Bekturgan Aubakir. Махаббатың тылсым иірімдері туралы жазба

eccd95c5e916029b8c9fa2fdca1245b3.jpeg (774×634)

 

(Сағадат Ордашеваның бір әңгімесі хақында)

 

Бүгін  қазақ  қоғамында  бір  сұрақ  анық  алаңға  шықты.  Ол  біз  отыз  жылдық  тәуелсіздікте  не  жараттық,  не  құрдық?  Бұл  сұрақ  жаңа Қазақстан  құру  бастамасымен  күн  тәртіпке  қойылды. 

Жаңа  Қазақстандағы  жаңа  сөздің  өзі  отыз  жылдағы  ой-сананың,  қалыптасқан  құндылықтардың  дұрыс  болмағандығын бір  қырынан  түсіндірді де.  Қазақ  қоғамы   саяси  сананы  бір  діңгекге (бір  партия,  бір  адамға)  байлаудың  қатерлі  екенін  енді  анық  танып  жетсе,  қазақ  әдебиеті  саяси  сана  сияқты  емес,    бір  қазықтан босағанын  осыдан  оншақты  жыл  бұрын  көрсетті. Деседе  өмірде саяси  сананың  көлеңкесі  түсіп  салқыны  тиіп  тұрды. Саяси  санада  саяси  плюрализмның  анық  әділ  бәсекесі  болмағаны  сияқты,  әдеби  санадағы  алуан  түрлі  ағымның  әділ  бәсекесі  де әлі  қалыптасқан  жоқ.  Бірақ  қазақ  қоғамының  әдеби  көзғарасы  тұтас  дүниедегі  әдеби  көзғарастармен  үндесып,    әдебиет  қазанында  алуан  түрлы  әдеби  ұстанымдар  қайнап  жатыр. 

Бұл  қазанда  басы  мен  бақайшығына  дейын  жаңа  модернизм, постмодернизмге  тән  шығармалар  мен кешегі  кеңес  қазанында  қайнап,  қорытылған     реалистик  шығармалар да ,  жаңа  мен    көненің  қорытпасынан  шыққан  дүниелерде  қатар көзге түседі.  Қазақ  әдебиетінің  ауанын  жол  ортадан  отарлауға  құрал  болған  әсіре  сотциялизм   санасы  билеп  кетпегенде,  қазақ  әдебиетінің  де  20   ғасырдың  басынан  бастап  бүл  қазаны  табиғи  жолмен  қайнай  бастайтын  еді.  Содан  қазақтың  өз  модернистк  шығармалары  қалыптасар  еді.  Біз  бүл   қазанда  көп дүниенің   болуын  кұттік.  Деседе  басты  эстетикалық  өлшем  «Жаңалық деген не?»  деген  сұраққа  жауап  берсе,  дедік.  Тынысы, жобасы, сөз алысы жаңа  шығармалардың  молырақ  болуын  тіледік.  Өйіткені,  біз   өтпелі  кезеңдеміз. Дұрыс қадам бассақ, алға жылжимыз, өсеміз, өнеміз, өркен жаямыз, қате бассақ, керімізге – баяғы уақыт, баяғы мезгілге қайта білш ете түсеміз. Өнердегі болашағымызды екі мәрте жоғалтамыз.     Сосында  біз  тек  жаңа тынысты  шығармалармен  ақырындап  оқырманның  әдеби  таным -түсінігін  өзгерте  аламыз. 

Біз  осындай   оймен  тәуелсіз  қазақ  әдебиетіне  көз  жүгіртіп  едік,  алдымен  көзімізге  Сағдат  Ордашеваның  шығармалары  ілінді.  Оның  «Жұмадағы  раушан  гүлі»  атты  әңгімесі  бірталай  сұрақтарға  жауап  берді. 

Әңгіме психологиялық  кеңес  беру  орталығын  ашқан  Берген  мен  оған  жұмысқа  тұруға  келген  Ақнұрдың   сынақ  бес  күнінде  болған  оқиғалардан  құралған.  Әңгіме  қарапайым  оқиғалардың  хроникасы  емес.  Шығарма  орталыққа  жүгінген  адамдардың әңгімесін  негіз  етеді. Бұл  қиыстар  отбасы  сақтау  және  құру  туралы  мәселелерге  психихалық   талдау  жасауға  ұмтылған. Адам  жанындағы  психихалық  құбылстарға  талдау  жасау  әңгіменің  негізгі  құндылығына  айналған.  Психологиялық  білімдер  молынан  кірістірілген.  Бұл  жерде  өмір  жаңа,   соған  сай  айтылатын  әңгіме  мазмұны  да жаңа.  Әңгімелеу  барысы  дәстүрлы.  Әңгімеден  жаңа  дұниені   жатсынбай,  жатырқамай  құнығып  оқисың.

Әңгімеде  Берген  мен  Ақнұр  арасындағы  махаббаттың  туылуын  психихалық  тұрғыда    қазбалаған  тереңдік  бар.  Махабатты  ратсионалдық   тұрғыдан  сарапқа  салғанда  тек  психологиалық талдаулармен  ғана  ең  терең  бойлауға  болады.  Одан  арғыға  ақылдың  қармағы  жетпейды.  Әңгіме  осы  бағытымен де  құнды. Мен өз  басым  бұл  әңгімеден  басқа,  махаббатты  психологиалық  ирімге  тоғытып  қойып  мынадай сыр  шертген  әңгімені    көргенім  жоқ. 

Берген  төрт  күн  ұдайы  махаббатпен шатысқан  отбасы  туралы  мәселемен  келген  адамдарға  психикалық  көмек  береді.  Бұл  кеңес  барысында  Бергеннің де  сүйіспеншілік  туралы  бір  психихалық  болмысы  ашылады.  Ақнұр  үздіксіз  камерадан  бақылап  отырады (бұл  міндетті  еді).  Бұл  барыста  Ақнұр  Бергеннің  бар  болмысын  саналы  тұрде    бақылайды.  Бейсаналы  тұрде    қабылдайды.  Ашыққа  шыққан  бар  болмысты  санасыз  қабылдау  белгілі  бір  кезеңге  жетіп  түсінісу  тереңдегенде,  ортаға  үнсіз  тіл  ым-ишара  шығады.  Халық  арасында  «Ғашықтың  тілі  үнсіз  тіл»,-  деген  жыр  жолдары  бар.  Берген  кезінде  Әсия атты   қызға  ессіз  ғашық  болған. Әсия  оқыстан дүниеден    өткен.   Ақнұр  Бергеннің  Әсияға арналған  ессіз  махабатын  ояттады.  Ақнұр  басы  бос, ол да  жас, сезім  иесі.  Ендігі  кезең  махаббаттың  ақылға  ерік  бермейтін,  өткелден  өтетін  өтпейтінін  сынауға  барып тіреледі.  Берген  осы  өткелдің  сынағын  жасайды.  Оқыс  қимылдап  қыз  ернінен  сүйді.  Ақылдың  шырмауынан толық  айықпай  тұрған  Ақнұрды  бұл  тосын  жәйіт  шым-шытырық  қалың  қайшылықтың ортасында  қалтырады. Бесінші  күні  «жұмысқа келмейым!»  деп  қайрат  қылған  Ақнұр  еріксіз  түске  таяу  Бергеннің  кеңсесіне  келеді. Кеңсесін  раушан  күліне    толтырып, тосуға  тақат  қыла  алмай  аласұрып  Ақнұрды  жұрген  жолынан  қаңғылістеп  іздеп  кетген  Берген  кеңсесіне  сенделіп  қайтып  келгенде,  қызды көреді. Махаббаттың  психикалық  болмысы  ашыққа  шыққан  ортада  түсінісу  осыншалықты  уақытты  қажет  етеді.  Міне,  бұл    Берген  мен  Ақнұрдың  бес  күнде    терең  махаббатқа  қол  жеткізуінің  сыры.

Отбасын  құрған  адам  баласының  махаббатпен  бетпе -бет  келу  сынды  әңгімеден  айналып  өтуге  мұмгіндігі  жоқ.  Бір  аяғы    ақыл  шеңберінің  ішінде,  бір  аяғы  ақылдың  үкімі  жүрмейтін  тылсым  әлемде  тұратын  махаббат  атты құбылыс  адамды  сан  қирға  салды.  Адам  баласы  махаббат  атты  осы  құблысты  бағындыру  үшін  оны  ақылмен  нәрлендірген  көптеген  құндылықтармен  бүркеген.  Бірақ    еркіндік  деген  құтқарушының  желі  үдеген  сайын  әлгі  ораған  құндылықтар  шешіле  бастады.  Адам  байыбына  бармайтын  махаббат  тілсімдігімен ғана  жан  сақтап  қалды. Бірақ  біз  сезім  атты  сиқырды  отбасында  жалаңаш  ұстап  тұра  алмаймыз. Бүгінгі  күні әлемді прагматизмдік  көзғарас  жаулап  барады.   Мейірімнің  табан  тірер тиянағы  тек  отбасында,  қандастық  қатынаста  қалды.  Егер  бұлар  бұзылса  жер  бетінен  мейірімділік  жоғалады.  Әңгімеде  отбасын  ұстап,    сақтап  қалудың  психолокиялық  негіздемесы мен  бірге  көптеген  құнды  ойлар  айтылады.

Жалпы  біздің  халқымыздың  отбасының  берекесін  кетірмей  ұстап  тұруына  хақ  дініміз  ислам  дініндегі  құдай  әйелді  еркектің  қабырғасынан  жаратты,  деген  дінни  түсінік  өте  үлкен  рол  атқарған.  Бүгін  бұған  дау  айтатындар  көп.  Жоғарда  айтқанымыздай  демократия  деген  пәлең  бұл  түсінікті  шайқалтып  кетті.  Әңгімеде  күйеуің  түңғыш  балаң  деген  айтылым  бар. Бұны  сараптап  түсіндіру де  бар. Бұл  жерде  мейірді  ең  алдымен  кім  беру  керек  мәселесі  өте  жақсы  шешілген.  Отбасында  мейір  тұрғанда  бәрі  орында  болады.  Отбасын  ешқандай  дауыл  шайқай  алмайды. Мейір  тұрғанда  кешірім  де  құн  жаратады.

Әңгіме  міне осындай  қазақ  халқының  жаңа  дәуірдегі  пробламасын  қазбалап,  жаңа  ой  айта  алғанымен  құнды.  Сосын да  Сағдат  Орашева  осы  әңгімесімен–ақ  Қазақстан  жас  қаламгерлерінің  ішінде  жазушылық  қарымы,  дарыны  бар  екенін  дәлелдеген  жазушы,  деп  айтамын.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты