Михаил Булаков. Ақ Гвардия

a2a55a07e3a2b98370a1f52f5f3c2421.jpg (470×470)

(Романнан үзінді)

...

20 

Ұлық жыл болатын, Йса пайғамбардың туған күнімен тіркесе келген 1918 жыл қатерлі еді, ал 1919 жыл одан да сүмдық болды.

Ақпанның екісінен үшіне қараған түнде Днепрдің үстінен тартылған Шынжырлы көпірдің аузында бет-аузы ісіп көгеріп, қызарып кеткен қара пәлтелі бір кісіні екі жігіт қарда сүйрелеп келе жатты, куреннің жаны олармен қатарласа жүгіріп жатқан адамды басынан шамполмен соғып келеді. Әр соққы сайын басы шайқатылып, қанғай батқан байғұстың айғайлауға дәрмені жоқ тек уһілей береді. Жырым-жырым болған пәлтеге шампол тиген сайын:

Уһ,... а... - деген ғана үн шығады. 

- Ә, жөйттердің сілімтігі! - деп қырылдай айқайлайды курень паны. - Үйіндіге апарып атып тастау керек.; Көрсетемін мен саған қараңғы бұрыштарда қалай сумаңдауды! Көрсетемін мен саған, үйілген отынның артында сен не бітірдің, ә? Шпион!

Алайда қан-жоса кісі терісіне сыймай ашуланған курень панына еш жауап қайтарған жоқ. Сосын куренбасы алға жүгіріп шықгы да, жалтылдаған темір таяқтан жалтарып, екі жігіт екі жаққа ытты. Курень паны соққыны есептемеді ме, шамполды тура басқа тигізді. “Уһ” деуге де шамасы келмей, тек ыңқ етті ол... Қолын бұрып басын шайқады да, тізерлеген қалпы құлап түсті, екінші қолын кең сермеп, тапталған қарлы топырақты көбірек уыстағысы келгендей жер тырнады. Бүгілген саусақтарымен кір қарды шеңгелдеді. Сосын қою қара шалшықта дірілдеп, бірер рет тұяқ серіпті, де тынды.

Сұлап жатқан жанның үстінен электр шамы ысылдап, көпірдің аузында оны басына қүйрық қадаған гайдамактар абыржып төңіректеп жүрді, ал жоғарыда жүлдыздары жымыңдаған қара аспан ештеңеге де міз баққан жоқ.

Жатқан кісі жан тапсырған сетте қаладан төмен Слободканың үстінде кенет Марс жүлдызы мүздаған шырқау биікте жарылып, от шашып, құлақ тұндыра шатырлады.

Жұлдыздан кейін Днепрдің арғы бетіндегі қап-қара қиыр, кәдімгі Мөскеуге барар жақтағы шетсіз-шексіз қырда күн күркіреп, ұзақ жарқылдап тұрып алды. Сол кезде екінші жұлдыз төменнен, қарға бөккен ұйлердің шатыры үстінен соқты.

Көпірдің аузында топырлап тұрған гайдамактар дивизиясы табанда қозғалып, қалаға қашты, содан қала арқылы әрі асып, табанын мәңгі жалтыратты.

Көк дивизияның ізімен қасқыр бүлкекке салып, жаураған аттарымен Козырь-Лешконың курені өтті, бәз-бір асүй секектеп билеп,.. сосын ешқашан ешқайда болмағандай із-тоз жоқ жойылып кетті. Көпірдің үңірейген аузында тек қара киген жебірейдің суыған мөйіті мен шөптің қырқындысы және аттың тезегі ғана қалды.

Пэтурраның аңыз емес, шын мәнінде болғанын тек осы мәйіт қана куәландырды... Оған дзынь... трень... гитара, түрік, Броннаядағы құрсаулап қойған фонарьды, оқтан түскен жараларды, ұлыған қасқырларды, қараңғы түндер мен ақырған аязды... қоссаңыз ол өмірде шын болған боп шыға келеді. Яғни, болған.

Кіріс, Гриць, жұмысқа 

Десең қабағы тырысқан...

Оңай жолын олжаның 

Тапқан шапқын ұрыстан...

Неге ондайлар болды екен? Оны ешкім де айта алмайда. Ал олардың төккен қанының өтеуін кім төлемек?

Жоқ. Ешкім де төлемейді.

Жай ғана қар еріп, қаулап Украинаның көк шалғыны шығып, жер бұрымын өреді, жайқалып жасыл егін өсіп, сайын далада ыстық самал еседі, сонда қанның ізі де қалмайды. Қызыл далада қызыл қаннан арзан жоқ, оны ешкім де сатып алмайды.

Ешкім де.

... Кештен бері Саардамның өрнекті пеші жақсы жағылып, ыстық боп тұр, түн ортасына дейін қызуы қайтқан жоқ, бірақ Саардам шеберге жазылған жазулар жуылып кетіп, жалғыз-ақ: “Лен... мен Аидаға билет алдым...” деген ғана сөз қалыпты.

Алексеев еңісіндегі ақ генералдьщ аппақ бөркін киген үй баяғыдан жылы үйқы қүшағында жатыр. ¥йқы шіркін пердені тербеп, көлеңке боп теңселеді.

Терезенің сыртында жеңімпазсыған ысқаяқ қыстың жүзі балбұл жайнап жер бетімен жүзіп барады. Жұлдыздар ойнап, біресе жиырылады, біресе жайылады, әсіресе аспанның шырқау биігінде қып-қызыл боп, бесбұрышты Марс жұлдызы түрды.

Жылы бөлмелерді үйқы иектеді.

Турбин өзінің жатынжайында ұйықтап, ұйқы оның тебесінен жуып тазартқан суреттей төнді. Вестибюль шайқалып, жылжығандай болып Александр I пешке дивизионный тізімін жағып жатты... түсінде. Юлия өттгі соңымнан ер дегендей ым қаға күліп, бір көлеңкелер жүгіріп “¥ста! ¥ста” деп айғай салады.

Үнсіз атысый, олардан Турбин қашып құтылғысы келеді, алайда аяғы Мало-Провальная көшесіне жабысып, түсінде ол опат болыпты. Ол ыңқылдап оянды, құлағына қонақжай жақтан Мышлаевскийдің қорылы, Карась пен Лариосиктің баяу ысқырьғы кітап бөлмеден келді. Мавдайының терін cүpтin, есі кірді, әлсіз ғана жымиып, сағатына қарады.

Сағат үш екен.

- Шамасы, кеткен болар... Пэтурра... Қайтып енді ешкім ешқашан да болмайды.

Ол қайтадан үйықтап кетті.


Түн өз күшінде тұр. Таңға ойыса бастаса да, қырын берер емес, қалың қарға көмілген үй қалын үйқыда. Титықтап шаршаған Василиса суық көрпені арық денесімен әрең жылытып жатыр. Василиса қолапайсыз, қыңыр түс көрді. Ешқандай да революция болмаған көрінеді, барлығы түкке тұрмайтын шатылбай. Түсінде Василисаның басына күмәнді, тұрақсыздау бақыт қонған екен дейді. Жаз болса керек, Василиса бақша сатып алыпты. Оған баптап тұрып көкөніс өсіріпті. Көшеттер көңілді шырмауықтарға оралып, жасыл түйін тастап, арасынан томпиып қияр сығалайды. Василиса кенеп шал бармен бақшада тұрып қарнын сипап байып бара жатқан сүйкімді күнге қарайды екен.

Сол арада оған тартып алынған глобус сияқты дөңгелек сағаты түсіне енді. Сағатты қимай іші удай ашыса да, күлімдеп күн ұмыттырып жіберді.

Осы бір оп-оңды сәтте қайдағы бір домаланған қызғылт торайлар бақшаға қойып кетіп, талпақ танауларымен көшеттерді ал қазсьш. Топырақ аспанға фонтанша атты. Василиса жерден таяқ алып торайларды қуайын десе, әлгілер сұмдық қорқынышты екен, ақсиған азулары үрей шашады. Онымен де қоймай, олар Василисаның үстіне секіре бастады. Секіргенде де бір аршын көтерілді, бақса іштерінде серіппе бар көрінеді. Василиса түсінде өкіріп тұрып жылады, Бүйірдегі есіктің қара жақтауын жұлып алып сілтеп еді, әлгілер жер жұтқандай ғайып болды. Василисаның көз алдынан қараңғы, дымқылдау жатынжайы қалқып жүре берді.

Түн өз күшінде түр. Дел-сал үйқы қаланың үстінен құстай қалықтай өтіп, Владимир крешін айналып барып Днепрдің аржағында түннің қалыңына сүңгіп, одан темір доғаны бойлай жүрді. Дарница стансасына дейін жүзіп барып, сонда кідірді. Үшінші жолда бронепойыз түр. Тас қып доңғалақтарына дейін алаңқайға қысып броньдап тастаған. Паровоз сиқырлы шамбалдарымен қарауытып, бүйірінен от ұшқындары шашырап, рельстерге себездеп, бір қырынан қарағанда қазандығының көмейі шоққа айналған көмірге толы екен деген ой туындатады. Ол баяу да аяр қырылдап, бүйірдегі қабырғаларынан бірдеңе тамып, топар тұмсығы үнсіз ғана Днепр жағасындағы тоғайға шүйірілді. Соңғы алаңнан оның апандай аузы қаракөк аспанға қарап он екі шақырымдай шалғайдағы түнгі қрешке бағытталды.

Станса үрейден демін ішіне тартты. Маңдайы түнекті ысырып, кешегі гүрілден запы болған көзден сарғыш от жылтырады. Таң алдындағы мезгілге қарамастан платформадағы әбігер саябырлар емес. Телеграфтың аласа сары барағының үш терезесінде шам жарқырап, әйнектен үш аппараттың тық-тық соққаны естіліп түрды. Бет қаратпайтын аязға қарамастан платформаларда ерсіліқарсылы жүгіріс, келте тонды, шинельді, қара бушлагты кісілер. Бронепойыздан аулағырақ немесе артында ұйлығып тұрғандардын күбірі, әскери бөлімшенің жылы вагонының есік сартылы басылар емес.

Ал паровоз бен вагонның бірінші темір корпусымен қатар тұрған бронепойызда үстінде ұзын шинелі, аяғында жыртық пимасы, басында шошақ жалбағайы бар біреу ерсілі-қарсылы теңселіп жүрді де қойды. Қолында шаршаған ананың баласын аялағанындай мөпелеген винтовкасы бар, онымен қатар рельстердің арасында жарығы сараң фонарь ұстаған, мылтығынын сүңгісі шошайған тағы да бір көлеңке жүр. Бүл кісі керемет қалжырады, әрі жан төзбестей боп жаурады. Оның көгеріп салдырап қалған қолдары жеңінің жыртығын тырмалап пана іздеді. Ақ сейсеп пен шашақтың арасындағы күләпараның арасынан көрінген көнтік үсіген ауыз, қырау қатқан ұзын кірпік көзі де дұрыстап көрсетпейді. Ал бұл көздерге ұйқы тығылып, мұң ұялап, көгілдір екенін де байқатпайды.

Кеудесінде әйтеуір жаны бар пенде сүңгісін шошаңдатып, бар ойлағаны кезектің аязды сағатта тез өтіп, жазадан бетер мынау қатыбас жерден кетіп, құдайы ыстықпен тұрбалары тыныстал тұрған ішке кіріп, эшелонды жылтып тар кереуетке ұзыннан түсіп бір көсіліп жату. Кісі мен көлеңке броньды бүйірдің отты ұшқынынан әскери жәшіктің қаракөлеңке қабырғасын бойлап “Бронепойыз Пролетарий” деген қара жазуы бар жерге жетті.

Көлеңке бірде өсіп, бірде бүгіліп, тек күлөпарасының төбесі шошаюдан танбай, қара сүңгімен қар сызып жүр. Фонарьдың көгілдір жарығы кісінің сырт жағында жылтырайды. Екі көгілдір ай жылтпай, ыза қылып платформада түр. Кісі жылынатын отты әр жерден-ақ іздеп жүр, бірақ тапқан жоқ, башпайларын жылытудан үмітін үзіп, оларды қозғап қойып, Слабоданың төбесінде алда аспанда жылмыңдап тұрған Марс жұлдызына көз тікті. Жұлдыз жаны бардай жиырылып, жазылып тұрған тура бесбұрыш. Көз айырмаған кісі миллион шақырым жырақта тұрса да қызғылт жанды жұлдыздан айырылар емес. Ара-тұра жалығып винтовкасының дүмін қарға қойып, қас қағым сәт қалғып кетеді, бірақ бұл мызғудан бронепойыз ешқайда кететін емес, жұрттың у-шуы да басылатын емес. Түсінде бұрын көрмеген көк күмбезі өсіп шығыпты. Түгел қызылға оранып, жаны бардай жарқыраған Марстың құшағында шалқиды. Адам жаны әп-сәтте бақытқа толды. Бейтаныс, Түсініксіз бір салт атты шыға келіп, жылы шырай танытып бұған жақындап келеді. Тегінде бронепойыз түсінде мүлдем талқан болып, оның орнына қар астында қалған Кіші Чугры деревнясы өсіп шыққан сияқты, Ол өзі Чугрдың шетінде тұр да, оған көршісі әрі жерлесі қарсы келе жатыр.

- Жилин, сенбісің? - деді үнсіз, еріксіз адам миы, сол сәт көкірегіндегі қаһарлы күзетші дауыс кеудеден үш сөз шығарды: 

- Кұзет... қарауыл...

Кісі мүлдем адам қолынан келмейтін күш-жігермен винтовкасын жерден алып қолына секіртті де, теңсетіліп аяғын жерден әрең жұлып ап қайта жүрді.

Ілгері-кейін. Ілгері-кейін. Тұстегі көк күмбезі көзден бұлбұл ұшты, аязды әлем көк жібекке аспанды қайта киіндірді. Зеңбіректің қап-қара апатты тұмсығы шұрқ-шұрқ тескен көк жүзі қайта бүтінделді. Қызыл шырайлы Шолпан жымыңдап, фонарьдың көгілдір айынан кісінің кеудесінде жауап жұлдыз жылтырады. Ол кішкентай болғанымен, бесбұрышты екен.

...

Аударған Сарбас АҚТАЕВ


Soviet society is an artificial, abnormal society. Thomas More imagined such a society and wrote a book called Utopia. Marx later transformed the economic conflict into class conflict. Lenin took advantage of the one-time panic to seize power at the hands of the proletarians, in other words, the masses, the slaves, who were far from culture. He created a Soviet society by modifying Marx's theory. 
Soviet literature is an abnormal work of an artificial society. Broadly speaking, literature is an art that reveals the history of society and the nature of the individual. Soviet literature could not write either - society was artificial and individual authenticity was lost. Instead, Soviet literature reduced artificial, abnormal society to a relational way. The demons in the insane asylum have their own world and environment. But it cannot be written like normal, healthy society. If you write like that, it is a pure lie. 

Soviet society completely destroyed traditional Russian literature. A. Bulakov, M. Zoshchenko were the last representatives of that tradition. From the works of these two authors, you can clearly see how a sane, sophisticated writer understood the abnormalities of Soviet society. In the '40s and '50s of the last century, slaves also persecuted them. At a time when Russian literature was completely replaced by artificial Soviet literature, in the 60s of the last century, we began the so-called "The golden age of Kazakh literature " Think about the true nature of the literature that comes out of it. 

The language of poetry is a closed world for Soviet poetry in general and its successors today. In Soviet Russian literature, after the "Silver Age", most of those who came to the forefront of literature were descendants of a group far removed from the true culture. We are close to it. The main principle of the Soviet government was to bring up orphans whose fathers had died in the war and make them the main representatives of the culture of the proletariat. That's what happened. In the family tradition, the cultural and literary basis is weak, and those who started poetry created literature. It only survives when advertising is strong. 

There are two works that correctly describe the nature of Soviet society in general. The first is philosophical. It is the novel "1984" written by George Orwell. Second, he wrote from a social point of view. Works by A. Solzhenitsyn "One day of Ivan Denisovich", "Gulag Archipelago". 

Ardakh Nurgaz



Кеңес оғамы – жасанды, қалыпсыз қоғам. Томас Мор сондай бір қоғамды қиялдады да «Утопия» деген кітап жазды. Кейін Маркс экономикалық қайшылықты таптық қайшылыққа ауыстырып жіберді. Ленин бір жолғы дүрбелеңнен пайдаланып, пролeтарлардың – анықтап айтқанда мәдениеттен ауылы алыс тобырдың, құл-құтанның қолымен билікті тартып алды. Маркистің теориясын түрлендіре отырып Кеңес қоғамын құрды. 

Кеңес әдебиеті - жасанды қоғамның, қалыпсыз туындысы. Жалпақ тілмен айтқанда әдебиет қоғамдық (қалыпты қоғамның) тарих пен жеке адамның болмысын ашатын өнер. Кеңес әдебиеті осының екеуін де – қоғам жасанды болды да жеке адамға тән шынайылық жоғалды - жаза алған жоқ. Оның орнына Кеңес әдебиеті жасанды, қалыпсыз қоғамды реалистік тәсілмен қалыпты етіп жазды. Жындыханадағы жындылардың өздеріне тән әлемі, ортасы бар. Бірақ, оны қалыпты, сау қоғам етіп жазуға болмайды ғой. Олай жазсаң, тап-таза өтірік деген сөз. 

Кеңес қоғамы дәстүрлі орыс әдебиетін толықтай күйретті. А.Булаков, М.Зощенколар сол дәстүрдің соңғы өкілі еді. Осы екі автордың шығармасынан сен есі дұрыс, талғамы бар жазушының кеңес қоғамынның қалыпсыздығын қалай түсінгенін анық байқайсың. Өткен ғасырдың 40-шы, 50-ші жылдарында құл-құтандар олардың да құулалап тынды. Орыс әдебиетін толықтай жасанды кеңес әдебиеті алып жатқан тұста, өткен ғасырдың 60-шы жылдарында бізде айтылмыс «қазақ әдебиетінің алтын дәуір» басталды. Ойлай беріңіз сондан шыққан әдебиеттің шынайы болмысын. 
Жалпы кеңес поэзиясы мен оның бүгінгі мұрагерлері үшін поэзия тілі жабық дүние. Кеңес орыс әдебиетінде «күміс дәуірден» соң әдебиет майданына шыққандардың дені шын мәдениеттен алыста жүрген топтың ұрпақтары болды. Біз де де соған жақын. Соғыста әкесі өлген, жетімдерді топтап тәрбиелеп пролeтариaт мәдениетінің басты өкілдеріне айналдыру кеңес үкіметінің басты ұстанымы еді. Солай болды да. Отбасы дәстүрінде мәдениетік, әдебиетік негізі әлсіз, поэияны өзінен бастағандар әдебиет жасады. Тек жарнамасы күшті болғапн соң ғана өмір сүріп тұр. 

Жалпы кеңес қоғамының болмысын дұрыс жазған екі шығарма бар. Біріншісі, философиялық тұрғыдан ашты. Ол – ағышын жазушысы George Orwell-дың «1984» романы. Екіншісі, қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан жазды. Ол-А.Солженицыннің «Один день Ивана Денисовича», «Архипелаг ГУЛАГ» шығармалары.

Ardakh Nurgaz


Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты