Gegis Jauffet. Ғажайыптау ертегі

01beb4525fbf0ee3983606ea732303f7.jpg (1136×760)

(The photo was taken from the internet)


Жазушы деген Құдай сияқты, ол өзіне сын айтқанды көтермейді. Шығарма киелі кітап сияқты қашанда оқырманы, жақтаушысын табады. Кітап оқымай да өмір сүреміз, дейтіндерді түсінбеймін, олар маған Таимыс өзенінің жағасында қалтасына тас салып суға кетіп өлуге дайындалып жүрген атистер сияқты сезіле береді. Олар өмір бойы не істеп, не біргендерін өздері де білмейді, содан барып бұлай қиналып жүргенше өзіме қол сала салғаным дұрыс, дегенге барып тоқтайды. Кітап оқымасаң, кітап сатып алмасаң, онда өзіңді адамға тән тазалық пен мәдениеттен ұзап кеткен адаммын, деп есептей беруіңе әбден болады. Негізі ақшаны бәрінен жоғары қоятындардың деніне ар-ұждан деген жетіспейді. 


«Бірақ, мән-мағына туралы ойланбасаң, бәрі бекершілік»


Алдымен ой пайда болады, ол соңынан сөзге айналады. Дүние алдымен мән-мағынадан тұрған түнек сияқты, сезінсең ғана көз алдыңа ойнап шығып, мағынаға айналады. Барлық зат, ол жәндік, өсімдік, ағаш, қайсысын атасаң да солай. Адам баласының мекені ой әлемінде, қиялға беріліп, қиялдан қанат қағып шығып әлемді кезіп жүріп, нақты дүниелерді ұстап көріп жүріп өмір өткізеді. Жазушылар әр сөйлемді жазғанда ой кешеді, жоқты бар қылады, соны үздіксіз кемелдендіреді, таратады, өріс ашады, қиял қанаты жазыла түседі. Қаламнан туған ғажайып кейіпкерлер от кекіріп, шоқ шашады, бірте-бірте айдынданғаны соншалық олар ендігі жерде алақанға сыймай қалады. Түкке тұрғысыз тышқандай тіршіліктерді ғана тар қапаста ұстап тәжірибеден өткізуе алады.


«Жазушылар жалғыздықты серік етеді, бірақ, шым-шытырық тобырдың ортасында өмір сүреді»


Жазушы деген соңында өзі жоғалып, жазған дүниелері ғана қалатын құбылыс. Олар өте нәзік те ұсақ дүниелерге дейін назар аударады, сезінеді, соларды ұстап қалуға ұмтылады, бірақ, өзінің тегі неден сондай дүниелерге құштар екенін біле бермейді. 


«Ол негізі өмір сүрмейді-ау»


Ол өмір сүетін болса, өзі білетін дүниелердің, әлгі нәзік, ұсақ дүниенің қуанышы мен мұңы, қайғысы мен бақыты болуға тиіс. Ал құм сияқты көп, тозаң сияқты жеңіл дүние мына әлемнің бар болмысы.


«Шексіз-шетсіз құм сияқты, немесе бір шөкім бұлт»


Мен сенің жыныңа тиейін немесе сені алдап соғайын деп отырғаным жоқ, тек айтарымды ғана айттым. Сол ежелден келе , ауыздан ауызға жалғасқан, кешеден бүгінге жеткен дүние бұл. Сол шексіз қиял. Осылай жалғастыра беруге болады, мәңгі, тоқтаусыз, шегі де, шеті де жол дүние ретінде соза бересің. Ертең деген ұстатпайтын, ұстап та қала алмайтын дүние. 


«Әдебиет деген сақшы мекемесі емес»


Жазушы деген темекі тұқылы таудай болып үйіліп қалған тұқыл салғыштың өз-өзіне ашуы және өзін Құдай көруші. Өйткені екеуі де өзгеше бір артықшылықтан тең игіліктенеді, ол - жоқтан бар жaсайды.  

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты