Goran Malmqvist. «Қара кітап» қандай шығарма?

26c31de2523e9a925ec92244910db33e.jpg (660×405)

Ирландия астанасы Дублин James Joyce-тың «Ulysses» романының бас кейіпкері саналады. Сол сияқты Түркияның Станбул қаласын Орхан Памуктың «Қара кітап» романының бас кейікпері ретінде атауға болады. Кітаптағы қосалқы кейіпкердің бірі Galip. Оның әйелі Ruya және Ruya–дың шешесі басқа, әкесі бір бауыры - Jelal. Бұлардан тыс Станбул қаласының басқа да тұрғындары мен осы шаһардың тарихында кездесетін адамдар романда ұшырасады.

«Қара кітаптың» құрлымы күрделі емес. Жас адуакат Galip-ті әйелі бір түнде тастап, жоқ болып кетеді. Әйелдің туған бауыры, белгілі газеттің арнайы бетін жүргізетін Jelal-ді де жұрт таппай қалады. Көңіліне күмән-күдік ұялаған жігіт қақаған қыстың суығында Станбулдың үлкенді-кішілі көшелерін кезіп, шарқ ұрып әйелін іздейді. Galip газеттен Jelal-дің Станбул туралы жазған барлық материалын тауып оқиды. Журналистің ізімен жүріп өткен және ол жазған дүниелерді оқыған адуакат Станбулдың тарихын өз көзімен қайтадан бір рет шолып шығады. Ол қаланың көз алдағы шындығынан да тереңде жатқан шындығына бойлап енеді. Ол жоғалған әйелі туралы Jelal-дің жазбасынан дерек іздейді. Сол барыста заманында көп қолданылған алхимиялық тәсілдер, жоқ іздеуге қолданылатын шаралар және қаланың өнбойында сақталып қалған барлық таңбалық белгілердің берер мүмкіндігін толық пайдаланады. О.Памуктың «Қара кітапта» қолданған осы қолтаңбасы кезінде Түркияда үлкен аңыс тудырған болатын.

...

О.Памуктың бір қасиеті, ол - оқиға баяндаудың асқан шебері (бұл жағынан кейде, тіпті, асырып жібергендей әсер қалдыратыны да бар ).

Кітап кейіпкері екі түрлі ұстанымның талқсында өмір сүреді: «ешкім де бір өзі болып қала алмайды». «Кім болса да басқа біреу болып көруге құмар». «Сен де басқалардың арманындағы өмірдесің». Дегенмен, жұрттың қорқатыны өзіне тән дүниеден айрылып қалуда жатады. Кітаптың соңынан санағанда екінші тарауындағы «Ханзаданың оқиғасында» жоғарыдағы екі жақтылы көзқарас бір желіде түйіседі: жұртпен өзіңе тән ортақтықты таба алған сәтіңде ғана өзіңе тән дүниеге қол жеткізе аласың.

...

   Galip-тің әйелі Ruya төсекте жатып алып барлаушылық романдар оқығанды ұнататын жан. Осы тақылетті кітаптарды оқи бергендіктен, ол жаңа қолға алған детектив кітаптарында кейіпкердің келесі қадамын, кімнің адам өлтіруші жендет екенін оқымай-ақ біліп алатын деңгейге жетеді. «Қара кітапты» да детектив романның санатына жатқызуға болады. Адам өлімі бар, бірақ, оның кімнің қолымен жасалғанын ашып айтпайтын романда, өз ұстанымы бар жазушы деректі оқырманның өзі тауып алуға қалдырғанын байқаймыз.

Аударған Гулнар Ақан

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты