Cансыз қолдардан өтіп бізге жеткен алау

5b6f818b93c69468cba018b05717d62e.jpg (2397×2458)

 

(Ирландияның драматург, жазушысы Сэмюэл Беккетке Швеция əдебиет академиясының 1969 жылғы Нобель сиыйлығын ұсынғандағы арнау сөзі)

 

Өткір қиялдау қүдіретін логикаға сіңіріп, нанымсыз деген дүниелерді қазбаласа оның ақыры қашанда шындық пен жалғанның илеуіне бірдей түскен жалқылау бір дүниеге ұласады. Немесе ол айтқанның Ирландиялық біреу болып шығады. Егер Ирландиялықты ауызға алар болсақ, жоғарыдағы сарынның бөгенайы бірден анықталады. Нобель силығының бұрындары бөліп берілген кездері болған, қызығы сол биылда сол үрдіс жалғасын табайын деп тұр. Осы жолы Нобель сыйлығы бір адамға, екі тілге, үш елге, онда да бөлшектенген бір мемлекетке берілмекші.

 

Сэмюэл Беккет 1906 жылы Дублинде дүниеге келген. Арада жарым ғасыр өткен соң оның аты күллі əлемді шарлап кетті. Үш жылда жариялаған 5 шығармасы қаламгерді бірден бүгінгі əдебиеттің төріне шығарды. Бұл бес шығарма 1951 жылы жарық көрген «Моллой» мен «Малоненің өлімі» романы, 1952 жылы жарық көрген «Годотты тосу» пьесасы, 1953 жылы жаряланған - жоғарыдағы романдардың заңды жалғасы есептелетін – «Аты өшкен адам» кітабі, сондай-ақ 1942 жылы жарық көрген «Вать». Бұл шығармалардың жарыққа шығуы осы заманғы (модернизмдік) əдебиетті түрлендірді десек онымыз тіпті де артық емес.

Жоғарыдағы шығармалардың жарыққа шыққан уақыты олардың жазылған уақытынан немесе ілгері-кейіндігінен дерек бермейді. Тереңірек үңілер болсақ, шығармалардың жазылуы сол тұстағы орта жағдайымен, қаламгердің алғашқы қалыптасу барысымен барынша үндеседі. С. Беккеттің соңғы шығармаларының мəн-мағанасынан ғана біздер оның ау баста жазған «Мулер» романын, сондай-ақ жазушының 1920 – 1931 жылдар Жамьс Жойс, М. Прусттен алған əсерінің қаншалық маңызды болғанын түсіне аламыз. Жазушының проза мен пьессаның бейнелеу тəсілінде ашқан жаңалығын Ж. Жойс, Прост, Ф. Кафкалардың əдебиеттегі дəстүрінің жалғасы деумізге тұрады. Жазушының оданда ертеректе жазған драмаларынан 18 ғасырдың 90 жылдарындағы Францоз əдебиеті мен Альберт Жиердің «Убол. Ройнің» ықпалы көрініс тапқан.

Белгілі мағанадан айтқанда «Вать» С. Беккет шығармаларының бұрылыс кезеңіне тура келеді. Сол тұста Парижды мекен еткен жазушы немістердің баса-көктей кіруімен Францияның оң түстігіне қарай жылжыған. Осы 1942-1944 жылдарда жазушы өзінің жоғарыдағы романдарын жазып тамамдаған. Бұл кітабын С.Беккет көп жылдардан бері қолданып келген Ағылшын тілінде емес, тіке Францоз тілінде жазған. Оның жер жарған даңқы да осы тұста шыға бастапты. Жазушы араға он бес жыл салып барып ағылшын тіліне қайта оралған. Жазушы «Вать» тамамдап, екінші шығармасын сомдауға көшкен тұста дүниеде көптеген өзгерістер болған еді. Жазушының өзге шығармалары 1945 – 1949 жылдарда жазылды. Бəрі де 2 дүние жүзілік соғысты тақырып етті. Соғыстан кейін оның шығармалары дара стильмен бірден жұрт көзіне түсті. Екінші дүние жүзілік соғыс С.Беккетке тікелей, айталық өзі қатынасқан «Қарсылық көрсету ұйымы» тұрғысынан емес, басқа жағынан - тозақтың бет-пердесі ашылып, адамзат зорлықты күштің текпісінде итшелеп өмір сүрген, үрейден есі кеткен, азғындаған бет-бейнесімен, сондай-ақ жан иесінің құрдымға құлаған шақта да өмір есігін қағыудан бас тартпайтын жанкештілігі болып əсер еткен. Содан да болар, С. Беккеттің шығармалары қашанда адамның азғындауын басты қазбалайтын тақырып етеді. Ол сомдаған адамзаттың тіршілік ортасы сүркейлі əрі даңғазаға толы. Мұны өмірді терістейтін пиғыл деуге де болар, деседе ол осысымен бағалы, оның бойында түбіне жетпей тынбайтын қайсарлық бар, бұл тақырып ежелден трагедия мен поэзияға мəңгілік арқау болыр келеді.

Мұндай терістеушілік қайта қайрылып бізді өзіне кереметтей тартатын құдіретке ие. Ол күш - қараңғылықтың түптің-түбінде жарықтың қайнар көзі болатыны, түнерген түннің шуақты күннің төркіні екені турасындағы тасада–санамыздың тасасындағы сенім немесе алаулап жанған шырақ. Адам бойында мəңгі сөнбейтін бұл шырақтың атын бір ауыз сөзбен бауырмалдық деп атауға болады. Бұл өзі сансыз қолдардан өтіп бізге жеткен алау. Аристотель байырғы Гретция трагедияларынан өзінің бауырмалдық пен қадір-қасиетке құрылған тазару идеясын келтіріп шығарған. Керіден оң мағана шығаратын мұндай түйсік Греция трагедияларымен ғана шектелмейді. Адамзаттың А.Шопенгауэрдің қасіретінен алғаны, Челиннің аңқылдақтығынан алғанынан əлде қайда басым. Біздер де бүгін Паскалдың лайықты күмəншілдігін дүниенің жарқын жағын асыра дəріптейтін Лебниездің көзқарасынан жоғары қоя бастадық емес пе? Ирландия əдебиетінің С. Беккет шығармаларына жасаған əсеріне келсек, С. Беккет Ж. Светтің адамзаттың қара түнекке үйір қаскөйлігін сүреттеген шығармаларын О. Голдсмиттің ауыл ертегілерінен əлде қайда артық бағалайтынын байқадық.

С. Беккеттің дүниеге көзқарасына назар салғанда мынадай екі түрдегі түңілушліктің шек-шегарасын айырып алғанымыз жөн: Оның бірі бəрінен көзсіздікпен бас тартатын түбегейлі түңілушілдік. Енді бірі, қағыс қалуға болмайтын қаттігез ортада, бар болмысқа тек қасіреттің көзімен ғана қарайтын торығушылдық. Алдыңғы көзғарас тіршілікте ештеменің мəні жоқ, содан да болашақ деген жоқ нəрсе, деп қарайды. Соңғысы болса, дəл мұның керісінше, тіршілікте мəн болмаған екен, онда қадір-қасиет, құн деген де болмайды, дейді. Біздер осыдан аз бұрын адамзаттың бұрынсоңды басынан өткізбеген азғындауын басынан өткізгенін көзімізбен көрдік. Егер жоғарыдағыдай адамдық құндылықтың бар екенін терістесек, онда азғындыққа кесім айтудан мүлде қаламыз. Адамзаттың азғындауынан туындаған қасірет біздің жүрегімізді езсе ғана, ол қайрылып келіп көкірегіміздегі құндылықтың, адамдық қадір-қасиеттің салмағын арттыратын болады. Міне бұл іштей тазару немесе С.Беккетше түңілушіліктің күшқұдіреті. Бұл қам көңілділіктің тереңінде телегей теңіз бауырмалдық, күллі адамзатқа құшақ ашқан мейір жатыр. Себебі, үмітсіздік шегіне жетіп, қасірет қайыстырғанда адам өзінің сірə нені қолдан шығарып алғанын шын мəнінен терең сезінеді. С.Беккет шығармалары адам бойындағы қастерлі сезімдердің күйреуін бейнелеуімен күллі адамзаттың бақытсыздығын көтереді. Оның жоқтау сарынына толған шығармаларының əуенінде бақытсыз адамдардың күрсінуі мен жапа шеккендердің үміті сақталған.

Бұлар С. Беккеттің көзге ұрып тұрған екі шығармасында айшықты бейнеленген. «Годотты тосу» мен «Па, шіркін! Қандай көркем дүниенің» екеуі де «Інжілге» жасалған түсіндіру, деп бағаланады. Айталық «Годотты тосу» да мынадай сөйлемдер бар: «Сен өмірге əлгі қайта оралатынсың ба, əлде біз тосып отырғансың ба?» Пьесадағы екі қаңғыбас бет келген дүние жатырқаушылыққа толы қаттыгез, мағанасыз дүние. Бұл пьеса адамгершіліктің исі аңқып тұрғанына қарамастан, заң-түзімнен туындайтын қаттыгездіктен асқан қаттыгездіктің жоқ екенінде əйгілейді. Пьесада адам бойындағы қабындаған қараниет қашанда заң-түзімнің төбесіне шығып алады. Егер де біз өзімізді жаратқан, адамзаттың төзімділігін сынағысы келетін, қасіреттерді қолдан жасап отырған біреу–құдай бар деп қарасақ, онда пьесадағы екі қаңғыбасқа ұқсас–онымен кездесуімізді қалай ұйымдастырамыз? Бұл сұраққа С. Беккеттің берген жауабы пьесаның аты. Пьесаның ақырында біздер Годот дегеннің кім екенін біле алмаймыз, бейне өз өміріміздің соңғы аялдамасын біле алмай кететініміз сияқты оны да біле алмаймыз. Сахананың пердесі түседі, көз алдыңда өткен көріністерден сен сең соққандай боласың, көкірегіңе бір ағын құйылады. Деседе, қаншалықты қайғы жұтып қасіреттенгеніңмен сенде бір нəрсе мұжылмай қалады. Оның аты ҮМІТ. «Годотты тосу» адамзаттың мəңгілік біліп болмайтын келер күнге ұстаған позетциясын бейнелеген.

Екінші пьеса «Інжіл» көп жақтан адамзаттың өмірдегі талғамымен байланысады, олардың қатынасы сенімен жаңғырықтың қатынасы сияқты. С. Беккет пьесаның түсіндірмесінде шексіз-шетсіз құмды шөлде отырған біреудің қиялына түсінік береді. Дегенмен пьесаның көтерген тақырыбы бұл емес. Құмда отырған адам үздіксіз құмға көміле береді, соңында тұтастай шөгіп кетеді. Одан тек қылтиып бас киімі мен соңғы дауысы–жаңғырық қане қалады. Алайда, үнсіздік қанша басып жаншығанымен құмға батқан адамның артында қалған əлгі бас киім мен жаңғырған дауысы тіпті де есіңнен шықпайды. Ол саған: адам өмір сүреді екен, бəрі-бір өзіне серік іздейді, жалғыздығын бөлісетін жан қалауын табуға мəңгі ұмтылады, деп тұрғандай.

Швеция əдебиет академиясы С. Беккеттің бүгін бізбен бірге бола алмағанына өкініш білдіреді. Солайда ол кісі шығармаларының маңыздылығын жұрттан бұрын түсінген Париж баспа орталығының деректоры Лендон мырзаны өзі атынан силықты қабылдап алуға ылтипат білдіріпті. Біз Лендон мырзаның мəртебелі патшамыздың қолынан Нобель силығын алуын сұраймыз.

 

Аударған Ardakh Nurgaz

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты