Günter Grass: Қараша айы (November)

c2a8a4d1f0b2cfd953848b86b9d7af56.jpg (865×1056)


Әр рет қараша келгенде, менің елімде үлкен той болады, 

Жанұшыра жалт бергендей боламын, қиялым қиырға асып. 

Аяқ киімімді теріс киіп, ғаламның ана шетінe барып сұрағым келеді, 

Жаман атымның нәжістей бұрқыраған иісінің қолқаны атқан, атпағанын.

Менің елім өң-түсін сан құбылытты да, әуелгі бейнесін қайта тапты, 

Терезеден қарап тұрып, көріп қалғандаймын осының бәрін. 

Киімнің өзгерісі уақыттың тиегін ағытты, 

Аржағынан танып қалғандаймын               

Үшінші империяның сарғайған суретін.

Қарашаның құрбандары кешірсін бізді, олардың оянбауы керек еді, 

Тірілер тірлікте тілек айтудың орнына, сендерді тағы да тербетті. 

Ескі берешектің төлеуін әлі толық төлеп болмай жатып, 

Жаңа берешекке бас қойып жатырмыз, 

Кешегі күннің қылмысын қайталамасақ нетті.

Аударған – Ардақ Нұрғазы


P.S. Германияның тарихында көптеген оқиғалар қараша айында туылған: 1918 жылы 9 қарашада «қараша төңкерісі» бұрқ еткен; 1923 жылы Қарашаның 9 күні А. Гитлер өзінің ату шулы «сырахана көтерілісін» ұйымдастырған; 1938 жылы 9 қараша күні неміс фашистері еврейлерге қарата ашық қырғын алып баруын бастаған; 1989 жылы 9 қараша күні Берлин қорғаны құлатылған. 

Г.Грасс (Günter Grass) екі Германия қосылғанан кейін, 1993 жылы су жаңа бір тұтас Германия туралы өзінің көңіл-күйін жазған, 13 өлеңнен тұратын бір жинақ шығарған. Сыншылар бұл жинақты тұтас күйінде Гейненің  «Германия, қыстағы бір ертегі» поэмасымен салыстыра атайды.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты