W.H.Auden. Жеңіл мәтінді өлең

1c9d229ef83bfc60daaa15ce0ad4a374.jpg (568×519)

Элизабаева тұсына (XVIғ.-XVIIғ.) дейінгі өлеңдердің бәрі осында айтқан «жеңіл өлең» түріне жатады. Кейде мұндай өлеңдер татымсыз сезіледі, бірақ ол өлеңнің «жеңіл» болмысына әсер етпейді. Қоғам, дін мен дүниетаным тұрғысынан біртекті болса, адамдардың тұрмыс дағдысының өзгерісі көрнектіленбесе болды, оқырман мен ақындардың қызғушылығы бір арнаға тоғысады да, олар бірін-бірі тауып, қабылдап, түсінісе кетеді.  XVIғ.-XVIIғ. кейін қоғам мен идеологияда үлкен бетбұрыс болды, қабылдауға қиындық тудыратын өлеңдер мен ақындар осы кездең туды. William Shakespeare-нің өлеңдері,  John Donne,  John Milton сынды ақындар осы тұста ортаға шықты. Бұл ақындар бізге өлеңде күрделіліктің болғанына қарап оны жоққа шығаруға болмайтынын ескертеді. Өлеңдегі «жеңілдік» бір қарағанда өзіне тартады. Ондай өлең стилі дәстүрлік түсінікке тән, қоғаммен бір арнада жатады. Қоғамдық түсінік бір болған сайын, өнер адамының қоғаммен байланысы бірізді, тығыз, өнер адамының өзіндегіні жеткізу мүмкіндігі де зор болады. Енді бір жағынан бірізділік сақталғандықтан, өнер адамдары өзіне ғана тән пайымдаудан гөрі, әлеуметтік түсінікке көбірек бой ұрады, сол дәуір қалыптастырған шеңберден шыға алмай қалады. Қоғам орнықсыз болған сайын өнер адамдарының онымен қақтығысы, тартысы барынша күшейеді, танымында да үлкен жаңалықтар орын алады, соған ілесе оны жеткізу де қиындайды. Ағылшын әдебиетіннің алтын дәуірі - Элизабаева тұсында (XVIғ.-XVIIғ.) әне сондай өте тартысты жағдай орын алды. Заман күрделі болды, өнер адамдары соның тынысымен тыныстады, күрделілікті сезінді, өткендегі жеңіл дүниелерге алданып қалған жоқ,есесіне өздеріне ғана тән қайталанбас туындылар жасады.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты