J.M.Birrin. Шақпақты жырға бір шабыт

5d146de2b0f50e7287efb6d95fc4df33.jpg (674×506)

(Self-Portrait in a Convex Mirror Mirror by John Ashberry)

John Ashberry біраз жылдың алдында өнер басылымдарының біріне берген сұхбатында: «көзсіз істелген шаруаның да, кейде, өзіндік көркемдігі болады. Бұл өнерге тән төл қасиет. Айталық, діндік ұғымда тылсым көркемдік бар. Өлеңде де соған ұқсайды. Ол көркемдіктің қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын деңгейде өмір сүруімен қатысты», дегені бар. Ashberry-ше басбұзарлықтың поэзия айтылмыс көркем, ұғынықты әрі үйлесімді болуы керек, деген түсініктен бас тартуымен қатысы бар. Мұнан тыс, Ashberry сөзді жарық етіп жандыруды басты мақсат еткен жазу тәсілін АҚШ поэзиясына әкелген алғашқы тұлға болып отыр. Мұндай жазу тәсілін біз бұған дейін француз ақындарынан (S.Mallarmé,   P.Valéry, H.Michaux) кездестіруші едік. Олар жаттанды түсінік пен түйсікті бір шетке лақтырып тастап, ең қарапайым дүниелердің өзін құбылып жіберуімен, сол арқылы рухтың бет-пердесінен ішке үңілуге мүмкіндік ашатын. Мұндай шабытты жазу тәсілі шығармашылықта үлкен жаңалықтар ашты десек, қателесе қоймаймыз, оның тетігі музыка мен суреттің болмысымен сабақтас жатқандығында болса керек. Дегенмен, мұндай шығармашылыққа дәстүршілдердің айтар сыны да жоқ емес. Ashberry-дың жаңа кітабы осы айтылған сындарға жақсылап отырып берген жауап сияқты сезіледі: егер шақпақтан шыққан от сияқты жазу тәсілі АҚШ-та табан тіреп өмір сүрді десек, енді ешкім де Ashberry шығармашылығын айналып өте алмасы анық.

Ashberry-дың бүгінгі салмақты да кең қолтықты жазу мәнері оның өткендегі көзге ұрып тұратын жинақылығымен айқын парықталады. Бұрын ол ойлы, ойламды жазуға ден қоятын. Алғашқы өлеңдерінде тақырып пен мазмұн тығыз астасып жататын. Оның жазу мәнерінің ыңғайлы, икемділігінен-ақ дәстүрлік сөйлем құрау тәсілінің ықпалын байқау қиын емес болатын. Шығамраларының көбі оқырман ойлап жете алатында деңгейден басталып, сол өрістен  - түсінік көлемінен ұзамай аяқтап жататын. Дегенмен ақынның жаңа жазу мәнерін игерген сәттен бастап әлгі үйреншікті ширынан толықтай бас тартқанын байқаймыз. Ashberry енді өлең жазғанда нені, қалай жазам, деп ойланып-толғанып отырмайтын, есесіне өзін ойдан толық азат етіп, тыныш, сабырлы бір күйге еніп, поэзияның магнит өрісі сияқты - өрісіне бет алып, поэзияға тән шабыттың өзіндік болмысын қабылдайтын ерекшелікке көшкенін көріп отырмыз.

Соның нәтижесінде Ashberry-дың өкілдік шығармаларының ерекшелігі құрастырылған жүйе де емес, сабақтастық сипатта екенін байқаймыз. Мағынаның алдын таным орап, барыс жүйенің орнын басқан. Ақын осы жетістігімен көп оқырманынан айрылғанымен, әдебиетте үлкен мәртебеге қол жеткізді. Анау ағылшын әдебиетіне тән «Euphues», «Tender Buttons» тақлетті «басбұзар шығармаларды әспеттейтін» оқырмандардан тыс, Ashberry-ды көп адамның ұната бермесі түсінікті нәрсе. Қарапайым оқырман үшін Ashberry-дың өлеңдері жүйкеңмен ойнайды, форма жағынан да сенімен үндеспейді, жиып келгенде оңай қорта алмайсың. Жаңа жинақтан байқайтынымыз ұзақтан бері поэзия айдынында көзге түсе бермеген жағдай – шүңгетті ой тереңдігі мен шабытты сөз ұшқынының қапыда қиысқан өзгеше мүмкіндігіне куә болғанымызда. Сонымен қатар осы барыста бұрын-соңды болмаған үніңді ішіңе үйіретін жаңа иірімдер мен сөз ұшқынының қуатты болмысын да көріп отырмыз. Мұндағы сөз иірімі аңдаусыз сананың тереңіне бойлайлайтыны, бұл ерекшеліктің АҚШ поэзиясының ертеңіне үлкен ықпал етері анық.

«Құмда көрінген елес сияқты, тіршіліктің де өз сиқыры бар» деп жазыпты Ashberry. Осы сөйлем белгілі мағынадан оның өлеңдерінің де болмысынан сыр шертіп тұр. Оның жазу мәнері образды үздіксіз қазбалаудан тұрады, сол барыста реал мен елесті айнытпай қабыстырып, соңында олардан тың бір мүмкіндік ашуға барып саяды...

«The New York Times» 1975ж. 08.10.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты