Taskhin Torezhan. Тағы бір жаңа кұн келеме
Қап-қара түн.
Қараймын терезе сыртына,
Түн шымылдығын жауып тұр жұртыма.
Тым-тырыс ...
...Қым-қуыт қимылдар жүруде,
Қылықтар билік құрады шылқыма.
Қара түн...
Көзге ұрып адамдар сұлбасы.
Жақындап келеді бір, екі, бір басып.
Жүрегім дамылсыз кеудемді тепкілеп,
Бұзғысы келеді
Ол күнге, нұрға асық.
Қара түн қымтап маңайды,
Ұйқыға көмілген.
Тып-тыныш.
Оянбайды,
Ойы бар не білген.
Ұйқылы-ояу жүр жандар,
Тым алыс,
Арамыз,
Дауысым жетпейді,
Қараймын терезе - өмірден.
Оян!!!
Құрамым, қанымның
Жүрегі мен тектес-қалың мұң,
Тағы бір жаңа күн келеме
Таңды бағым - нұр, сағындым.
Терезе ішінде түнді мен көремін,
Асыға күтемін таң атар, сенемін.
Таңы бар жандар қандай бақытты,
Тағы бір күн келе ме?
Кұн-бағым, керегім.
Терезе ішінен сыртқа қараймын үздігіп,
Қараңқы түннен іздеймін ізгі үміт.
Тағы бір күн келе ме?!
Біздің аймаққа,
Нұрынан шашылып таусылмас ізгілік.
Тасқын Төрежанов (Taskhin Torezhan): Күле қарайды жұлдыз
https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=3588