Eugene O'Neill. Жан қалауы үшін жазатындар аз, содан табысқа жетеді...

0ddaff4abb753a46ad3bdbd6a6967d1c.jpg (800×1051)

Пьесамен оның сахнадағы нұсқасы қабыса бермейді. Бұл түйін талантты драматургтердің жұмысында үнемі жүз береді. Жақсы шығарманың қойылымы қанша керемет өтсе де, түпнұсқаның деңгейін бағындыра алмайды. Өз басымнан айтсам, менің шығармаларымның керемет қойылымы бар,- олар мен ойлаған деңгейде, деп айта алмаймын. Менің қойылым өткен соң, пьесаны қайтып оқымайтын себебім де содан.

Бүгінгі драматургтер қалайда өз дәуірінің тереңінде жатқан қайшылықты, қақтығыстарды көре білуі тиіс. Жаратушыны жоққа шығарған, ғылым жаңа Жаратушы бола алмай отырған, діннің рухани дүниедегі бостығы толмай тұрған қоғамда өмірдің мәнін түсіну өлімнен әлдеқайда күрделі де, маңызды. Шығармашылықта табысқа жетемін деген драматург немесе жазушы осы мәселені айналып өте алмайды. Егер, бұл түйін орындалмаса, шығармашылық ұсақ-түйекпен айналысқан, бәкүн-шүкін көп сөзден тұратын қойыртпақ, даңғаза, мағынасыз дүние ғана болып шығады.

Егер драматург жақсы психолог болмаса, ол жақсы драматург болып жарытпайды. Мен мықты драматург болуға үздіксіз талпынып келемін. Меніңше З.Фрейд  адам баласының өткен тарихында санада қалған болжаусыз, күрделі ізін анықтауына көмектесті. Драматург ретінде айтарым, оның ашқан жаңалықтары театр үшін таңсық дүние емес.

Мен З.Фрейдтің шығармаларын жоғары бағалаймын. Бірақ, оған бас ұрып кетпеймін. Егер, менің «Қарағаштың түбінде, нәпсі» шығармамда фрейдше ұстаным бар десе, мен олар шығармада өз еркіне сай пайда болды, мен тықпалаған емеспін, деп ашық айта аламын.

Кімдер театрға сын жазады? Олар үш топқа бөлінеді. Театр туралы жазатын газет тілшілері, кәсби мамандар және театрды шынай түйсігімен түсінетін сыншылар. Газет тілшілері кешкі қойылымда қандай оқиға баяндалғанын, кімдердің қандай рөл ойнағанын жеткізеді. Мен бұл адамдардың қойылымның оқиғасын оқырманға майын тамыза айтып беретініне сенімім кәміл.

Кәсби мамандар туралы айтпасақ та болады. Олардың сөздері өздерінің кәсби білімін көрсетуден ары аспайды. Ал шынайы театр сыншылары, меніңше олар қашанда сенің талабыңнан асып түсіп отырады – олар шығарманы сындасын немесе жоғары бағаласын осы талаптан шығады.

Мен сахналық шығарма жазып ақша табамын, деп ойлап көрген емеспін. Мен тек жаныма жақын болғандықтан шығармашылықпен айналыстым, оның табысы бар ма, жоқ, ол туралы ойланған емеспін. Соған қарамастан, мен шығармаларым арқылы ақша таптым және аз ақша емес. Бұл ақша үшін емес, жан қалауы үшін шығармашылықпен айналысатындарды ынталандыратын жағдай деп ойлаймын.

Негізі, ақша үшін жазатын адамдар баршылық, бірақ, олардың бәрі бірдей өз мақсаттарына жетті, деп айта алмаймын. Жан қалауына бола шығармашылықпен айналысатын адамдар өте аз, сондықтан да олар табысқа жетеді, ақша да таба алады.

Αἰσχύλος пьесаларының негізгі ерекшелігі сезім мен оны жеткізудегі асқақтық пен айдындылығында. Бұл жағынан оның шығармасы  Σοφοκλῆς пен Εὐριπίδης шығармаларындағы элегиялық ерекшеліктен басқашарақ келеді. Оның «Prometheus» пьесасы ең бір трагедиялық сарыны басым туынды. Соған қарамастан, Prometheus-тың бойында Құдайға тән қасиет бар, басқаша айтқанда ол адамнан жоғары тұратын ерекшелікке ие болмыс. Αἰσχύλος шығармалары күш-құдіретке тұнып тұр және соны саған еркіңнен тыс сіңіріп жіберетін қасиетке ие. Бұл жағынан ол өзге драматургтардан мүлде үстем. Ол адамға ғана емес, Құдайларға тән әділ жаза мен тыслымдікке саятын ұстанымдарды қорғайтын құдіреттілік сияқты. Оның кейіпкерлерінің өзі адамнан биік тұратын болмыс болып қана қалмай, олардың іс-әрекеті мен жалпы ауанындағы дүниелерден де біз өзгеше бір тылсым күштің төрелігін сезініп тұрамыз.

Αἰσχύλος сахнаға үлкен жаңалық әкелген тұлға. Сондықтан да оны басқаларға салыстырғанда «трагедияның атасы» деп айтсақ, құп жарасады.


«Eugene O'Neill шығармаларының толық жинағынан (VI)» алынды.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты