Yehuda Amichai. Сайтанға жолығып қалсаң, қашпа, ертіп ал...

2.Makala-Yehu.jpg

Әуелі, менің оқырмандарым өлеңдерімнен қатып қалған діни қағидалар мен ұстанымдарды кездестіре бермейді. Менің поэзиямды оқыған оқырман қатігездікке тән теңеулерді ұшыратуы мүмкін. Саясат деген өміріміздің айнымас бір бөлегіне айналып кетті ғой. Одан бас тартып ешқайда бара алмайсың. Біздің еврей халқында «егер сайтанға жолықсаң, одан қаша көрме, қайта оны өзіңмен бірге уағыз тыңдауға ерте бар» деген тәмсіл бар. Саясаттан қаша көрме, оны өзіңе жақын ұста, оған ықпал ет, адамға тән дүниелер сыйла. Менің қатал саясат жағдайы туралы ұстанымым осыған саяды. Мен өлеңде саясаттық сипат болады, деп қараймын. Себебі, шынайы өлең шындықпен байланысты, ал саясат деген шындықтың бір көрінісі немесе қалыптасу үстіндегі тарих. Ақын әйнек үйдің ішінде шай ішіп отырғанын туралы жазса да, ол саясаттан аулақ ешқайда бармайды.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты