Ardakh Nurgaz. Клласик және клласикалық шығарма
Қазақ әдебиетінде «клласикалық (classics) шығарма» дегенде уақыт сынынан өткен, оқырман санасынан ойып орын алған жеке шығармаларды меңзейді. Айталық эпостық кезеңдегі «Қамбар», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қоболанды», т.б. Ұлттық әдебиет кезеңінде «Сабалақ», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», т.б. жазба әдебиет кезеңінде «Абай жолы», «Ақбілек», т.б.
Бұлардан тыс әдебиет тарихында шығармашылық тұлғалардың атымен анықталатын еңбектер де клласикалық шығарма ретінде қаралады. Асанқайғы, Қазтуған, Ақтанберді, Шалкез, Бұхар жыраулардан Маханбетке дейінгі жыраулық әдебиетке тиесселі шығармалар осы топқа жатады.
Өткен ғасырдың басында қазақ әдебиеттану ғылымы пайда болғаннан бастап жоғарыдағы шығармалар зерттеп, зерделене бастады. Туындылар авторы ұмытылып кетсін немесе авторы белгілі болсын, төл мәтін ретінде қаралып зерделенді. Автор екінші пыланды тұрды. Жыраулық шығармалар болса, көбінде автормен бірлестіре қаралды. Автордың шығармашылық-қоғамдық әлеуметтік тұлғасы шығарманың объектытілігімен біте қайнасып жатты. Зерттеуде автор мен шығарма біртұлғалық сипат алды. Автор қашан да алға шығып отырды.
Абай мен М.Әуезов, т.б. еңбектерінің клласикалық шығарма атануы жазба әдебиет пен әдебитеттану ғылымы орныққан тұстың туындысы. Әдебиеттану басты рол ойнады. Мұнда жеке шығарма зерттеу түйініне айналды. Шығарманың кллассикалық орыны тұрақтанған соң, туындыны жаратқан автордың кллассик ретінде әдебиеттегі тұлғасы анықталатын болды. Академиялық осы жүйе, барыс орнықты. Бұл кезеңде қазақ әдебиеттану ғылымы маркист-лениндік әдебиет сынының аясында болды, зерттеудің қоғамдық-әлеуметтік сипатына басымдық берілді. Шығарманың әдебиеттік болмысы екіншы пыланға сырылды немесе ол идеологияға бағынышты, саясатқа жұмыс істеді. Біз мұны Абайтанудан анық байқаймыз. Бүгінге дейінгі зерттеуде ақын шығармашылығын қоғамдық-әлеуметтік тұрғыдан тану басымдық алып келеді.
Әлем әдебиеті алуан түрлі әдебиеттану теориясына толы. Қазақ әдебиетінде орныққан маркистік-лениндік таптық күрес бағытына құрылған әдебиеттану соның бір бұтағына жатады. Ендеше тар шеңберден шығуға тиіспіз. Зерттеудің түйінін эпостық шығармалардың жауһарлары мен бүгінгі жазба әдебиеттің өкілдік шығармаларын зерттеуге аударуымыз керек. Оларды әлемдік әдебиеттегі клласикалық шығармаларға берілген анықтамалар негізінде зерттеуіміз, тануымыз қажетті. Осы тұрғыдан келгенде клласикалық шығрманы тану басты нысанаға айналып отыр. Клласикалық шығарма туралы түсінік өзгерсе, жаңарса, ол бәрін жаңартады. Себебі, жалпы шығармашылық пен әдебиеттану клласикалық шығарманы негіз етеді, бетке ұстап дамиды, қалыптасады.
Батыс әдебиетінде, айталық ағылшын, француз, неміс әдебиетінде модернизмге дейін клласикалық шығарма туралы берілген алуан түрлі анықтама бар. Біз оларды қоя тұрып, батыс әдебиетіне модернизм келгеннен кейін клласик шығарма туралы жаңарған түсінікке ден қояиық.
1944 жылы T.S.Eliot Лондонда Virgil академиясында «Клласикалық шығарма деген не?» (What is a Classic?) тақырыпты лекция жасады. Кейін мақала болып жарық көрген шығармадан ақын, сыншы, әдебиеттанушы, бастысы Батыс әдебиетіндегі модернистік кезеңнің басты өкілі ретіндегі Eliot-тың клласикалық шығарма туралы түсінігін біле аламыз. Мақала көлемді. Автордың айтар ойын жинақтап көрсек, мынадай мазмұннан тұрады:
Клласикалық шығарманы жарататын автордың бойында екі түрі қасиет анық көзге түседі. Біріншісі, шығармашылық иесінің пысып-жетілген жандүниесі, кемеліне келген парасат-пайымы, заманын толық игерген зердесі болады. Екіншісі, шығармашылық иесі өзі қолданған тілінің мүмкіндігін мейлінше еркін, кемеліне келтіріп, қыр-сырын ашып, түлетіп, өзінен бұрынғылар жасай алмаған деңдейде жеріне жеткізіп қолданады. Батыс әдебиетінде мұндай тұлғалар көп емес. Virgil соның бірі. Бір автордың басында жоғарыдағы екі шарттың бірдей орындалуы үшін шығармашылық иесі өркениетті ортада өмір сүруі тиіс. Айталық, Virgil Үрім империясы кезінде жасады. Әлгі екі шарт бірдей орындалуға мүмкіндік туды. Клласик болатын екінші тұлға – Dante. Ол жасаған дәуірде де Еуропа біртұтас өркениет болып тұрды. Христандық дүниетаным толық орын тепті. Dante сол шарт астында «Құдыретті комедияны» жазды (Аталған шығармада Virgil кейіпкер ретінде маңызды рол атқарады. Мұны да сабақтастықтың бір түрі, деп түсініңіздер). Ол кемеліне келген поэзия тілін көрсетті. Осы екі кезеңнен басқа уақытта Батыс жұрты біртұтас өркениетте емес, бөлшектенген мәдениет жағдайында болды. Бұл тұста жоғарыдағыны қайталай алмаса да, клласикалық шығармалардың қосымша нұсқасы (вариант) пайда болды. Өркениет бөлшектеніп, мәдениетке айналған кезеңнің клласиктері ретінде W.Shakespeare, J.Milton, J.Goethe, т.б. атауға болады. Бұлар ұлттық әдебиеттің кемелдену кезеңінің авторлары. Ұлттық діл, тілі (айталық ағылшын тілі және неміс тілі) парасат-пайымы толып жеткен шығармашылықпен біртұлғаланғанын айғақтады.
Мақалада Eliot негізі «клласикалық шығарма қайдан туады?», - деген сұраққа жауап берген. Шығармадан гөрі оны жарататын автордың болмысына, жасаған ортасына назар аударған. Мұнан түсінетініміз клласикалық шығарма үлкен ортадан туады. Ол ортаның бір атын «өркениет» деп атайық. Өркениет болады екен, ол кең аумақты қамтиды, бөлшектенгеннің өзінде дара мәдениет жасайды, дара мәдениет бір кездегі біртұтас кезеңмен сабақтасып жатады. Бөлшектенген мәдениеттер тамырын іздейтіні себепті өркениет кезіндегі клласикалық шығармаларды да таниды, қабыл алады, өзінікі санайды. Басқаша айтқанда оқырманы таусылмайды. Себебі оқырман дәстүрден үзбей рухани қуат алып отырады. Мәдениет те сонымен қуаттанады. Осындай шығармалар уақыт сынынан өтеді. Соңында клласикалық шығарма болып қалады. Енді бір жағынан клласикалық шығарма тілімен ерекшеленеді. Оны жаратқан автордың кемел парасат-пайымы әлгі толысқан өркениетті кезеңнің барлық мүмкіндігін шығармада көрсете алатын тілімен туады. Біз соңғы түйінді автордың тіл қолдану ерекшелігі немесе бүгінгі түсінікпен айтқанда шығарманың бойындағы көркем әдебиетке ғана тән қасиеті, деп түсінсек те болады. Әдебиеттің филсофияны өз ішіне алған өзге қоғамдық ғылым мәтіндерінен түбірлі парқы да осы қасиетімен анықталады. Модернистік, постмодернистік кезеңнің қаурт өріс табуымен соңғы түйін ерекше мәнге ие болуда.
W.Shakespeare мен J.Goethe Еуропаның үлкен кеңістіктегі кезеңі ақырласып, бөлшектенген, ұлттық мемлекеттерге өзгерген тұсының клласиктері. Олардың бойында ұлттық мәдениетке тән дүние басым болғанымен, өткендегі біртұтас кезеңге тән дүниелер де сақталған. Басқаша айтқанда бұл авторлардың шығармасында үлкен қор сақталған. Дәстүр ғана емес, жаңалық, түлеу және өзі жасаған дәуірдің ерекшелігі бар. Олар айрылмастай қабысып біртұтас дүниеге айналып кеткен. Бұл олар жазған шығармалардың бойындағы парасат-пайымның кемелденіп тереңдей түсуімен айқындалады.
Біз осындағы клласикалық шығарма турасындағы түсінікті қазақ әдебиетіндегі шығармаларға сын, өлшем ретінде пайдалана аламыз ба? Пайдалансақ, ол қандай нәтиже береді?
Егер көз алдымызға «Алпамыс», «Қобыланды» жырын келтірер болсақ, аталған шығарма авторының белгісіздігіне (авторы ұмтылған дегенді: аталған шығарма көптеген автор жағынан үздіксіз өңделіп, толығын, сапаланып отырған, деп түсінуге де болады) қарамастан Eliot-тың жобасына үйлеседі. Шығарма бүгінгі Орталық Азияға тән кеңістіктің эпостық кезеңін кең ауқымда ашқан. Аты ұмтылған автор көшпенді мемлекет пен қала мемлекеттері, ел мен жердің қатынасы, отбасы қатынасы, батырлық пен аңғалдық, ақыл мен айлакерлік, физикалық және метефизикалық элементтерді қосып, мифтік санаға сай келетін тілдің атмосферада алапат соғысты жазған. Осыдан тамаша эпостық жырды туындатқан. Жүйені ұстап тұратын жоғарыдағыдай үлкен географиялық кеңістік пен мәдениеттік белгілер, элементтер болмағанда, автор соларды құндылық ретінде шебер пайдалана алмағанда тынысы кең мұндай шығарма тумайтыны анық (Бұл жерде ескеретін жағдай аталған осы эпостық жырлар қазақта ғана емес жалпы түркі тілдес елдердің әдебиетінің барлығында сақталғаны). Мұнан біз аты белгісіз автордың кемеліне келген үлкен парасат-пайымын (үздіксіз өңделудің өзі парасаттылықтың кемеленуімен қатысты) тани аламыз. Ол өзінің кең аузымдағы өркениеттік түс алатын дәуірін толық әйгілейтін шығарма ұсынған. Заманының өркениеттік деңгейі оны сол өреге көтерген. Шығарма өзге түркі тілді халықтармен қатар азақ тілінің де жауһарына жатады. Бұл біздің аты белгісіз авторды батыс әдебиетінде Virgil деңгейіндегі клласик, «Алпамыс», «Қобыланды» жырын «Aeneis» тақлетті шығарма деп қарауға әбден негізіміз бар дегенді білдіреді.
Қазақ әдебиетінің клласигы М.Әуезов орыс-кеңес одағы кезінде жасады. Орыс-Ресей империясы кезеңін тақырып еткен «Абай жолы» эпопмясын жазды. Роман қазақ тілінде жазылды. Шығарма стилдік жақтан XIX ғасырда Франция әдебиеті арқылы қалыптасқан реалистік бағытқа құрылды. Романды Ресейдің империялық прозасының аясында қарастырып, зерттеуге әбден болады. Абай Ресей империясының географиялық аумағында, сол жүйеде жасады, адам ретіндегі болмысы, түсінігі, ұстанымы сол ортаның туындысына жақын. Бірақ, роман қазақ прозасы тілінің негізін қалады. Романның бойындағы таласты тұс та осы жерде басталады. Орыстың империялық прозасының аумағында, айталық, «Соғыс және бейбітшілік», «Тынық Дон», т.б. романдарына салыстырғанда «Абай жолы» империяның өзектен шалғайдағы алыс аймақтарына қатысты шығарма. Бұл жағынан шығарма Eliot атаған кллассикалық шығарманың «өркениеттің бел туындысы» болу шартына үйлесе бермейді. Роман Eliot-тың шығармашылық тілге қатысты ойын да қостамайды. Шығарма орыс тілінде емес, қазақ тілінде жазылған. Ол империяның тілі емес. Жазушының тілі орыс тілінің керемет қуатын емес, қазақ тілінің құдыретін әйгілейді. Мықтағанда қазақ тілі арқылы орыс мәдениетіне таныс рухани дүниені, ұстанымды, дүниетанымды ғана жеріне жете, тамаша сомдаған. Ұлы даладағы патша билігі, болыс сайлауы, қоғамдық қайшылықтардың патшалық тәртіпте қаралуы, т.б. Сондықтан «Абай жолы» клласикалық шығарма ретінде қайшылыққа толы туынды. Бұған салыстырғанда Ж.Аймаутовтың «Ақбілек» романы Абай сияқты тарихи тұлғаны көтермегенімен, жоғарыдағыдай қайшылығы жоқ, әлеуметтік және көркем шындығы тұрғысынан бір ізді, төрт аяғынан тік тұрған шығарма. Мұндай қайшылықтың табиғатын біз төменде J.Coetzee-ге қатысты сөзде тағы айтатын боламыз.
Бұл жерде «Абай жолы» романының басқаша жазылу мүмкіндігі бар ма еді? - деген заңды сұрақ туады. Әрине, оның басқа сапада жазылуына теориялық тұрғыда мүмкіндік жоқ емес. Айталық, тарих тақырыптағы Абай обыразына қатысты романда қамтылмай қалған дүниелер баршылық. Абай жасаған кезеңде қазақ тарихында айналып өтуге болмайтын оқиғалардың бірі - Қазақтың соңғы ханы Кенесары ханның Ресей шапқыншылығына қарсы жорықтары, оның қазақ қоғамына жасаған әсері. Романда бұл сала ақ күйінде қалған. Абай өмір сүрген тұста қазақ мемлекеттілігінен, біртұтастығынан айрылып бөлшектеніп тұс-тұстан қыспаққа, қала берді түрлі күштердің ықпалына кете бастады. Ресей Қырым соғысында жеңіліс тапты. Ол түріктер, кавказдықтар, татарлар арқылы қазақ даласына ықпал етті. Жаңаша оқу, білім келді. Оңтүстіктегі қазақтарды Қоқан хандығы баурына басуға жұмыс істеді. Қазақты өткенінен басқаша, отырақшы халықтардың қасаң дінни салт-дәстүріне ауыстыру үрдісі күйейді. Шығыста Мәнжүр хандығы да шекарасына жақын қазақ тайпаларын өзіне тартты. Айталық Алтай тауының күнгейіне қоныс тепкен керей тайпасын Бижіңге төте қарайтын ерекше мәртебемен жарылқады. Бұлар біртұтас қазақтың рухани символына айналған Абай портіретін тұлғалауда қағыс қалмауы тиіс еді. Олай болмады. Тарихи оқиғалар романда жанамалай болса да көрініс тапқан жоқ. Оның орнына роман Ресей империясына қатысты мазмұнмен тұнып тұрды. Біз бұл олқылықтарды автор өмір сүрген кезеңнің қаталдығымен байланыстырып «барының өзі олжа» деген ниетпен қарауға бейімбіз. Ол да дұрыс шығар. Бірақ, ол біздің шын мәнінен клласикалық шығарманы танып-білуімізге кедергі келтірмеуі тиіс. Себебі, біз өткенмен ғана өмір сүрмейміз, болашақ та керек. Біз кем-кетіксіз клласикалық шығарма жаратудың мүмкіндігін қарастыруға тиіспіз.
Eliot-тың жоғарыдағы мақаласына орай J.Coetzee те «Клласикалық шығарма деген не?» атты мақала жазған. Мәтін екі бөлектен тұрады. Алғашқы бөлімде жазушы Eliot-тың мақаласында Еуропаны біртұтас өркениет деп қарап, одан Virgil-ге орын тағайындауын ақынның өз басындағы жағдаймен бірлестіреді. АҚШ-та туып, шығармашылық ғұмырын Еуропада, анықтап айтқанда Англияда өткізген ақын өзіне тиімді біртұтастыққа – өркениетке құмар болды. Аталған мақала сол көңіл күйдің туындысы, дегісі келеді жазушы. Бір қызығы бұл жерде жазушы Eliot-тың клласикалық шығарма туралы ойына соқпаған. Әрине, Virgil мен Dante-нің клласик екенін терістей алмайтыны белгілі. Ол онсыз да дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Оның үстіне Eliot-тың аталған екі автордың неге клласик екені туралы ойының да жүйесі шымыр. Артық күмән тудырмайды. Оңай-оспаққа алдырмайды. Дегенмен, жазушының бұл жердегі көзқарасына басқа тұрғыдан қарауға болады. Сoetzee-нің өзі де Еуропаның емес, Оңтүстік Африканың тумасы. Оның басып өткен жолы, анықтап айтқанда шығармашылықта жетістік жолы Eliot-ты қайталайды. Жазушы ретінде оны тұлғалаған Африканың әдебиет ортасы емес, АҚШ пен Еуропа әдебиеті. Осы тұрғыдан келгенде Eliot атаған біртұтастық (өркениет) Сoetzee-нің тағдырын да шешіп тұр. Мақаланың екінші бөлегінде жазушы бүгінгі таңда айна қатесіз клласик атанып кеткен J.S.Bach музыкасы туралы жазады. Айтар ойы Bach шығармалары музыканыттың көзі тірісінде бүгінгідей даңыққа ие болмаған. Оны кезінде аз сандағы музыканаттар жеке қорларында сақтаған. Шекті көлемде таралған. Арада жарты ғасыр өткенде барып неміс тілді ортада, белгілі музыка зерттеушілердің қолдап-қолпаштауымен жалпы Еуропа мен батыс дүниесіне таралған. Содан барып Bach-тың бет қаратпас клласик жолы қалыптасты, дейді. Қортып келгенде айтары клласикалық шығарма бірден өзінің даңқты орынын таппауы мүмкін. Ол уақыттың сүзгісінен өтеді. Ол сүзгі аталған шығармаларды терістеу бағытындағы сыни пікірлерді де қамтып жатады. Жиып кенлгенде клласикалық шығарма басында ескерусіз қалса да, түбінде жарқырап бір көрінбей тұрмайды, себебі ондағы өнерге тән қасиет (музыка болса, музыкаға тән қайталанбайтын дара қасиеті, әдебиет болса, әдебиетке тән қайталанбайтын ерекшелігі) түптің түбінде рол атқармай қалмайды. Жазушы жанамалай болса да Eliot-тың кемеліне келген шығармашылық жандүние туралы ойын екінші қырынан қайталаған.
Италия жазушысы I.Calvino да клласикалық шығарма туралы жазған. Жазушы клласикалық шығарма дегеніміз бізге әрі таныс (бұрын талай рет оқыған немесе бала жасымыздан құлағымызда қалған әсері бар) әрі бейтаныс (жұмбақ, сырллы. Бұл шығарманың екінші бір адам қайталай алмайтын әдебиетке тән ерекшелігімен де көрініс табады) шығарма, дейді. Бұл ойдың астарында да шығармаға өмір сыйлаған автордың құдыреті, парасат-пайымы, теңдессіз көрегендігі мен ол жасаған кезеңнің өркениеттік сапасы мәселесі тұр.
АҚШ-тық белгілі әдебиеттанушы, сыншы H.Bloom-ның «Батыстың клласикасы» (The Western Canon) атты үлкен еңбегы бар. Модернистік және постмодернистік әдебиеттанудың сұрапыл қақтығысқа толы кезеңін басынан өткерген сыншы аталған еңбегінде клласикалық шығарманың тетігін оны тудырған автордың болмысынан іздестіреді. «Інжыл», «Тәурат» бастаған діни тақырыптағы кітаптарды атай отырып, Батыс әдебиетінің бас-аяғын түгендеп, осы жүйенің ноқтабасы ретінде W.Shakespeare-ді ортаға алып шығады. Бұл жерде Bloom-ның да Eliot көрсеткен «бір өрімен тұратын екі таспа» туралы ойын пайдаланғаны аңғарылып тұр. Eliot сияқты Bloom да Гомер мен оның екі дастанын әдебиеттің басы көзі ретінде атамайды. Бірақ, Батыс пен Еуропа әдебиетін біртұтас жүйе еретінде қарайды, сол жүйенің сентіріне Shakespeare-ді қояды. Соған дейінгі әдебиетте сапаланған қор жинақтала келіп Елизавета I патша дәуірінде Shakespeare шығармашылығы арқылы көрініс берген. Кейінгі төрт ғасырдағы батыс әдебиетідегі шоқтықты шығармалар осы қайнар көзден тарма-тарам болып аққан бұлақтардың өз алдына ұлы дарияға айналуы, деп түсіндіреді. Eliot батыс әдебиетінің баршаға ортақ клласигы ретінде Virgil мен Dante-ті атаса, Bloom оған Shakespeare-ді апарып қосқан. Драматургтың ұлы жұмбағын адамзат жаратқан ақыл-парасаттың ең биік шыңы, өзге пенде баласы бойлай алмайтын зерденің гүңеті ретінде бағамдайды. «Shakespeare мен Dante Батыс клласикасының өзегі, олар танымының өткірлігі, тілінің қуаттылығы мен жасанпаздықтаы құдыретімен өзге шығармашылық иелерін басып озып тұр... Shakespeare әдебиетке тән өлшем мен оның шек-шегарасын анықтады», - дейді. Бұл жерде де біз H.Bloom-ның санасында қылаңдаған Eliot атаған клласике тән шығармашылық сананың әдебиеттегі күрделі болмысы туралы ойымен ұшырасамыз. Мұнан байқайтынымыз Eliot-тың клласикалық шығарма туралы түсінігіне анда-мұнда сын айтылғанымен, оның үлкен сұлбасында қателік жоқ екені, қайта кейінгілер оның ойын түлетіп, кемелдендіре түскеніне көз жеткіземіз.
Ендеше клласикалық шығарма деген уақыт ағысындағы біртұтастыққа ие өркениеттің әдебиетте қордаланып барып әр кезеңде көрініс беруі. Клласикалық шығарма оны жаратқан автордың жандүниесінің толысуымен, парасат-пайымымен, зердесімен тіке қатысты. Клласик өзі өмір кешкен үлкен ортаның (ол өркениет немесе мәдениеттік түс алсын) бар болмысын шығармашылығында жан-жақтылы көрсете алатын тұлға. Клласик өзіне дейінгі әдебиетте кездеспеген әдеби тілдің (мәтіннің) жаратушысы.