George Seferis. Біздің ұрпақ өлеңнің күңгірттігін жақсы шеше білді

3afa9f3d917bbe2e1f9de3e65d9a8ebb.png (419×564)

Осы арада Л.Пиранделлонің бір сөзін келтіре кетейін. Оның кезінде: «Италияда, шартты түрде айтқанда материяға қарағанда, сөзге көбірек мән береді. Содан да Дәнте сүргінде жүріп өмірден өтті, F.Eetrarca үлкен қошаметке ие болды» дегені бар. Өнерде, әсіресе, тіл өнерінде материямен сөздің қайшылықты тұсын тереңірек түсіну оңай шаруа емес. Егер біз оны Т.С.Элиоттың сөзімен ұштастырып түсінсек, санамызға жарық сәуле түскендей болады. Негізі өлеңнің түп мақсаты айтып-айтып тастау да, суреттеп те беру емес, қайта, сөз арқылы материяны, ұғымды жарату, материямен сөздің арасынан шұрайлы келісім, үндестік табу. Бұл жеткізе білудің күшіне байланысты, көпіре көп сөзге немесе көлемге қатыссыз дүние. Кейде шығармашылықта бір сөздің орынын тапқаны соншалық, ондай келісім қара сөзде ешқашан төбе көрсетпейтінін анық сезінесің. Әлгі сөз сол сәтінде нұр шашып, басқа бір әлетке кіріп кеткендей болады. Әрине, сөзге мән берудің де айта қалсын өзіне тән артықшылығы бар. Бірақ, бұл артықшылық сөзді әлгіндей «тұнық» деңгейге көтеретіндей құдіретке ие емес. Әдемі жасақталған орданың көз тартатын, бірақ салмағы жоқ салтанатындай ғана әсер береді. Сондықтан, біздің ұрпақ өлеңнің күңгірттік мәселесін жақсы шеше білді.


George Seferis. «Поэзия туралы тракаттар» жинағынан үзінді.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты