Dauletbek Baytursin. Тау көшкенде...

176fce680c312583e0b79bc920b6a939.jpg (743×500)

Бұлт шалмасын деп келем таң нұрыңды,

Табалаудан аулақпын тағдырыңды.

Су ластанды, оталды орман қирап,

Еркелері таулардың аң қырылды...

 

Ақша қонып жүрекке, иман үркіп,

Мұз байланды қасат қар миға күртік.

Берер зина, құмарға қолда барын,

Садақа мен Зекеттей сыйдан іркіп.

 

Сыйдан іркіп,айналып ізгіліктен,

Ләззат іздеп ұмтылсаң мұз-мүліктен,

Толқын тұрар мұхитта сунами боп,

Құрлық таудан құлатып құзды үгіткен!..

 

Құдіреттің күшіне басымды иіп,

Арманымды аңсаймын асыл биік!

Ниет және дұғамен дұрысталар,-

Ғапылдықтан жанып тұр ғасыр күйіп.

 

Тау қозғалып, топырақ сең көшуде.

Құлап келіп кім кепіл көмбесіне?

Опырылып ортасы сырғанады,

Көрсетілген бұл сынақ пендесіне!

 

Ұлықтадық Құранға қарсыларды,

Соның бәрін көріп тұр ғаршы мәңгі.

Көмкерілген көк шыммен милион жыл,

Жер қыртысын көрдің бе, аршығанды!..

 

Сілкіністер, ағыстар, аударылған,

Ескерту бұл пендеге тау-жағынан.

Жаратқанға жалынам, кешірегөр,-

Бір Аллаға құл басым арға құрбан!

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты