F.G.Lorca: Гитара (La guitarra)

5635f3b9cf14b430732dbb4e472c629c.jpg (500×561)

Гитараның үні ол, өксік 
Бұрқ етті 
Таң шапағында мөлдіреген 
Тостаған сынды 
Бұлқынады ол 
Оны тоқтату тіпті мүмкін емес 
Мүмкін емес оны тоқтату 
Үнінен оның тамшылап шер тамады 
Тастан-тасқа секіріп жылаған судың үні сияқты 
Ұйтқыған қарлы боранда демін ішіне тартқан желдің дауысы тәрізді 
Оны тоқтату мүмкін емес 
Ол алыста қалған бір өмір үшін өксиді 

Оңтүстіктің аңызғақ жалыны 
Ақ түсті шай гүлінің шырынын өбеді 
Гиттараның үні кеудемде күңіренеді 
Таң алдындағы қараңғылық дір етті 
Ағаш басына қонған алғашқы құсты өлім келіп құшты 

Ау, Гиттара! 
Бес саусақ жүректерге қадаласың-ау!

 Аударған –Ардақ Нұрғазы


«Ақын ретінде оның (G.Lorca) алғашқы жырларының даңқы сығандық романстар (Madrid, 1928; tr. R. Humphries, The Gypsy Ballads of García Lorca, Bloomington, 1953), күй әуендері және бұқа сүзістіру алаңына (Madrid, 1935; tr. A. L. Lloyd, in Lament for the Death of a Bullfighter, and Other Poems, London, 1937) қатысты образдармен біте қайнасып кеткен. Оның өлеңдерінің буырқанысы мен сезім түйсігінде андыростық типті өзгеше иірім бар, оны біз тас қараңғы сәттің көңіл-күйі, дәп басып анық айтудан гөрі тек елестете ғана алатын, есте жоқ ескі заманның құдырт-күйіндей әуен мен бояудан, обыраздан тұратын әлем десек, қателесе қоймаймыз. Бұл жерде ол қолданған тілдің өзіндік сұлулығы мен обыраздылығын, ақынның жандүниесінен теуіп шыққан оттың қуаттылығын, нәзік жандүниенің тереңінен жеткен көңіл-күйдің тап-таза әуен мен обыразға айналып кетуін атап өтпей тұра алмаймыз.»         

 

Ақын туралы сілтеме: http://boppin.com/lorca/

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты