Charles Simic. Өлеңдегі жеті түйін

 ded50e6445ec0dc73c82cf07bab97582.jpeg (2048×1365)

1.Оқырман сенсізде білетін дүниені оларға тықпалай берме.

2.Өзіңді әлемдегі бақытсыз, сорлы етіп көрсете берме.

3.Үлкен әдебиетте ұлы деген көлемді шығармалардың дені қысқа өлеңдерден шыққан. Көлемге көп үйір бола берме.

4.Образ, метaфора, теңеу өлеңді ықшам етіп шығарады. Көзіңді жұм да, қиялыңның не сыйлайтынына иек арт.

5.Жазғанда дауысыңды шығар, құлағың келесі сөйлемді қарсы алатын болсын.

6.Жазып жатқан дүниеңді алғашқы нұсқа, деп түсін. Шығармаңды үздіксіз өңде, тіпті өңдеу жылдарға созылып кетсе де, өңдеуден жалықпа.

7.Есіңде болсын, өлең деген жан сарайыңда тұра бастаған уақыт құрлысы сияқты, онда сен миыңның бір жерінде сапарға шығасың, жол жүресің, оның сен біле бермейтін өз болмысы бар. Соған ерік бер.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты