Вильсонизмнің (Wilsonianism) он төрт ұстанымы

1fdaf9b3e369629e443ae9cbe591074a.jpeg (960×640)

Империялардың алапат қақтығысынан туындаған бірінші дүниежүзілік соғыс (1914ж.-1918ж.) аяқталған тұста, АҚШ-тың 28-ші кезекті президенті Томас Вудро Вильсон болашақ әлемнің жаңа беталысын бағамдайтын, бірқатар халқаралық қағидалар мен нормаларға ықпал еткен саяси келісімді ортаға қойды. Соның бас көрінісі әйгілі Он төрт ұстаным (Fourteen Points). Адамзат өркениетінің дамуында, әсіресе халықаралық саясатта дәуір бөлгіштік рөлі бар ұстаным төмендегі мазмұннан тұрған:

1. Бүкпесіз халықаралық дипломатия жүргізу;

2. Теңіз-мұхиттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету;

3. Халықаралық саудадағы кедергілерді жою;

4. Әскери дайындықтарды шектеу;

5. Отар елдердің тек дәрежелі құқығы мен тәуелсіздігін мойындау;

6. Германия Ресей территориясынан кетуі тиіс;

7. Белгияның тәуелсіздігін қалпына келтіру;

8. Германия Франциядан тартып алған жерлерін қайтару;

9. Ұлттық бірлігіне қарай Италияның мемлекет шекарасын анықтау;

10. Австрия-Венгерия империясы құрамындағы ұлттардың тәуелсіздігін мойындау

11. Одақтас армия Румения, Сербиядан әскерін шығару;

12. Осман империясындағы ұлттардың тәуелсіз мемлекет құруын мойындау;

13. Польшаның тәуелсіздігін қалпына келтіру;

14. Біртұтас халықаралық ұйым құрып әлемнің бейбітшілігін ұстап тұруға жұмыс істеу.

 

Т.В.Вильсонның 1919 жылы ашыққа шыққан осы ұстанымы екінші дүние жүзілік соғыстан (1939ж.-1945ж.) соң халықаралық саясатта іргетас сияқты рөл ойнады. Бейбітшілік пен дамуға негіз болды. Өкініштісі, Ресей империясының Украинаға шапқыншылық соғыс бастауымен (24.02.2022ж.) халықаралық тәртіпке ақау түсіп, дүние жаңа бұлғақты кезеңге кіріп отыр. Әлем тепе теңдігін жоғалту үстінде. Енді бір тұрғыдан алғанда адамзат өркениеттік дамудың артында қалған саяси ұстаным – империялар (Ресей, Қытай, т.б.)  вильсонизмге және оның негізі - ұлттық мемлекеттерге қарсы соғыс ашып жатыр, деуге де болады.     

Дайындаған Баян Ардақ

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты