Pablo Picasso. Біз Cubism-ды жаратқан жоқпыз...

8bedad7045cd97f4fc95b43fa2af0d4a.jpeg (1920×1280)


Біз Cubism-ды сезінгенде біз оны жаратқан жоқпыз, біз тек жандүниеміздегі бар нәрсенің бетін аштық. 

Біздер сөзсіз соған жетеміз, деп алдымызға жоспар жасаған емеспіз, менің достарым, ақындар сезді бірдеңеге қарай бара жатқанымызды, бірақ, олар да алдын ала ештемені білген жоқ. 

Жұрт мені «ізденуші» деп айтады, алайда мен іздеуші емеспін, мен барды көремін. 

Жұртқа түсінікті шығар деп ойлаймын, өнер ақиқат емес. Ол басқаша қарау немесе ақиқатты екінші қырынан түсінуге деген мүмкіндік. Жұрт Cubism-нен тұлғаға деген түсінігін жаңартқаны анық.

Суреттің өз болмысы бар, ол өзі бейнелеген объектісін қайталауға міндетті емес. Мен сурет салғанда суретші көрген дүниесін емес, таныған дүниесін салуы керек, деп қараймын. Картина туындатқан бейнені ғана емес, соған қатысты танымды да беруі тиіс.

Менің картиналарыммен жеткізсем, деген дүниелерден тұрады. Олар неге олай болып шықты, бұл жағы мені қызықтырмайды, олар өз болмысымен өмір сүреді. Картинаның аяқталатын кезі де бар. Кейде ол үздіксіз толықтырып, жамап-жасқауды да қажет етеді. Айтайын дегенім мұнда (Cubism) көп нәрсе өзгеріске ұшырайды, бірақ, түпкі болмыста ештеменің тегіннен-тегін немесе ештеңенің өзгермей сол күйінде қалғанын байқайсың.

Салып жатқан картинаны алдын ала қалай болып шығатынын біле алмайсың. Бірақ, бір нәрсе анық, картина үздіксіз өзгереді, толығады, жаңарып отырады. 

Суретші бар көркемдікті өз қолымен жойғанда, ол оны жоққа шығарып жатқан жоқ. Ол оны сұрыптап, толықтырып арыдағы мәнге одан ары жақындауға жұмыс істеп жатыр. Соңында картина бетінде қалатыны алып тастаған дүниелер мен қалған дүниелердің келісімі ғана. Бұл деңгейге жетуде ешкім картина бетінде нақты не болып, не қойғанын дәп басып айтып бере алмайды, деп ойлаймын. 

Күңгіріт картина деген болмайды. Басында бәрі нақты дүниеден басталады, тек жүре келе әлгі нақты дүниелер картина бетінен кете бастайды, мұнда тұрған ештеңе жоқ, танымның өзі заттың (материаның) өшпейтін ықпалын сақтайды. Өте байырғы дәуірден қалған туындылардың болмысында әне сондай қасиет бар. Ол түсінік пен сезімді біржола тұтқынына алған. Олар картинада бір жола қалады. Мұндай келісім оңайшылықта көзге түспейді. Оны тек сезіну керек. 

Қаласаң да, қаламасаң да, табиғилықтан асып кете алмайсың. Оған қарсы да жүзе алмайсың. Ол адамның еркінен асып түсетін күш-құдіретке жатады.  

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты