Kertész Imre.“Біз — мифсіз дүниеде жасап жатырмыз, бірақ, Освицин — Миф”

 b89e78fc0fdfc298d7858094665d1d1e.jpg (640×480)

Kertész Imre (Кертесз Имре1929 — ) Венгрия жазушысы, 2002 жылғы Нобель əдебиет сыйлығының иегері. «Тағдырдан тысқары қалу»,  «Тас-талқан болу», «Өмірге келмеген сəбиге  айтылған тілек», тағы басқа романдардың авторы. Төменде оқырман қауымның назарына Имренің  неміс жазушысымен өткізген сұхбатын жəне 1992  жылы жарық көрген «Азапты күндерден естелік» шығармасынан үзінді ұсынып отырмыз.

— Кертесез мырза, сіздің Германияда жарық көрген кітаптарыңыздың дені XX ғасырдың елеулі оқиғасы — айтылмыс “ақырғы қортындысын  шығару” мəселесіне соғады, бұл тақырыптың өзегінде Освицин жаза алгері  тұр. Мен сіздің «Азапты күндердің естелігі» кітабыңыздан: “мен — Освициннен  өлмей тірі қалған рухтың өзімін, Освицин менің жан дүниемнің түкпірінен  қашанда азынап ұлып тұрады” деген сөздеріңізді оқыдым. Бірақ, сіз «Тағдырдан  тысқары қалу» романыңызда, өзіңіздің Освицин жаза лагерінде тек үш күн ғана  болғаныңызды айтасыз, енді бір сөзбен айтқанда ол ортаға сіз “қонақ қана”  болыпсыз, өзіңіз айтқандай тозақтың төрінен бір-ақ шықпапсыз ғой...

К.Р.Имре: — 1944 жылы менің Освицинде болмағаным шындық, ол кезде  мені Германия шекарасы ішіндегі жаза лагеріне жөткеген болатын. «Тағдырдан  тысқары қалу» романымда мен жаза лагеріне апарылған алғашқы күндерімнің  менің санамда өшпестей орын алғанын жазған болатынмын. Кейін туылған істер  Достоевскийдің «Өлі бөлмедегі естелік» шығармасының ауанына қатты ұқсайды.

Өмірде алғашқы сəттің əсері бөлекше болатыны белгілі, қамаққанаға түс, жаза  лагеріне қамал, бəрінде де алғашқы күндер көкейіңнен екі елі кетпейді. Мен үшін  сол алғашқы үш күн “жаза лагері” дегеннің не екенімен бетпе-бет келген күндер болды. Немістердің қырғын жасауға сайлаған Жаза лагерлерінің ішінде мен тұрған Освицин-2 лагерінің өзіндік орны бар. Сонда өткен үш күнде мен жаза лагерінің бар сұмдығымен таныстым. Рас, мен “тозақтың төрінен бір-ақ шыққаным” жоқ, онда жеткендердің бірде бірі аман қалмады, ал, аман қалғандары үрейлі түс көргендей, өмір бойы есін жия алмай кетті.

 — Ол сұмдықты еске түсіруге əдебиеттің де септігі тимеді ме?

 К.Р.Имре:— Мен Клаус Ланцман түсірген «Тұқымын тұздай құрту» (11 жы уақыт жұмсалып, 1985 жылы түсіріліп болған, 9 сағаттық телефильм — нақты адамдар мен тарихи құжаттарға баса назар аударуымен ерекшеленген) деректі фильмінің қолжазбасын оқып шықтым. Онда Жаза лагерінде “белсенді болған”, “тозақтың төрінде” “жұмыс” істеген бір адамның айтқандары бар. Соның айтқандарын оқып отырып сен болған сұмдықты тіпті көзімен көрген адамдардың өзі ол істерді өз деңгейінде жеткізіп айтып бере алмайтынын; мықтағанда орташа ғана əсермен баяндап беретінін аңғара аласың. Жаза лагері туралы қалам тербеген жазушылардың қай-қайсысы да мəселенің осы жағына соқпай өткені жоқ.

 Жазушылардың дені сұмдықты жазбай қалады, себебі оны жеріне жеткізіп жазу мүмкін емес, оның көркем туындыға пайдасы да шамалы. Жазушы ретінде біз қаламды қолға алып жазуға отырғанда, тіл мен өнердің өзіндік шектемесіне ұшыраймыз. Жазушы қалай ұмтылғанымен бəрібір оның нені жазып, нені қалдыратынын қаламынан төгілген сөздер белгілейді. Ой сөзге айналғанда көптеген сындардан, өнердің тезінен өтеді. “Тозақтың төрі” дегенді бір ауыз сөзбен айтасалуға болады, оны сызып та шыға аласың. Бірақ, оны сөзбен байыпты жеткізіп беру дегенің қиынның қиыны.

 — Неміс мəдениеті Освицинді миф ретінде қабылдауы керек деп ойлайсыз ба?

 К.Р.Имре: — Біздің бүгінгі өмірімізде миф қалған жоқ, он неше жылдың алдында бұл тақырыпта үлкен айтыс-тартыс өткен болатын. Еуропа XIX ғасырдың соңына дейін христиан дінінің мифы астында өмір сүріп келді де, соңынан одан да көз жазып қалды. Арыдағы құдайлар дəуірін тіпті ауызға алмай-ақ қоялық. Бүгінгі адамдар өмірдің мəнін мифтерден іздемейді.

 Бірақ, мəдениеттік емес басқа тұрғыдан келсек, біздің бүгінгі дəуір өзіне тəн мифін жаратты: ол — Освицин. Освицин — бар болмысымен, тарихи мəнімен, құрлымы, құрлысымен бүгінгі адамзат санасына дабыл қағып тұр. Мен “Освицин мифі” қамтыған тарихи мазмұндар мен ескертулерді əсте кездейсоқтық деп қарамаймын. Арада 50 жыл өтіп кетті, бірақ Освицин құбылысы санамыздан тарқаған жоқ, қайта мəдениетіміз бен тарихымыздағы орыны барған сайын салмақ тартып барады. Жаңа ұрпақ Освицинді қасірет таңбасы ретінде қабылдауда, тек Германияда ғана емес Еуропада тіпті күллі дүние оны мəдениеттік мəселе деп қарап отыр.

 Өнер адамы үшін бұл мифтің маңыздылығы тіптен бөлек. Менің өнерді Освицинмен қатар қойып атауым көрер көзге қатыгездік болып көрінуі мүмкін, бірақ, өнер өзіне артқы көрініс, тірек тапқан жерде — мейлі ол мифтен болмаса дінен тірек тапсын — бізге тағылып отырған бүгінгі “постмодернистік мағынасыздық” делінетін айыптау бірден күшін жояды. Əр өнерадамына осындай бір Архмет нүктесі керек, ол оны өнер өріне бастайды. Содан да мен жазушы ретінде Освицин тақырыбынан шырайналып шыға алмаймын.

 — 1945 жылдан кейін, ұқсамаған саяси күштер Освицинді өз мақсаттарына үгіт құралы етіп пайдаланды. Бұл Освициннің идеялогия түсін алғанын да аңғартады. Сіз бүгінгі Освицин тақырыбында идеялогияның салмағы қаншалық деп ойлайсыз?

 К.Р.Имре: — Тарихи шындықтарды түрлі түсті саяси күштердің үгіт құралына, идеялогияға айналдыруы өткеннің бейнесін өзгертіп жіберетіні анық. Мен Освицинге де осындай хауіп төніп тұр деп қараймын. 20 жылдың алдында мен бір роман жаздым, ол кітап неміс тіліне аударылмай жатып-ақ Венгерияда ұмтылған кітаптардың қатарына қосылды. Сол романда бас кейіпкер біркезде өзі өмір сүрген жаза лагеріне қайтып барады, сонда ол бір кездегі сүркейлі де үрейлі ортаның əлде қашан адам қолымен өзгертіліп, əлде қашан нақты мазмұнынан алшақтап кеткенін, өткеннің шындығы ол жерде дəл суреттелуден алшақ қалғанын аңғарады. Өмірде де дəл сондай істер болып жатыр, дегенмен, мен қашанда Освициннің əуелгі бейнесін, адамдарға қасірет əкеген фактін жазып қалтыруға тырыстым.

 — Сіз Освицин қайталанады деп ойлайсыз ба?

 К.Р.Имре: — Жұрт Освицин қайталанбайды деп айтады, бұған мен де қосыламын. Освицинді өзі ішіне алған топшылдық сананың күні кетті, ал бүгінгі еврейлерге жауығып жүрген адамдардың ойламы төмен. Олар Германия мемлекет социялизмінің еврейлерді қырғындауы ұзақ ойланып барып, батыл кіріскен шара екенін түсіне бермейді. Освицин — еврейлерге қарсы топтардың алдын кесетін алынбайтын үлкен қамал, сондықтанда, олар орай болса болды жатып кеп Освицинді жоққа шығаруға тырысады. Бұның астарында тек еврейлерге қарсылық қане жатқан жоқ, ол екінші бір Освициннің өмірге кеуіне жол ашуы əбден мүмкін ғой. Бүгінгі қоғамды құраған топтардың жаңа бір Освицинге бағыталу мүмкіндігі жоқ емес, себебі, бүгінгі топтардың басын кешегідей дін мен моралдық өлшемдер қосып отырған жоқ. Содан да, біздің жағдайымыз қайшылыққа толы.

Кез келген экономикалық артқа шегіну, байлар мен кедейлердің ара салмағының алшақтауы қоғамды жікке бөлуі, жаңа зорлықты күштің бел алуына əкеп соғуы мүмкін.

 — Дегенмен, экономикалық жəне қоғамдық себептердің əсерінен туылған теке-тірестер жоспарлы, жүйелі алып барылатын əлгіндей идеялогиялық өшпенділікке ұқсай бермейді ғой. Ол Герман мемлекет социялизмі жүргізген тəртіпке де ұқсамайды...

 К.Р.Имре: — Айтқан сөзіңнің орны бар. Зорлықты күш адамдардың қажетіне сай туындайды, оның топтық сипат алатын кезі де болады, қоғамдағы белгілі топтар соны қажетсінеді. Бүгінді дүниеде демократиялық жүйеге беттеген кез келген елдің қайсысы өзіне Освицинді сабақ етіп алмады. Бұл жағынан қарағанда Освицин бүгінгі дүниенің саяси мəдениеті мен саяси санасына терең сіңді. Демократияның қоғамда орын ала бастаған саяси дара билеушіліктің алдын ала алмауы жəне тасадағы зорлықты күштің бас көтеруіне орай беруі жағынан кешегі Германия бүгінгі дүниеге жақсы үлгі. Екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі Германияның демократиялық жүйеден қалай кетіп қалғанының өзі бүгінгі демократиялық жүйедегі елдердің мықтап ойлануын қажет ететін мəселе. А.Гитлерді кездейсоқтық деуге болар, бірақ Освицин əсте кездейсоқтық емес. Мен оның елесінің бірнеше ғасыр бойында біздің басымызда үйріліп жүргеніне сенімдімін. Ол Германияда тумағанның өзінде, өзге бір елде туылатыны сөзсіз еді. 

 — Сіздің айтысыңызға дəл қарама-қарсы тағы бір айтылым бар, АҚШ оқымыстысы Ж.Д.Голдхагер ( «Гитлердің белсенді жендеттері — немістер жəне нəсілдік тазалау» кітабының авторы, 1996 жыл) жəне одан бұрын өткен біраз адамдар Гитлеризм — немістердің санасына орныққан Фаустаға ұқсаған сенімнен туындаған деп қарайды.

 К.Р.Имре: — Мен Голдхагердың түкпілікті ойымен таныс емеспін. Бірақ Гитлерді əлде қашан айтылып жауыр болған түсініктермен шатастыруға түбірінен қарсымын. Бұлай істеу жаңа бір тобырлық сананың өріс алуына əкеп соғуы мүмкін.

 Біз нақты мəселерді бетке алуымыз керек, ақ пен қараны шатастырмауымыз тиіс. Айталық, Ницшенің танымынан бауырмалдық табуға да болатын еді; Ш.Вагнер аса суық жəне барып  тұрған еврейлерге қарсы адам болды. Ш.Вагнердің басым көп санды шығармаларында өшпенділіктің иісі аңқып тұрады. Осы өшпенділік кейін еврейлерге бағытталып кетті. Бірақ Гитлерді ол жаратқан жоқ. Тек жоғарыдағы ой топтық санаға өзгергенде ғана ол алапат қырғындаушы күшке айналып шыға келді.

 Меніңше, тарихшылар Гитлердың сұмдық жүйені қалайдан қалай өмірге əкелгенін тереңдеп зерттегені жөн. Гитлер жасаған жүйеде адамның жеке басына тəн бостандық деген атымен болмайды. Мен бұндай өмірді “тағдырдан тысқары қалу” деп атадым, романның венгер тіліндегі тақырыбы да осы ойды меңзейді. Бұндайда адам баласы кесіппішіп қойған ортада тұсап ұсталады; бəрі алдын ала орналастырылып қойылады. Түптеп келгенде топтық санаға бой алдыру дегенің өзіңді жоғалту — тағдырдан тысқару қалу деген сөз. Егер қоғамдағы демократиялық жүйе жүрісінен жаңылса, оның орнын бірден жоғарыдағыдай сана басуға тырысатыны дапусыз. Бұның бəрі де салыстырмалы нəрсе...

«Шетел әдебиеті» газеті. 2008ж.28 мамыр. №910

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты