Liza Knapp. Мәңгүрттік және ар-ұждан
Ф.Достаевский жасаған механикаға тән образдың («Қылмыс пен жаза» романына қатысты) алатын мән-мағынасы терең. Л.Толстой ол туралы жақсы жазған. 1890 жылы жарық көрген «Адам неге мәңгүрттенеді?» (Why People Stupefy Themselves) атты еңбегінде Л.Толстой Raskolnikov туралы айта келіп, оның әрекеті «тап-таза техниканың қимылына ұқсайды» деп бағалайды. Осы тақырыпты арнайы зерттегендер де бар. Л.Толстойдың түсінігінде адам жаны екіге бөлінген: бірі, нәпсіден, екіншісі, рухтан тұрады. Нәпсіден тұратын жан «шықыр-шықыр ететін механика тәрізді», ал рухтан тұратын жан әлгі механиканы жатпай-тұрмай қадағалап, бақылап, тіпті жазаға тартып отыратын қасиетке ие. Л.Толстой Raskolnikov-тың механика тәрізді адам өлтіру әрекетін оның бойындағы рухқа қатысты жанның тығырыққа тірелуінен, деп қарайды. Аталған қылмыс негізінде жүйелі жоспарланған емес, қайта жандүниенің біртіндеп «өзгерісінен» барып туындағанын атауға болады.
Raskolnikov әлгі қарт әйелді өлтіргенде немесе оның сіңлісін өлтіргенге дейін оның бойындағы жан әлі бас көтермеген. Қарт әйелді өлтіріп, одан әйелдің сіңлісіне балта көтерегенге дейін Raskolnikov-ты шынайы өмір сүрді деп айта алмаймыз. Қайта ол бір құлтемірге ұқсайды. Өзі істеуге тиісті жұмысты ойланбай, толғанбай тындыратын техника сияқты: ол сол қимылы арқылы өзіндегі энергияны шығару тиіс. Қарт әйел өліп жатыр, енді бір әйел қарсысында тұр, ал Raskolnikov болса қан қатқан балта ұстап тұр...
Л.Толстойдың Raskolnikov-тың бойынан көрген техника тәрізді мәңгүріттігімен Ф.Достаевский де келіседі. Екі жазушы да мәңгүріттік деген ойланбайтын техника тәрізді тіршілік, «ар-ұжданның» қыстығуы, тосылуы, деп біледі. Мұндай рухани күй басымдық алған жағдайда қылмыс өзінен өзі өріс алып жатады. Ол бір жағынан адам жандүниесіндегі тепе-теңдіктің қауіпті деңгейде бұзылуынан, қалыпсыздықтың басталғанынан дерек береді. Енді бір жағынан оны «ар-ұжданның» бұлқынуы, деп түсінуге де болады.
Liza Knapp. «Annihilation of Inertia: Dostoevsky and Metaphysics» кітабынан