Mo Yan. Қандай ғажайып Қар еді…

55cb05fc88a699807350ce651eca9867.png (470×310)

Екі жылдың алдында, мен Орхан Памук мырзаның «Менің атым қырмызы» романын оқып, жазушының шеберлігіне таңдай қаққан едім. Түркия консулдығы өткізген шығармашылық кездесуде: «ыстық ауа мен суық ауа тоғысқан жерде, қалайда жаңбыр мол болады, теңіз ағыстары түйіскен жердің айдынында балық көп. Сол сияқты түрлі мәдениеттердің басы біріккен жерден мықты жазушы, бірегей шығарманың туатыны даусыз нәрсе. Сондықтан Стамбул болады екен, О.Памуктың романдары жазылмай тұрмайды» дедім. Менің осы сөзімді біраз баспасөз іліп алып қолданды. Бұған өзім де аздап желпініп қалғаным бар. Бірақ, «Қар» романын оқығаннан кейін, сабама түстім. Себебі, әлгінде айтқан сөзімнің олқы тұсы бар екен. О.Памук мырзаның даралығы мен өнердегі тереңдігін анық бағамдай алмаппын.

Әрине Стамбул Еуропа мен Азия құрлықтарының түйіскен тұсында жатыр, тарихы шұғылалы әрі ұзақ, көптеген мәдениеттер мен өркениеттің басын құрап жатқан жер. Оның О.Памук мырзаның шығармашылығына әсер етпей қоймасы анық нәрсе. Бірақ, О.Памук мырзаның дарыны, оқып түйген мол білімі, адамзаттың тағдыр-тәлейін сөз етуге баратын шығармашылық қарымы Стамбулсыз да қайталанбас деңгейдегі шығарманы беретіні, жазушы ретіндегі шұғылалы мүмкіндігін сәулелендіре алатыны онсыз да анық нәрсе еді.  «Қар» романы осы сөзіме дәлел. Төменде мен романның көркемдік қасиетіне бірнеше тұрғыдан тоқталып өткім келеді.

 

1.    Баяндау тәсіліндегі күрделілік.

Ф.Кафка кейіпкері К-ны бастан ақыр жамбылдың сыртына қаңтарып қоятыны бар. Ал О.Памук кейіпкері КА-ны сол ортағы – қалаға кіргізеді, қалаға ғана емес қаланың сентіріне, барлық қайшылықтардың өзегіне бастап барады. Оқырман КА-ға еріп біртіндеп тылсым сарайға бойлап енеді, сол барыста  дәл КА-ның өзі сияқты тосырқайды, үрейленеді, соңында қаладан кеткенге дейін бақытты да сезінеді, қайғы да құшады, торығады, долдананы, салыны суға да кетеді, қызғанышқа да бой алдырады, айта берсең адам бойындағы тылсым сезімнің бәрін басынан өткеріп шығады. Шығарманың соңында КА өзінің махаббатын іздеген осынау сапарының неге өлім сапары болып аяқталғанын түсіне алмай кеткені анық. Бірақ, оның себебін оқырман аңғарады. Бір қарағанда кіршіксіз махаббат құштарлығы болғанымен, негізінде, ол қыстыққан нәпсі мен өзімшілдікке, жалтақтыққа толы сезім еді. Осындағы оқырманның кейіпкерден асып түсіп әлгіндей түйінге көз жеткізе алуын біз тікелей жазушының баяндау шеберлігіндегі ерекшеліктерден таба аламыз. Осындағы О.Памукке ғана тән баяндау тәсілі кейіпкер мен оқырманның арасындағы рухани кеңістіктің ашылуына мүмкіндік берген.

«Қар» романы кейіпкер мен оқырманның арасында әлгіндей рухани кеңістік қалдырумен ғана шектелмейді, ол бір оқиғаны екінші оқиға қымтап жатқан, бір кітаптың ішінде бірнеше кітап бар, құрлымы ерекше шығармаға жатады.

Әлгі театр режиссері қаладағы теарда екі қойылым қоятыны бар. Осылар романның желісін бір биіктен екінші биікке көтереді. Екі қойлым шындық пен жалғандыққа толы, шығармаға абсурдтық бояу береді, романның жалпы ауанына негіз қалайды. Осыған жазушы Памук жазуға ниеттенген «Қар» романын, тағы бір Орхан шарық ұрып іздеген «Қар» атты шығарманы және КА-ның «Қар» атты өлең жинағын қосыңыз. Осы дүниелер тоғыса келе әсілінде саяси түс алатын шығарма бірден сезімді селдететін көңіл елжіретерлік шығарма болып шыға келген.  

 

2.    Айғай-шуға толы дүние

Шығармашылықта жазушының өзіндік тұрғысы болады. Кейбір жазушылар шығармасында өзі алдыға шығып, бәрін баяндап, кесіп-пішіп жатады. Енді бір жазушылар өзі тасада қалады да, әлгіндей жұмыстың бәрін кейікперге артады. О.Памук мырза осының соңғысына жатады. Меніңше, түрік қоғамының тереңіне бойлайтын мәселеге қатысты болған соң, жазушы әдейі осы жолды таңдаған.

...

3.    Көлкөсір символдық белгілер

 

О.Памук мырзаның керемет бір жері ол не жазсада көпірме көбік сөзсіз, нақты жазған. Романда қар туралы тоқталатын жүзден артық тұс бар. Бәрінде жазушы өте нәзік әрі түсінікті тілмен береді. Себебі, жазушы қарды жазып отырғанымен, мұнда кейіпкері КА-ның дәл сол тұстағы көңіл-күйін беріп отыр. Содан да әлгі қар қарапайым болғанымен ғажайып қарға айналып кеткен. Символ осылай туындаған.

...

 

4.    Роман нәзік баяндау мен таң қаларлық теңеулерге тұнып тұр

«Қар» романының жоғарырдағыдай көз тартарлық ерекшеліктерінен тыс, бірегей, нақты және теңеуге бай жазу мәнерінің алатын орыны өзгеше. Романда мынадай сөйлем бар:

«Май шам жанып тұрған ас столын көріп, ол жақын барды. Столды қоралап отырғандар мен олардың қабырғадағы көлеңкелері бұрылып КА-ға қарады».

Осында жазушы кейіпкерді ғана емес, олардың көлеңкелерін де жазып жіберген. Мұндай сөйлемді ерекше байқағыш жазушылар ғана жаза алады.

...

Осы тектес сөйлемдер О.Памуктың өзге шығармаларында да жиі кездеседі. Жазушыны осындай ерекшеліктер даралап тұр. Оның дәл, нәзік әрі тиімді жазу тәсілі бейнелі сөздермен, теңеулермен көмкерілген. Бұларды машықтану арқылы игеруге болады, бірақ, оның талантқа тән қасиеті де бар.

Менің қытай жазушыларын О.Памуктан үйреніңдер, деуге құқығым жоқ, бірақ, өзімнің одан үйренерім көп.  Әрине, барлық дүниені үйреніп кете алмайсың.  

    Қытай тілінен аударған Гүлнар Ақан.

   

Сілтеме:

Ардақ Нұрғазы: Мемлекеттік төңкеріс және жазушы

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=4&id=3422


Goran Malmqvist. «Қара кітап» қандай шығарма?

https://www.thebilge.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=3&id=3897 

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты