Derek Walcott. Ол менің галстогымды дұрыстап беріп еді

c4289ed4b069d1857d303c6d87e16b56.jpg (1940×1293)

Robert Lowell-дың бүкіл өмірі шым-шытырыққа толы болды. Ол алпыс жасында өмірден өтті, соған дейінгі әр жылдарда ұқсамаған деңгейдегі психикалық ауытқушылықтардың зардабын тартты, көп жылдар жүйкесі жұқарудың азабын арқалады. Оның шығармашылығында ертеде-ақ «менің жандүнием теңселіп тұр» (My mind is not right) деп өлең жолдары кездеседі. Дегенмен, оны әр рет тығырықтан шығарған ішкен дәрі-дәрмегі емес, жазған өлеңдері. Осы құдіретті күш оның зейін-зердесіне салмақ салды және оны қараңғы қапастан да шығара білді. R.Lowell-дің бойындағы қайсарлықты жоғары бағалауға болады, оның поэзияға деген үміті тіптен сұрапыл болды. Үнемі жүйкесі жұқарып, психикалық емхананың бірінен екіншісіне ауысып,  ем-дом жасайтын орындардың табалдырығын тоздырып жүрсе де, ол түбегейлі жынданып кетуден аман қалды. Емдеу естелігінде оның сырқаты – ұзаққа созылатын жүйке жұқару мен рухан дүниесі құлазудан туындайтын созылмалы сырқат делінсе, осыдан туындайтын қайшылықта ол поэзияның құдіретімен сәтімен шешіп отырған.

Тірі кезінде біз оның арыстанның басындай басын, жағымды да әуезді шығатын дауысы мен күлкісін, өлең оқығанда өзіне тән тәсілмен сермейтін қол ишаратына назар аударушы едік. Оның ақындық болмысы алдағы жүз жылда да салқын тартпай орнында қалады, деп білетінбіз. Қазір, ол арамызда жоқ. Бірақ, алдымызда жатқан шабытты шығармашылығына қарап отырып бұрынғыдан бетер жандүниемізбен сілкінгендей боламыз. R.Lowell-дің қаламынан туған дүниелердің молдығына қарап отырып таң қалмай тұра алмайсың. Ол бастан-ақыр өзін салмақты ұстап кетті. Артық атақ-абырой қуып сандалған жоқ. Ол өзін сондай жоғары бағалайтын, соған сай сондай кішпейіл де еді. Ол айналасына жақындық, бауырмалдық сыйлайтын. Ол саясатты мысқылдауға бейім еді. Оның түсінігінде тарих әлдекім айтқандай сырлы дүние емес, қайталанып тұратын болмыстардың жиынтығы сияқты сезілуші еді.

Бір күні R.Lowell-дің отбасында есіктен шығатын кезде, ол менің галстугімді оңап, аздап босатып дұрыстап бергені бар. Сонда оның алып алақандары көз алдымда еппен шебер қозғалған еді. «Еркіндеу стиль» деген сонда ол менің галстугімді дұрыстап болып жатып. Осы әрекетінен оның өзіне ғана тән қолтаңбасын, оңайшылықта байқала бермейтін қасиетін сезінуге болатын еді. «Near the Ocean» мен «For the Union Dead» кітаптары қатар жарыққа шықты, деуге болады. Сол тұста оның шығармашылығында сондай бір жеңіл де ойнақы, талантқа ғана тән қолтаңасы көрініс береді. R.Lowell-дің қаламынан ауыр, сөз алысы оқуға қолайсыз шығармалар да туған. Оқыған сәтінде кейбір сөздер мен тармақтарды тастап кетіпті оқи беретін өлең жолдары кездеседі. Бұлар оның өзгелерден сіңірген қасиетіне жатады.  

 

Дайындаған Ardakh Nurgaz

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты