E.Bolatkhan.Қазақстанның болашағына кім балта шауып жатыр?
1991 жылы тәуелсіздік жариялағаннан бері, Қазақстан өзінің орынын анықтай алмай-ақ келеді. Назарбаев дәуірінде кеңестік ұраншылықпен: «дамыған отыз елдің қатарына қосылу», «дамыған елу елдің қатарынан көріну», т,б, саясат көкке ұшып тұрды. Бірақ, одан жөнді нәтиже шыққан жоқ. Баяғы демократия мен адам құқықтарының заңдылығын сақтамайтын, жоғарыдан басқарылатын, бирократтықа, арамтамақтыққа белшесінен батқан, сайлауды әділ өткізбейтін, шеневниктері мемлекет пен қоғамды ұрлаудан басқаны білмейтін автократиялық мемлекет құрды. Басқаға назарбевшылдардың түсінігі жеткен жоқ.
Тоқаев кезеңіне келгенде, жүйенің идеолоктары: «Біз Алтын Орда хандығының мұрагеріміз» дегенді айта бастады. Шындап келгенде, бұл да табан тіреп тұра алмайтын сандырақ. Айталық Алтын орданың мұрагері болғанда, онымен нені дәлелдексің? Өзіңді «біз де империямыз..» демекшісің бе? Әлде Алтын Орданың ежелгі жоғын жоқтамақсың ба? Онда солтүстікке қарай, батысқа қарай, тіпті оңтүстікке қарай соғыс ашуға, ірге кеңейтуге тура келеді, солай емес пе? Осыдан-ақ «Біз Алтын Орданың мұрагеріміз» дегеннің басы бүтін ақымақтық екенін білесің.
Шындап келгенде Қазақстанның алдында бір ғана мүмкіндік бар. Ол – Қазақстанды ұлттық мемлекет ретінде танып, соның талабын орындасаң ғана жетіп жатыр. Әрине, бұл білген адамға. Адамзат өркениеті мен мәдениетінің, онда да саяси жүйенің даму заңдылығын ескерген адам, мұны бірден түсінеді. Түсінбесе, Құдайдың ұрғаны. Қазақ мемлекетінің соры.
Дәл бүгінгі таңда өркениеттің ағысы екі арнада ағып келіп тоғысып жатыр. Бірі, жаңа империялық жүйе, екіншісі, ұлттық мемлекеттер. Бүгінгі таңда, осы екі үлгіден басқа жүйенің барлығы тұрақты жүйе емес, өтпелі жағдайдағы мемлекеттік құрлым, деп қарауға болады. Өтпелі болады екен, оның болашағы құбылмалы, өсері мен өшері белгісіз жағдайда, деген сөз.
Жаңа империялық жүйеге АҚШ мемлекеті жатады. Оның ерекшелігі: төменнен басқарылады (әр штаттар өз алдына мемлекет сияқты штаттық заңдары болады, соны басты құндылық етеді), билеушіні келісімді саясат арқылы анықтайды (азаматтар сайлау белеті арқылы), демократия мен адам құқығы бірінші орында тұрады, сот жүйесі толықтай тәуелсіз. Ақпарат құралдары «Төртінші биліктің» ролын атқарады. Билеушілердің кез келген келеңсіз тірлігі биліктен кетуіне жұмыс істейді. т.б.
Ұлттық мемлекетке батыста Еуропа елдері мен шығыста Жапония, Корея, Австралия, т.б. елдер жатады. Ұлттық мемлекеттер 1789 жылғы ұлы Француз төңкерісінен кейін қалыптасты. Ұлттық мемлекеттің түсінігі бойынша өздерін бір ұлыс, бір ұлт, бір мемлекет деп түсінетін адамдар шоғыры азаматтық сайлау арқылы (әр бір азамат белет тастау жолымен тәуелсіз таңдау жасау арқылы билікті - партия топтар мен олардың көсемдерін - таңдап, соған шартты түрде, айталық шекті уақытпен (бес жыл ненмесе, жеті жыл, дегендей) мемлекетті басқаруға заңды ұқық береді. Бүгінгі таңда Қазақстан анық түрде осы жүйеде. Бірақ, соны билеуші топ дұрыс атқара алмай отыр. Дұрыс жүйені өзінің мәдениетсіз, жабайы тірлігімен аяқасты етіп, қорлап отыр. Соның басты көрінісі сайлауды дұрыс өткізбей, азаматтардың құқығын – сайлау белетін ұрлауы.
Мұнан тыс бүгінгі әлемде ондаған өтпелі жүйедегі мемлекеттер бар. Олардың басты өкілдері: Рессей, Қытай мемлекеттері. Бұл екі мемлекет не жаңа империя емес, не ұлттық мемлекет емес, тұрақсыз күйдегі өтпелі кезеңге тән жағдайда өмір сүріп жатыр.
Ежелгі ескі империялардың ерекшелігі билік патшалық әулеттен мұрегерлік жолмен атадан балаға жалғасады (айталық Алтын Орда, Османлы аулеті, Рессейдің Романовтар әулеті, т.б.) Империяның құрамында түрлі ұлыстар, өркениеттер, діндер, мәдениеттік топтар өмір сүре береді. Осы әр түрлі негізден шыққан топтар әлгі патшалық билікке бағыныштылығын білдіреді. Ол бағыныштылық әлгі ұқсамаған негізден шыққан ұлыстар мен топтардың өз болмысын сақтай отырып империяға адалдығын білдіру шарыт астында болады. Бұл билеушімен биленушінің заңды орынын анықтайды.
Бүгінгі Ресей мен Қытай осы жүйені қайталағысы бар. Соған қарамастан ұлттық мемлекет болғысы да келеді (осы арада «ары тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледі» деген мақал еске түседі) Осыдан барып қай бағытта жүрерін білмей дағдарып, өтпелі кезеңнің сүркейлі түсінде отыр.
Империялық жүйені сақтауға оларда биліктің заңдылығын қанағаттандыратын – билікті атадан балаға мұрегер етіп өткізетін патшалық жүйе жоқ. Биліктың заңдылығын патшалық жүйе арқылы анықтай алмайтын болған соң, ұлттық мемлекеттердің әдісін қабылдауға тура келеді: азаматтық сайлау арқылы биліктің заңдылығын анықтайды. Бірақ, азаматтық сайлау жоғарыдан басқарылатын империяның асқынған ішкі қайшылығын ушықтырады. Бұл елдерде сайлауды белден басып өткізуден басқа амал жоқ, айталық Рессейдегі сияқты. Сайлау шынымен азаматтардың талабына сай болса, билік төменге түссе (АҚШ елендегі сияқты), орыстан басқа халықтар бірден тәуелсіздік туралы сайлау өткізеді.
Ал коммунистердің басқаруындағы Қытай болса, өтірік сайлау өткізумен, өздерінің билікті заңсыз басып алғанын жасырып жабумен келеді. Әділ сайлау өтсе, қытай да бірден ыдырайды.
Алайда, осы екі «ескі» империяның да барар жері біреу: ел ішіндегі көп ұлысты, көп дінді халықтарды төбеден басып (ұлтсыздандыру саясатын күшпен атқарып, көп халықтардың тілін, мәдениетін, дінін, салт дәстүрін жоюға жұмыс істеп) қырып жою саясаты осы екі елдің түбіне жетпей тынбайды.
Ал АҚШ сияқты төменене жоғары қарай басқарылатын Жаңа империя жасуға Ресей мен Қытайдың өркениеттік өресі жетпей отыр.
Тағы да айтуға тура келеді. Қазақстанның болашағы Ұлттық мемлекет. Осы нысананы анық түсінсең, соған жұмыс істесек, өкінбейміз. Оғар қарсы жұмыс істесең, кім болсаң да, оңбай ұтылғаның.