Төртінші қабырғаны итеріп тасайық...

 402371e68f148456039d553d002977a9.jpg (1280×683)

«Төртінші қабырға» деген не? Ол артистің бастан кешетін бір күйі: мұндай ортада, артист көрерменнің өзіне «жасырын» қарап, ойынды бақылап отырғанын аңғарады. Басқаша айтқанда, артист көрерменнің жасырын бір тұста отырып алып өзінің жарықтағы өміріне сұқтанып отырғанын анық сезінеді. Артистер ештеңені білмегендей, сезбегендей ролдарын ойнай береді, бірақ та олар бәрібір өздеріне мыңдаған көздің қарап отырғанын аңғарады. Негізі,  артист үшін мұнан өткен сұмдық жағдай жоқ.

«Қалай да төртінші қабырғаны қиратып тастау керек», - деді Frana Rame тоқ етеріне көшіп, «шама бар әрбір көрерменді әлгіндей қолайсыз түйсіктен арылтқан дұрыс. Олардың шырмаудан құтылып, бостандықта ойынды еркін тамашалауына жағдай жасаған тиімді. Тіпті, қолайы келгенде көрерменнің ойынға араласып, өзінің бір шетте қалыс қалған тұрғысын өзгертушне мүмкіндік тудыру тиімді. Мейлі ойын соңында әлгі көрермен сынни пікірде болсада.»

«Сонда мұны қалай істеуге болады?»- деп сұрау тастадым мен.

«Аздап тәсіл қолдансақ жетіп жатыр», - деді Frana Rame,  «тосын жағдайды пайдалансақ, өзіміз біліп қосып жіберсек. Ол кәнігі, жаттанды сүрдекті бұзар еді, әрбір көрерменнің санасында «мен қойылым ортасындамын» деген түйік тудырар еді. Олар өзіне үңілер еді, ет пен сүйектен жаралған, аты-жөні бар адам болса да, ойыннан сырт қалған біреу емес, көлденең көк атты да емес, ойынмен біте қайнасқан тұлға болар еді. Өткен жиырма жылдық сахнадағы өмір тәжірибесі бізге мұндай сәтті ортаға шығаруға көп мүмкіндік берді. Оның кейбірі, тіпті, бірегей болмысымен өзіңді де таң-тамаша қалдырады. Егер осы жағында, қалыпқа түскен түйсікті түртіп оятатын шеберлігі жағынан біреуді атар болсақ», - деді Frana Rame, - «Тото (Toto) солардың ішіндегі ауызға бірден ілігетін тұлғаға жатады. Қасаң қабырғаны итеріп тастаған тұлғаның тағы бірі Ettore Petrolini, оның кинодағы бейнесі тіптен көзге үйір болсада.

«Осы екі тұлғаның ойыннан мен «өзімді ашық ұстауды» үйрендім. Нақты айтсақ, сахнаның пердесі ашылып, бірнеше минут өткенде ортаның назарын көрерменге аударуға болады, айталық, кеш қалған бір көрермен бар делік, ол енді кіріп, орнына жайғасып жатыр – олар бір жұп ерлі-зайыпты екі адам болуға тиіс – мен сонда ашық дауыспен айтып қаламын:керемет, сіздер ақыры келдіңіздер-ау, ханым, жолдағы көлік кептеліс бөгеді ме, отыра қалыңыз! Содан кейін орын нұсқайтын қызметкерге бұрыласың: Antoni,айып етпе, біздің мына құрметті қонағымызға өз орнына жайғасуға көмек көрсете қойшы, жарай ма? Содан кейін сахнаның екінші бір бұрышына барасың, сонда тұрып жалғасты сұрау саласың: нақты не болды сонда, ханым? Мен бәстесуге  бармын, жеме жемге келгенде күйеуіңіз ойын көруден бас тартты. Сіз қатты ашуландыңыз!Ол кісінің футбол көруге зауқы соққан шығар. Сіздің айтқанына келісіп, неге онымен бірге футбол көруге бара салмадыңыз.Не дедіңіз? Сіз футбол көруді ұнатпайсыз ба? Солай ма, негізі мен де футбол көруді онша ұнатып кетпеймін. Мен ат жарысын тіпті де жақсы көремін. Бірақ,сіз білесіз бе, меніңше ол да жырғап тұрған жоқ, онда да қарақұрық көп, үнемі алдамшылыққа басады, ат жарысына бәс тік дейді, де, қалтаңдағы ақшаңды қағып алады. Сіз менің айтқаныма келіспейсіз бе, ханым? Жақсы, онда, біз ойынға қайтып оралайық. Дұрыс, мен ұмытып бара жатыр екенмін, өзіңізге орын көрсетіп әбігерге түскен Antoni-ға аздап алғысқа ақша ұстатып жіберсеңіз, қарсылығым жоқ, себебі, бүгін оның туған күні. Ол үшін бүгін сауға алатын күн емес пе?» осы араға келгенде ойын алаңында қалай да шапалақ  үні мен күлкі әуені көтерілмей қалмайды. Осындағы жағдай ойынның ауанына әсер етпей тұрмайды.

Егер майдандағы көрермен жетекке көнбей қасарысқан адамдар болса, қайтпек керек? Мен мұндайда кейір батыл шараларға барар едім. Осы арада жұртқа ойын алаңының бір құпиясын ашқым бар. Біз бұрын қашан да қажетке жарайтын бірталай дүниені сахналаған болатынбыз. Айталық, есідұрыс емес біреу әйел затының артына түсетіні немесе көрерменнің бірі ойын қойлып жатқанда «қор» еткен ұйқының дауысын шығаратыны, болмаса төрт адамның орнын артық екі адамға сатып қойып, содан туындаған жағдайдан шығып кетудің жолдарын қарастыру, дегендей. Төртінші қабырғаны итеріп тасауда ең тимді қолданылатын тәсіл  не? – десеңіз, ол, әрине, «сақшының ұрыну қуыу» ойнын іске асыру. Онда ұры ойын тамашалап отырған көрерменнің арасына жасырынғандықтан, сақшының іс-әрекеті көрерменнің мазасын алмай тұрмайды. Оған орын көрсетушінің араласуы, көрерменнің тосыннан уш-шу болуы, бәрі қосылып орталарындағы әлгі пәлекетті қуыуға арналатындықтан, мәселе өз жобасымен жүрмей қалмайды. Мұндай жағдай орын алғанда ойынға келген көрерменнің бейжай қалатын, немесе ұйқтап кететіні болмайды...

Dario Fo-ның «Nuovo Manuale Minimo Dell’attore» кітабынан үзінді.   

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты