Бір кездегі дәрігер, ана, күйеуін күткен әйел...
Ursula von der Leyen ханым Еуроодақтың төрағасы болып екінші мәрте сайланды. Бір кездегі дәрігер, отбасында бала баққан ана, күйеуін күткен әйел, партия-топтың мүшесі, соңынан төрағасы болған 65 жастағы ханым көз алдағы сын сағатта, тарихи кезеңде Еуроодаққа жалғасты басшы болуға басты лайқыты тұлға, деп танылды. Мұнан нені байқауға болады.
Дамыған Еуропалық қоғамда жазылмаған бір заң бар. Ол билікке жолатуға болматын немесе билікті қолына беруге болмайтын адамдардың түрі бар. Айталық, асқан бай адамдар немесе бай бизнесімендер, діншілдер, ұлтшылдар, ыңыршағы шыққан кедейлер, дінсіздерге билік тізгінін ұстатуға болмайды. Себебі, бұл адамдардың барлығы асыра сілтеуге (радикалды) барады.
Байлар ақшаның құлы. Олар билікке келсе, билікті ақша жасағыш байлардың меншігіне (кулбына) айналдырып жібереді. Оның үстіне біздің байлар арамтамақ байлар. Онсыз да билікпен астасып, бірге ұрлап байығандар. Діншілдерге билік берсең, билікті діннің мүддесіне ғана жұмыс істетеді. Олар алдымен өз ішінен уахабистер, такфиршілер, таблиғшылар, құраниттер, салафиттер, софылар-зікіршілер, т.б. деп бөлініп алып қырық пышақ болады. Одан соң дін заңдарымен ғана өмір сүретін қоғам жасауға білек сыбана кіріседі. Діншілер билікке келген күннен бастап қоғамды орта ғасырлық дүниетаныммен басқаруға кіріседі. Оларда басқа құндылық жоқ. Ұлтшылдарға билік берсең, оны утопиялық идеология үшін жұмыс істетеді. Идеологияны асыра дәріптеп, қоғамды керіне тартып, ұлттық, нәсілдік, таптық, т.б. қайшылықтарды ушықтырып, сонымен билікте ұзақ отыруға жұмыс істейді. Ұлтшылдар өткенмен өмір сүреді, ештеңе жасамайды, тек қиратуға ғана жұмыс істейді. Кедейлерге билік берсең, мемлекетті ұрлайды, тонайды. Өткен отыз жылда біз кедейлердің қалай ел басқаратынын, соңында не болатынына әбден көз жеткіздік. Себебі, жеті атасы жарымағандардың бар арманы ақша жасап, тойып тамаш ішу, байларша алшаңдай басып өмір сүру, өзі мен бала-шағасын тойдыру. Өзі тойса да, көзі тоймайды, өмір бойы билікте отыра беру үшін қылмысқа да барады. Тіпті билікті ебін тауып бала шағасына, келешек ұрпақтарына мұра қалтырыуға жұмыс істейді. Одан басқа құндылық жоқ оларда.
Сондықтан дамыған, көп дүниені бастан өткерген Еуропалық қоғам жоғарыдағы екі жаққа тартатын, асыра сілтеуші (радикалды) адамдарға билікті бермейді. Оларды партияның төрағасы етіп сайламайды. Ондай адамдар басқаратын партияларға дауыс та бермейді. Олар билікке келсе, дүниенің бүлінетінін жақсы біледі. Оның орнына орта буынның билікке келуіне дауыс береді. Орта буын дегеніміз қоғамның басым сандағы азаматтарын қамтитын буын. Айталық, дәрігер, мұғалім, шағын бизнестің адамы, адуакат, т.б. Әйтеуір өз қабілет қарымымен өмір сүретін, білімі, мәдениеті, әдеп ибасы (бұл өте маңызды саналады) бар, қарапайым жұрттың арасынан шыққан, орнықты (асыра сілтеуге бейім тұратын писих емес), сөзі мен ісі бір жерден шығатын қарапайым адамды таңдайды. Сондай адам төраға болған партияға дауыс береді. Бұлардың байлық, жұмыс, білім, денсаулық сақтау, т.б. салаға мұқтаждығы жалпы қоғамды ұстап отырған көп санды адамдардың қажетімен мүдделес, бір болып келеді. Биліктен кеткенен кейін де жұрт қатарлы баяғы қоңыр қалта тірлігін қайта жалғастырады. Сондықтан осындай адамдар билікке келсе ғана жалпы қоғам мен үкімет үйлесімді, тұрақты, тиімді жұмыс істеді. Айталық Ursula von der Leyen ханым, міне, осындай түсінікпен өмір сүретін қоғамның туындысы.
Ardakh Nurgaz.