E.Bolatkhan. Entropy құбылысы немесе тағы бір дүркін империялардың ыдырау кезеңі басталды
Демократия, бостындық және ұлттық мемлекеттердің үздіксіз пайда болуы империялардың ыдырауын тездетіп жатыр. Араб халифаты – империя құрғысы келетіндердің 21 ғасырдың басындағы ұмтылысы сәтсіздікпен тынды. Империя ұлттық мемлекеттерге айналды. Ол енді қайта біріге алмайды. Баяғы энтропия заңдылығына бойсынады. Кезек Славян-Ресей, Парсы, Қытай империяларының ыдырауына келіп тұр. Путиндік Ресей алдымен өзін орға лақтырғанын көрдік. Соңынан Қытайлар ілеседі. Батыс елдері өткеннің елесімен өмір сүретін Ресей мен Қытайдың шашылып қалатын қирандысын жинап-теруге ресми дайындықты бастады.
Парыслар қанша шыдар екен? Батыс парсыларға адамзат мәдениетінің бесігінде отырған өркениет ретінде екіұшты, дүдәмал қарайды. Бірбеткей саясатқа бара алмай отырғаны да сондықтан. Парсыға салыстырғанда араб, славян, қытай берідегі және біріңғай алға жылжымай қалған өркениетке жатады. Басқаша айтқанда олар туынды өркениет, соған қарамастан жабайылыққа бейім. Диалогқа емес, жұдырыққа сүйеніп мәселе шешеуге бейім дүниейтанымы соның көрінісі. Олар құрдымға, зобалаңға өздері ұмтылса, обал жоқ, тек қан-төгіске бірге ала кетпесе ғана болды.
Орталық Азиядағы түркілер ұлттық мемлекет құрып үлгірді. Бірақ, жоғарыдағы империяллардың ортасында отыр. Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі, деген сөз бар. Тұрақсыздық кезеңінде, тұрғыны дұрыс танып, батыл шешімдер жасау тиімді. Батыс өркениетімен үндесудің мүмкіндігі бар. Орталық Азия елдері – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Әзірбайжанның Ұлттық мемекеттік сипаты батыс елдерімен қолтықтасуға жол ашады. Тек абайлап, сәтімен жұмыс істеген дұрыс. Ұлттық мемлекеттің табан тіреп тұра алатын тиянағы – толық азаматтық қоғам құру. Ол жүзеге асса, қоғам жеңілмейді де, сырттан төнген соққыдан жоғалып кетпейді.
Қазақстанда ұлттық, құқықтық, зайырлы, азаматтық қоғам құрудың негіздері қалыптасты. Бірақ, алға жылжу баяу. «Қаңтар оқиғасынан» кейін, Ресейдің Украинаға байланысты Батыс елдерімен біржола теке-тіреске көшуіне байланысты, қазақ билігіне жаңа мүмкіндік туып отыр. Тездетіп қоғамдық қайшылықтарды бәсеңдетудің тиімді жолын қарастырып, саяси реформалар жасап, билікті азаматтық қоғаммен бөлісіп, алда болатын тұрақсыздыққа ел болып дайын тұруға тиіспіз. Сын сағатта мемлекетті қорғайтын күш биліктің қоғамды бір тудың астына қандай деңгейде ұйымдастыра алатын қабілетіне тіке байланысты. Бұл бүгінгі таңда Қазақстан қоғамына жетіспейтін қажеттілік. Бастысы қазақ билігі өз жауапкершілігін анық сезініп, оңтайлы шараларға баруы керек. Бұл өткеннің үкілі үміті, болашақ ұрпақ алдындағы бас тартуға болмайтын борыш. Ұлттық, құқықтық, азаматтық оғам құру соның басты кепілі.