпай ма? Осында қойылған сұрақ «Қамалда» қайталанады, сонданда, біздер қозғалыстағы зат, ұшқан жебенің қозғалмауы, Аркалос ең алғашқы Кафканың кейпкерлері деуге болады. Кітап ақтарып отырып мен екінші мысалды да көп ұзамай тауып алдым. Мұндағы ұқсастық формада емес, қайта, мазмұнда. Мергуер құрастырған «Қытай әдебиетінен таңдамалылар» (1948) жинағында жыл санауымыздың тоғызыншы ғасырында жасаған Хан Иүйдің бір тәмсілі келтірілген. Ғажайыптау шығарма былай дейді: аспан астында жасап жатқандардың бәрі сыңар мүйізді мақлұқты киелі санайды; өйткені өлең-жырда, жылнамаларда, атақты адамдардың естеліктерінде және басқа да кітаптарда осылай делінген. Сыңар мүйіз мақлұқтың киелі екенін тіпті ауылдағы бала-шаға, от басындағы әйелдерде дейін біледі. Алайда сыңар мүйіз мақлұқ деген осы жануар үй хайуанына жатпайды, оны табу да қиын, кезіктір де алмайсың. Ол ат пен сиырдың, қасқыр мен бұғының ешқайсысына ұқсамайды. Содан да біздер алдымызда сыңар мүйізді мақлұқ тұрса да, оны таный алмаймыз. Біз жалы бар жануарды ат дейміз, мүйізі бар жануарды сиыр дейміз, алайда сыңар мүйізді мақұлықтың қандай екенін білмейміз. 

Үшінші мысал тез табылды: ол — Голденгордың шығармасы. Ф.Кафка мен осы жазушының тығыз байланысы бар екені жұртқа белгілі. Менің білуімше, Кафка сияқты Голденгорде осы заманның буржуазиясы тақырыбында діни түс алатын көптеген тәмсілдер жазған. Ролер жазған «Голденгор туралы» (Оксфорд университеті, 1937) деген кітапта екі үзінді келтірілген: біріншісінде, жалған ақша жасайтын біреудің бақылау астында тұрып Англия банкінің ақшасын тексеретіні айтылған. Жаратушы Голденгорды ұнатпайды, солайда оған міндет жүктейді, бұл міндет оны жамандыққа үйір етеді. Екіншісінде, солтүстік полюске сапар ісі баяндалады. Норвегияның дін басылары солтүстік полюске саяхаттап бару рухтың дерттенбеуіне пайдалы деп жариялайды. Бірақ олар солтүстік полиске барудың машақатты жұмыс екенін, тіпті мүмкін емес екенін де, ол екінің бірінің қолынан келе бермейтінін алға тартады. Ақырында олар әйтеуі саяхатқа шықсаң ғана болды, тұрақты қатынап тұратын көлікпен теңізден өтіп Лондонға барып келсең, немесе арбаға отырып қаланы айналып шықса де әділ солтүстік полюсқа барғандай қабылдана береді, дейді. 

Төртінші мысалды Э.В.Броуниннің 1867 жариялаған «Наркүмән» поэмасынан кезіктірдік. Біреудің беделді досы бар, немесе ол өзінде осындай досым бар, деп есептейді, алайда бұл досымен ол кезігіп көрмеген, одан көмек те алмаған, тек естуге қарағанда ол адам аса беделді әрі әдепті адам. Жұрт ол жаған хатты айнала оқып шығады, сол тұста біреу әлгі хатқа күмән келтіреді, қолтаңба анықтаушы сол мезетте әлгі жазудың қолдан жасалғанын анықтайды. Әлгі адам жырдың соңында: «сонда бұл досым жаратушы болғаны ма?» –дейді. 

Менің білуімше тағы екі ертек бар. Оның бірі Лион Бронуонның «Көңілсіз әңгімелерінде» айтылған. Онда бірнеше адам жер шарының моделін, карта, поэздің уақыт кестесін көп жинайды, бірақ, өмір бойы өздері тұрған қаладан аттап шықбайды. Енді бір ертек Дерсана мырза жазған «Каркерсон» атты әңгіме жинақта кезігеді. Зәулім қамалдан қуатты бір армия жорыққа шығады, ол алдынан кездескен жаудың бәрін тас-талқан етеді, көптеген елдерді басып алады, тау асып, тас басады, ақырында Каркерсонды ұзақтан ұшыратады, бірақ, оған жете алмайды (бұл ертек алдынғы ертектің дәл керісі екені көрініп тұр. Алдынғысында қаладан аттап шықпайды; соңғысында қалаға мәңгі жете алмайды.)

Меніңше жоғарыда келтірген ұсақ-түйек мысалдардың бәрі де Кафкамен үндеседі; енді бір тұрғыдан айтсақ олардың арасындағы парық та зор. Соңғы түйін өте маңызды. Егер Ф.Кафка жазбаған болса, біздер жоғарыдағылардың азды-көпті ұқсастығын бұлайша парықтап, терең үңіліп кетпес еді, тіпті олардан ортақтық таба қоймас едік. Олар жоқ нәрседей қала берер еді. Э.В.Броуниннің ханымның «Наркүмән» поэмасы Ф.Кафка шығармаларын болжады, десе де біз Ф.Кафка шығармаларын оқығанда жоғарыдағы поэмадан мүлде басқаша сезімге бой ұра береміз, енді бір сөзбен айтқанда Э.В.Броуниннің ханымның шығармасын басқаша түсіне бастадық. Әдебиет сынының лексикасында «аға буын» деген сөз көп кездеседі, алайда оған қашанда абай болған жөн. Әсілінде қаламгерлер аға буынын өзі жаратады. Т.С.Элиоттың «өнер туындысы өткенді де, болашақты да өзгертеді» – дейтіні де сондықтан. Мұндай байланыста адамның даралығы немесе көп жақтылығы онша маңызды болмай қалады. «Шағын әсерлерді» жазған Ф.Кафканың кейінгі мифтің тұнжыраған орманы мен сандырақ түзімді жазған Кафка мен парқы да осында.  


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты