Т. С.Элиот: Шөл

Т. С.Элиот(T. S. Eliot): Шөл  

«Ойнап жүрген балалар асулы шарбақта қамаулы тұрған дәруіш кемпір Сублден грек тілінде “сізге не керек?” деп сұрады, сонда әулие кемпір: “өлім керек!” деп жауап берді.»  

“NAM Sibyllam quidem Cumis ego ipse oculis meis vidi in ampulla pendere , et cum illi pueri dicerent: ∑   ;respondebat illa:  .” 


(Жыр ғұламасы Э.Паундқа арнаймиын)

 For Ezra Pound 

 il  miglior fabbro 


 1.  Жаназа

Сүреңсіз сәүірде, құаң далада 

Қалампыр өскен, елестермен үмітті 

Біріне бірін өбістіріп, сосын көктемгі жаңбырмен 

Дүрілдеткен тамырымен бұтағын. 

Бізді қыс жылындырған , қара жер 

Үміт болып ???? арқасында қасат қарлардың, шақырады тағы

Шемен болып қатқан түбірге азда болса тіршілік. 

Ғайыптан жаз келіп, себерлеп жаңбыр жаұғанда 

Жеттік старын бергеріске, көридорде ықтасын етіп тұрдық біз, 

Күн шыға кірдік тағы ?????

Кофе іштік, қычыр кеңес бір сағат 

Орыс емеспін, литауаннан келген нағыз неміспін.

Жүруші едік бала кезде нағашы жақта 

Нағашы ағам үйінде, ол мені жетелеп шығатын қар шанамен сырғанаққа, 

Менде зәре жоқ. Дейтін ол, Мари, 

Мари ,менен мықты ұста деп. Біз еңіске қойып беретінбіз.

Тауда сезуші ең еркіндікті. 

Кітап көрем түн ортасы болғанша, қыста мен баратынмын түстікке.

Қай ағаштың тамыры тас тартып, қай ағаштың бұтағы 

Тас жарған ? ей, адам,  

Айта алмайсың, біледе алмайсың, үйткені сенің тек білетінің 

Бір топ тозығы жеткен бұттар, күн қамшысының осқысынан 

Қураған ағашта көлеңке жоқ. Шегірткенің шырылы орнықтыра алмас көңілді , 

Тас жарығымен аққан судың сылдыры білінбес. Тек ғана 

Мынау қызыл тастың астында бар көлеңке. 

Осы қызыл тастың көлеңкесіне барып кіріңіз 

Бір жәйітті көрсетейін мен саған, ол әсте ұқсамайды 

Бұрынғы сенің көлеңкеңе, сенің артыңнан жүгіретін, 

Әлдеде емес кештегі, тік тұрып сені қарсы алатын, 

Көрсетейін саған қорқыныштың бір уыс топырақта жатқанын. 

Самал ессе тербетіп, 

Жепініп мен тұрамын,

Ерладиялық балақай ,

Қайда сенің тұрағың?

Бір жылдың алдында беруші ең желден хат. 

Атайтын олар мені желмен хат жазатын“бойжеткен”деп 

Бірақ қайта айналып келгенімізде, кешіктік???

Желді хаттың ауласынан келе жатқан, 

Шымыпланған білегің, күлтеленген шаштарың, шықпй қалды

Үнім, көзім көрмейді, емеспін мен 

Тірі, өледе қойғам жоқ, ештемеде білмеймін, 

Жарықтардың шоғырына қарап ем, тек ғана тыныштық.

Аңырап бос жатқан анау теңіз. 

Мардажүнжүн Чүлис, атақты уәзір әйел, 

Тымауратқан тым қатты, бірақ сонда да 

Аулобадағы ең кемеңгер, ең ақылды әйел сол, 

Ең сойқан ??? қартасын қолына ала тұрып, бұнда ол айтты,

Сенің қартаң, суда тұншықтырып өлтірген Матрос Финихиды , 

Мынау інжу әне соның көзі, қара 

Бұл билодона, құз тастың әйел қожасы 

Тез өзгергіш бір әйел. 

Бұл әйелдің үш таяғы ьар, мынау сонің “шығырығы”

Мынау әлгі жалғыз көзді саудагер, бұл қартаның бетінде 

Түкте жоқ, бір нәрсесін ол арқасына көтерген. 

Маған көрсетуге рұхсат етілмеген. Таба алмадым 

“анау дарыға аслытын адамды ”. Суда өлуден қорқам. 

Қара нопыр адамдарды көрдім , шеңберден айналаып өтіп жатқан . 

Рахымет саған. Сенің сүйікті Айкүр ханымды көргенің  де 

Айта сал мен оған ұжымақтың картасын беріп жіберем деп, 

Осы жастағы кісілер абай болсыншы.


Сонымен тұлғасыз қала, 

Қысқы таңның сары тұманы астында, 

Лондон көпірінен сусылдап өтті топты адам, тым көп саны ды,

Ойламаппын — ау өлімнің осығұрша адамды күйретерін. 

Күрсіну сылбыр басып арасында, лоқсиды, 

Бәр бәрінің көзі тек аяқтарының ұшына қадалған, 

Ағылып тауға, ағылып ??? патша көшесіне, 

Тура тартып ???? шіркеуіне, уақыт қоңырауының 

Соғылғанда ең соңғы тоғызыншысы, ең ауыр сол туні. 

Жолықтым сонда танысқа , аллымды тосып ??? деп саңқ етті  

Кезінде милидегі кемеде бір болғанбыз сен екеуіміз 

Былтыр бақшаға еккен едің өлік бас, 

Бүрледі ме бұл ашалама гүл?

Жоқ әлде кенет түскен қыраудан күл парша бол ма оның гүл табағы ?

Мынау аю жұлдыз кетсінші арырақ, досы ғой ол адамның, 

Сүйтседе ол тырнағымен қопарып салар онысын 

Сен көлгірсіген оқырман — менің қандасым — менің бауырым.


2. Дойбы дода 

Ол отырған орындық , жарқыраған алтынтақ бейне мырмордың 

Мырмордың үстіне нұр шашқан, 

Бетіне жемістер сабағының бедері ойылған 

Тағы бір кішкентай махаббат періштесі басын содан қылқитқан 

Енді бірі көзін тасалаған қанатымен

Жеті тұғыр шамның жалыны биіктетіп,

Үстел бетіне түскен сағымын.

Күй сандығынан төгілген әуендер тамылжып,

Оның

Жаһұттардың жылтылдпған сәулесімен тоғысқан 

Піл тісі және түсті шынылардан жасалған аузы ашық 

Кішкентай құтыларда, ғажайып хош иістер жасаырынған—

Қоймалжың, ұнтақ немесе сұйық — сезімге 

Тыныштық бермей, мастандырып, хош иіске тұншықтырған тыныстап 

Терезе сыртындағы таза ауа үлпілімен, хош иістер 

Көтерілгенде көкке, ұзақ жанған жалындарды лаулатып,

Түтінімен бүркеп төбені, 

Бұлдырғып көрсетпей түндік қағаз өрнегін.

Теңіз суы шайған ағашқа қақталған жез

Жарқырайды алаулап, төңірегіндегі түсті тастарға, 

Мұң арқалаған жарық астында жүзіп бара бара жақан делфайын ойылған 

Анау байырғы қабырға пештің бетінен көрінеді, 

Терезе саңлауындай кең дала, 

Бейлумила өзгерткен тұлғасын, жолығып қанқұйлы патшаның 

Қаһәрына бірақ сонда ана бір сандұғаштың 

Қарлықпйтын әуені байтақ шөлді кернеген, 

Шақырып тұр ол әлі, бүкіл әлем де тынымсыз, 

“шиық—шиық” әндетіп арам құлақтарға.

Жәнеде басқа уақыттардың кепкен тамырлары 

Із қалдырып там бетіне күманмен қараған адам бейнесі 

Денесін созып, қисайып, тастай жабық есікті тыныштыққа бөлеген .

Сатыда біреу аяғын сүйрете басаып барады. 

От жарғында, сылағыштың астында, шашы оның 

Додырап бейне шашыраған ұшқындай 

Өрнегін түзіп сөздердің, содан соң жабайы түнеріске көшкен .

“бүгін руықсыз бен өте жаман. Солай, өте жаман. Бірге болшы менімен. 

Кеңесші менімен . Неге сөйлемейсің қашанда . айтсаңшы . 

Сен неге ойланасың, Не ойлайсың, Не,

Сенің не ойлайтыныңды мен ешқашанда біле алмаймын . Ой.”


Осы біз тышқанның ініндемізбе деп ойлаймын,

Онда өлген кісінің сүйегі де жоқ болар.

“Бұл не дыбыс”

Жел болса төменде. 

“бұл тағы не дыбыс,  Жел не істеп жатыр”

Жоқ , ештемеде жоқ . 

“Сен ”???

“Сен түкте білмейсің Түкте көрмегенсің Есіңде түкте қалмаған”

Есімде менің 

Ана бір інжулер оның көзі . 

“Сен өлісің бе ? тірісің бе? Миыңда неге ештеме қалмаған ?

Бірақ

Ей ей ей ей шекіспирше жан музыкасы —

Сондай ол ширақы, 

Ол міне ойнақы” ????

“Енді мен не істемекпін, мен не істемекпін,

Мен осы күйімде жүгіріп шықсам, көшеде жүрсем 

Жайып салып шашымды, тап осындый. Біз ертең не істемекпіз?

Біз тегі не істемекпіз?”

Сағат онда су қайнату. 

Егер жаңбыр жауса, сағат төрттегі машинаға үлгіре алмаспыз . 

Біз және бір қол дойбы алып жіьеруге отырамыз, 

Басып алып тынымсыз жанарды, күтеміз есіктің қағылған дыбысын. 


Лердің күйеуі қосыннан шегінгенде, айттым —

Титтейде абыржымастан тіке айттым оған, 

Тездетіңіз, уақыт болып қалды 

Көп өтпей айырпат келіп қалар, сәнденіп ал сәнденіп .

Оныңда білгісі келер ау саған тіс салдыруға берген ақшаның 

Қалай жұмсалғанын. Ол саған бергенде мен қасыңда болатынмын . 

Бәрін де жұлдыр, лиер, әдемісінен салдыр , 

Деп айтқанда ол, расында, сенің мына кейпіңді қомсынамын . 

Мендағы қомсынамын, айтайын, бейшара ерпат үшін ойланамын, 

Ол іскерлікке төрт жыл байланды, шаттыққа бөленгісі келер оның, 

Оны сен қуанытпайсыңба, әсіресе өзгелер, мен айтам . 

Е, солайма, деді ол . Жағдай міне осылай . Айттым мен . 

Ендеше мен кімге рахыметімді айтам, деді ол, маған алара қарап. 

Ұнамасаң, естіші, мен айтайын. 

Дәнеңеде жоқ сен таңдайтын, елдер таңдауға әбден төселген . 

Егер Ерпатқашып кеткен болса, айып етпе мен айтпады деп. 

Ұялмайсың сен, айтайын, монтансығансың. 

Ол әлі отызбірде, 

Амалым жоқ, дейді ол, ьетімді қалыңдатып жүре берем , 

Сол бір дәріні іштім, түсік тастауға, дейді ол.

Міне оған бесеу болды. Кішкентай жорыш жанында ала даздаған 

Ештеңе етпейді деп айтадаы дәріхана қожасы, бірақ мен бұрынғыдай емеспін . 

Барып тұрған ақымақсың, дедім мен .

Жетер, ерпат саған шандылған, баяны осы, дедім мен, 

Той жасадың несіне бала алуға көнбесең? 

Таздетіңіз, уақыт болып қалды 

Айта бастады, солжексенбіде ерпат үйде болды, шұжық жеді олар бұрқылдатып , 

Олар мені асқа шақырған, ыстығында дәм татуға — 

Тездетіңіз, уақыт болып қалды , 

Тездетіңіз, уақыт болып қалды , 

Көріскенше ертең, бейре көріскенше ертең.  Лоу, көріскнеше ертең, 

мей көріскенше  ертең. 

Хош. көріскенше ертең, көріскенше ертең .

Көріскенше ертең, ханымдар, көріскенше ертең, көріскенше ертең, сүйікті ханымдар, 

Көріскенше ертең, көріскенше ертең. 


3. Тозақ нышаны 

Өзендегі ағаш күркеше күйреген жапырақтардан қалған соңғы саусақ 

Не ұстағысы келеді, сырғып түсіп кетті әне сазды жағаға. 

Анау жел үрлеген қоңырқай даланы естіген ешкім жоқ. Хор қыздары да кеткен. 

Сүйікті таймыс, аға берші ақырын, әнімді айтып болғанша. 

Өзен бетінен ақпайды енді мұз құмыра, ет нан жабысқан қағаздар жылбысқа, 

Торғвн орамал, кәртон қағаз, темекі тұқылы 

Тағы басқа жаз мисалдары. Хор қыздары да кеткен . олардың досы тағы бар, 

Қаладағы ең соңғы байлардың ұрпағы 

Кетті, қалдырмастан әдіресін. 

Рейман көлінің жағасында отырдым мен көз жасаымды жұтып. 

Сүйікті Таймыс, аға берші ақырын, әнімді айтып болғанша. 

Сүйікті Таймыс, аға берші ақырын ,сөзімді айтып болғанша қатты да емес, 

ұзында емес. 

Бірақ сонда да жонымнан ескен суық желден естимін 

Сүйектердің қажалған қытырын, құлағымды жанап өтіп жатыр сайқал күлкілер. 

Шөптердің арасымен сыпылдап бір тышқан 

Шықты жағаға, тақыр жарғақ қарымын сүйрете 

Ал мен тұрмын қыс кешінде, арт жағымда газ зауот 

Тоқтау суға салынған қармақтан 

Еске алам патша бауырмның суға батқан кемесін 

Тағы еске алам оның алдындағы патшаны, әкемнің қаза болғанын .

Ақ тәні жатты жалаңаш шалшықта,

Жатты сонда қураған сүйегі тапал там шатырда. 

Тышқандар ойнақ салады әне сонда жылдардан соң жылдар. 

Бірақ ту сыртымнан естимін мен үнемі, 

Сигінал мен гүрілін машинаның, 

Сонда көктемде, шовиниді ???? Жеткіздім борт ханымға.

Әх, төгілген ай нұры борт ханыммен 

Оның қызын жарқыратқан 

Олар жуып сода суға аяғын 

Бұл балалардың дауысын ай деші, шіркеуде шырқаған 

Жы, жы, жы, 

Жи, жи, жи, жи, жи, жи

Жолықты осындай жауыздыққа. 

Телу 

Сонымен тұлғасыз қала 

Қысқы таңның сары тұманы астында 

Юужиниди мырза ана бір шимайналық саудагер 

Жүздеспеген, дормасы толған мейіз

Бағасы болар жағада, лодұн билетіне қарап төленер, 

Шала пұшық франсозшасымен шақырды мені 

Кайник көшесіндегі мейманханадағы түскі асқа 

Сосын өткізді орда сарайында апталық демалыс. 

Ымырт құшағын кең жайған сол бір сәтте, көзбен жота 

Үстел бетінен көтерілгенде, мынау бір еттен жаралған матор 

Таксидей сілкініп күте қалған тұста 

Мен, терұйсін, көзім соқыр болсада, екі реткі тірлікпен тебірендім, 

Әжім торлаған әйелше омырауы бар шал, итініп 

Түсі сұры ымырт келісімен бетін бұрып үйіне қарай кетіп барады, матрос теңізден қайттыүйіне,

Баспашы шай ішер шақта олда қайтты үйіне таңғы астың сыпырып 

Қоқымдарын, пешін жағып, алып шықты кәнсеруа тағамдарын 

терезе сырты қатерлі тым ашық 

Оның кебуге шақ қалған іш киімдері құшағына тығылған күннің ???? нұрының 

Диванға үйілген,  кеште жататын төсегі 

Байпақ, тәпішке, көкірекше және етпен ет боп жабысатын іш киім . 

Мен, терруис, әжім торлаған омырауы бар шал 

Көрді мынау бір оқиға желісін, келер шақтың болжауын түгел шығарды — 

Менде күтемін аңсаған сол қонақты. 

Анау, безеу бетті жігіт келді, 

Бір кампанияның қызметкері, бұқа көзі шатынаған, 

Ол бір жүрген сұмырай, өн бойы толған жамандық, 

Буридұп милионерінің басына қапталған торғын қалпақ сиақты, 

Уақыт осы сәтте кейін шегінсе лайық болар еді, ол дұрыс болжады, 

Ас ішіліп болған, ширатылады ол? 

Көріп еді сипалап

 Көнбеді ырыққа, қалмады айыпқа.

Қызарды беті, бекіміне келді, шабуылға өтті 

Сумаңдаған қолдары түспеді қақпайға 

Оның көлгірлігіне еш қашан қайтарым болмайды, 

Оған керегі дәл осындай сырлы сезімдер. 

Мен терруис бәрінеде төзгенмін, 

Осы төсек осы дивандағы ойындарға 

Мен кезінде диббибис тамның түбінде отырғанмен 

Сосын сүреңсіз өліктер арасынан да жүріп өттім.

Ақыры садақадай қып бір сүйді де, 

Жолына түсті сипалақтап, сатыда шам жанбаған ...

Ол қайырылып қарады айнаға, 

Сезбеді қөңілдесінің әлде қашан кетіп қалғанын 

Өрбиді оның басында пыспаған ойлар 

“Әйтеу іс бітті біткені жақсы ”

Ару бойжеткен қрдымға кеткен шағында , тағы

Арлы берлі тыпырлайды үйінде жағыз, 

Тұрған машина адам сиақты жаттықтады қолымен шаштарын, сосын салды 

Магнитофонға күй табақ. 

“Бұл музыка су бетінде мені жағалап өткенде ”

Сағалап сытылады, сосын тура тарқан ійел патша видолия көшесіне, 

Ол, қала, қала, кейле мен естимін

 Таймыс қөшесіндегі ретран жанынан 

Мантолинның мұңлы әуенін, 

Ыдыстардың салдырын, адамдардың балдыр шатпағын 

Сүйітсем балық сатушы делдал сонда түске демалуға келіпті онда

Ғибадатхана қабырғасында 

Юуниң тіл жеткісіз әсемделген, ақ және алтын түстес.

Дәрямен ағады тер 

Май және диогар

Қалқиды кемелер 

Ырғағымен толқынның 

Қызыл желкен 

Тым алып 

Желмен бірге, ауыр сырғауылдың басында ырғалып .

Шылқа болған кемелер 

Қалқып жүрген алып қу ағаш 

Ағады гринижы өзені аумағына 

Топты ит аралын артқа сырып.

???????

Илишабай мен леисты 

Жасап жатты қоймалжың 

Кеменің құйрығы айланып 

Алтын жалатқан ұлу қабығына 

Қызыл әрі жалтыр 

Ойнақшыған  толқындар жатты 

Екі жаға арасында құлын жалданып 

Батыс оңтүстік желі жеткізіп төмен ағрға 

Арт артынан соғылған қоңырау үні 

Ақ түсті хауыпты мұнараның 

“Електровоз және шаңға көмілген ағаш 

Хайболи туды мені. Личимиң және чу ”

Құртты мені личимиңда екі тіземді көтеріп 

Шалқамнан жаттым мен жалғыз кісілік хайық түбінде .

“Аяғымда моргайда, жүрегім ”

 Өз аяғымның астында, сол істен кейін

 Ол жылады. қайтадан адам болуға, бекінді ол. 

Үн қатпадым мен, несіне мен ызаланамын?

“Магайің қайраңында 

Шаманың келісінше ую мен уюды жалғастырып 

Арам қолымның мұжылған тырнақтарымен,

Біз тобырмен бірге кісі тосушылармыз мақсаты жоқ 

Түктенде.” 

Ойпырымай қарашы әне

Сонымен біз гатайжиге келдік 

Өрте өрте  өрте  өрте 

Тәңірім ау құтқаршы мені суырып ал 

Тәңірім ау құтқаршы мені суырып ап 

Өрте 


4. Судағы өлім 

Пайнижилік филайбастың, өлгеніне екі апта,

Ұмытты шағаланың шаңқылын, терең теңіздің атжал толқынын 

Пайда мен шығынды. 

Теңіз астында бір ағыс 

Шайып жатыр тазартып оның сүйегін .ол қалқып шығып қайта батқан шағында 

Қарттығы мен жастығын өткеріп басынан 

Сүңгіді ирімге.

Жат топтағы тағы еврейлер 

Иә сен кеменің тізгінін айналдырып тұрып қарағансың желдің бағытына 

Есіңе алшы филавасты ол да сендей сұлу еді, алып еді 


5.Найзағай сөзі

Алу тер басқан бетті албыратқаннан соң 

Бақшалар қатып қалғандай жым жырт қалғаннан соң 

Жартастардағы қасіретті өткерген соң 

Және де айқай және нмірмен шақыру 

Абақты сарайы мен көктем найзағайының жаңғырып алыс тау жақтан тітірентіп 

Ол кезінде тірі еді , қазыр өлген  бізде бұрынырақ тірі едік әзір тұрмыз өлу алдында 

Аз ғана шыдам керек 

Мұнда су жоқ тек жартас 

Жартастар арасында су жоқ тек бар бір ғана құм жол 

Ол жоғарғы жағыендағы тауды орап жатыр 

Жартастардан біріккен ол тауда су жоқ 

Егер су болса біз кідіріп ішер едік 

Жартастар арсында адамның кідіруіне және ой ойлауына болмайды 

Тер дегеніміз құрғақ аяқты құмға тығу 

Су тек жартастың қойнында 

Өлі тау құрт мұжыған тістерінен шығара алмас тамшы су 

Бұл арадағы адамдардың тұруына да , жантайуына , щтыруына да болмайды . 

Тауда тым болмпғанда мүлгудің орныда сақталмаған 

Тек ғана жаңбыры жоқ найзағай шатырлаған 

Тауда тым болмғанда зерігудің өзіде қалмған 

Тек қызл қкөлеңке түскен беттер суық күлкімен буырқанған 

Тірідей тілілген үйлердің есігінен көрінген 

тек су бар болса 

Жартас жоқ болса 

Жартас бар болсын мейлі 

Суда болса 

Су болса 

Бұлақ болса 

Жатастар арасында 

Қазан шұңқыр шүңет болса 

Тек судың сыңғыры болса мейлі 

Емес қой білу 

Қураған шөппен бірге ән салу 

Қайта судың сыңғыры жартаста 

Еондағы ұялы ара тектес хұамый самырсын арснда ән слсын 

Шоп шоп шоп , шып шып шып

 Әттеген-ай су жоқ 

Қашанда сенің қасыңда жүретін үшінші адам кім ?

Мен санағанымда тек екеуіміз болатынбыз 

Бірақ мен алдағы анау ақ түсті жолға үңіліп тұрғанымда 

Қасіңда ылғи тағы біреу жүретін 

Мысық табандап қоңыр пәлтесіне ораныпбасын бүркеп 

Білмедім оның ер иә әйел екенін 

Бірақ сенің тағы бір жағыңдағы анау кім?

Бұл не дыбыс тым биік аспандағы 

Аяулы ана ғой қасіретпенен шырылдаған 

Мынау басына бүркеншік киген тобыр кім?

Ұлан қайыр далада құжынап алға тартқан, жарылған жер бетімен талтаңдаған 

Иіліп көк жиекпен жампырайған 

Таудың арғы жағындағы қайсы қала 

Күлгін түс барқын түстердің арасында тілкімделген қайта құрылып тағы партылап Қыңыраяды ғимараттар 

Еру салым әкина әлександыр вена лондұн тұлғасыз емес ????

Бір әйел тік созып қап қара шаштарын ішек қылып шертеді күй әуені ақырын 

Бала бетті жарғанаттар күлгін түсті сәуле ішінде

 Қағады тынымсыз қанаттарын жабыспады тағы қабырғаға салбыратып төмен бастарын 

Әуеге тоңқайтып ілінген ғимараттар

Соғады қоңырауын еске түсіретіндей әлде неніжарялап уақыыты

Тағы бір әуен тартылған көлшікте құрыған құдықта шырқайды ән 

таудағы құлаған үңгірдегі 

Ала көлеңкеде беті түскен бейітте 

Шөптер ән салады, шіркеу жайлы айтар болсақ 

Әйтеу бір қаңыраған шіркеу тек ғана желдің өті 

Терезесіз жоқ есік ырғалатын 

Қураған сүйек ешкімге залалы жоқ 

Тек жағыз қораз қонған үй арқалығына 

Қо, қо, қо, 

Сарт ете түсті найзағай , сосын дымқыл жел 

Айдап келген жаңбырын 

Үнді өзенінің арнасы төмендеп , анау бір солған жапырақтар 

Күтеді жаңбыр ал қойу қара бұлттар 

Алыстағы гималайға жиналған 

Орман мүлгіп бүктүскен иіліп сосын тіл қатты найзағай 

????

???? нелерді беріп едік осы біз?

Досым менің буырқанған қан тебірентіп жүректі 

Қас қағым осы сәттерде көрсетілген ерлік пен жігерді 

Нағыз адал ғасырда түсіре алмас қолына 

Тек осы үшін , тек ғана осының болғандығы үшын біз бар болдық 

Бұлар біздің қаралы хабарларымыздан табылып жатпайды 

Аялы өрмекші торы торлаған еске алуларда болмас 

Болмас ілмиген әдуакат жыртып ашқан құпия қаттамаларда 

Тек біздің аңырап бос қалған үйімізде 

DA  

Dayadhvam : естідім анау кілттің 

Есікте бұралғанын, бұралды тек бірақ рет

Еске алсақ сол кілтті бір, әр кім өз абақтысында 

Ойлайтыны осы кілт, әр кім өз абақтысына жабылған 

Тек ымырт болғанда, сыртқы дүниеден келетін әуен  

Сол баяғы күлі көкке ұшқан Клилаурстың қайта ғұмыр кешкені 

Da 

Damyata: анау кеме шабытын 

Көрсетеді шалқыта, желге қарай желкенді бағындырған сыралғы қол 

Теңіз тынған, жүрегің де сенің шабытын 

Көрсетер шалқыта, ие болсаң құрметтелуге, кетер сонда 

Ырқына көпіп қос қолдың дүрсіл қағып 

Отырмен  мен жағада 

Қармақ салып, ту сыртымыз қаңғыраған құ дала 

Мен енді өз егіс даламды жөндестіруім керек пе ? 

Лондон көпірі құлады құлады құлады 

Сосын, жасырынды ол өзін қортқан оттың ішіне,

Біз қашан қарлығашқа ұқсаймыз — ей, қарлығаш, қарлығаш, 

Акитанның шахзадасы мұнара ішінде мәртебесінен айрылған 

Бұл картинаны қирандылардан алдым мен 

Ендеше болсын солай. Тағы құтырды Силоним. 

Өзгенің қамын жеу. Тілектестік. Тежем. 

Тыныштық. Тыныштық. 

Тыныштық. 

1922 жыл 


Аударған – Қалбан Ынтықанұлы

08.10.2006ж.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты