Omarkhaz Aytan. Қорқыт күйі

5566cab2f9a6d9bb8bc54d491445b8f1.jpg (3080×2238)

Есіме түседі бір күй

Ботадай боздаған —

«Қарақалмақ» күйі Қорқыттың

Нысан абыз қозғаған.

 

Шіркін дала сәуегейлері-ай,

Ғайыпты болжаған.

Баладай сәби

 сезім заманы ғой

Ол заман.

 

Кешегідей ғана

 бірақ ол —

Ертеден – ерте, әріден - әрі.

Дәл бүгінгідей

 дәл сондағы қобыз зар.

Сол қыз — қара сол қыз,

Қара жартас түбінде кез

 болатын

Еңлік – Кебек трагедиясы ғой

 ол —

Артқыға сөз болатын.

Нысан абыздан

 мың жыл бұрын

Кім екен иесі сол қобыздың,

Ата болған кезінде

 қайсы ұрпағына оғыздың

Иір ағаштың бітеу тошыны

Нендей сиқырмен

Музыка болып өзгерген.

Қайсы тұлпардың

 қыл құйрығы —

Қандай саусаққа

 тіл бітіріп сөз берген.

Бір тынбайды

 содан бастап,

Сыр-Дария жағасы

Дүниеге келген сол аспап.

Күңіренеді, гуілдейді

бейне жел шайқаған

 қамыс болып —

Сылдырайды, ұқсайды

Ышқынып аққан дария —

Сабасына толып.

 

Ненің құдіреті,

Терең шатқал, зәулім құз ба?

Қақаған қаңтар мен ақпанда

Шатынап жарылған мұз ба?

 

Бәлкім бір сұлу

Сылдыр-сылдыр қамысқа

 сырғасын түскен,

Айсыз түнде мас болып

 жығылып,

Махаббат шарабын

 қанғанша ішкен.

Айтылған жар-жар яки бір

 көрініс

Әпекесі ұзатылып

 жат елге кеткенде

Тілсіз өксік,

Қуанышы ма әлде

 балағаты толып,

Кезек өзіне жеткенге.

Әйтеуір бір ұлы тұнықтық

Ағады Сыр-Дария.

Отыр кілемде су үстінде

Ақсақалды сол қария.

Жылжымайды, шөкпейді

Тұрғандай көк аспанда қалқып.

Еміренесің,

Шымырлайды тұла бойыңбалқып.

 

Жан-жансыз,

Ой мен қыр қалың ну

Мүлгиді екі жағада.

Имек садақ-адырна дірілдейді

Қыл ішек сағада.

 

Көмейден қайрылып кейде

Көрсетеді қиқыметін

Киелі сарын,

Қозғайды адамзаттың

 ең алғашқы,

Ең таза ізгі армандарын.

 

Елім!

Жұртым аман болар ма —

Дәл осылай зарлап

Диуаналар жалаң аяқ қобыз

арқалап

Түнейді

Ескі молаларға.

 

Не жаманы тұр: өкпе жүрегін

 өзінің

 қолына алып,

Тілек тілеп ел ақтаса,

 ұшық салып.

 

Қорқыт ата қолдай көр

Ажалға қарсы тұрып

Талай-талай алдамшыны

Бетін қайтарған

Күй сазымен ұрып.

 

Музыканың күші —

Өмір жатыр

Оның әрбір ырғақ,

Әр екпін бояуында.

Өлімге емес,

Шақырады ол масыл

 ұйқыдан оянуға.

Кетіп жатыр тұс-тұсқа

Сыр-дария үстінде,

Осы күй — жыр.

Кез келген шөңет, иіндерде

Қатықтай ұйып кілкіп тұр.

Айтпақ болады

Арал теңізін гректердің

Егей теңізіне теңестіріп,

Онда да болған бір күй сазы

Тұрғандай сол саз

Әлі естіліп.

 

Қанша адам есінен танып

Сезім мастығында,

Қанша адам тап болмаған

Сирендердің бұл қастығына.

 

Қолданады екен осылай

Баурап күй сиқырымен

Өткен-кеткенді,

Музыка күші —

Осы қиқулы үнімен.

Мифтер заманы деген сол,

Араласа тұрған онда

 құдай мен адам.

Сол секілді құдай атар едің

Қорқыт атаны да

Артқа шегінсек егер бір қадам.

 

Жартылай адам,

 жартылай құдай

Толып жатыр әулиелер де

Адам жаны —

 тағдырдың бейнесі.

Сиқырласа сиқырласын мейлі

Арман не өліп кетсек те

Әнменен, күйменен.

Тарт, Қорқыт ата

 қобызыңды,

Боздата түс қоңырлатып.

Қалсын жан-жануар,

 бар тіршілік —

Он сегіз мың ғалам

 мұңға батып.

Жүгіріп кеп тоқтайды

 шұбар елік,

Арқар қыр да құлағын тігіп.

Сиырлар сайда

 күйіс қайтарады,

Түйелер шөгеді құмда

 тізесін бүгіп.

Бота — бүрген сыбырлап,

Шалғындар жапырылады

 самал желмен

Жым-жырт мүлгиді

 жартастар,

Сол сарынға алыстан келген.

Түлкілер құйрығын ойнатып,

Қояндар қорқпай жақын келеді

Жыландар қара тілдерімен

 тамсанып,

Бөрілер күй ырғағымен

Селкілдеп желеді.

Қайсы құстың қанаты талып,

Қайсы құс қалықтамаған

Жерге түспей.

Тұрып қалған сілейіп жағада

 ақ бөкен

Қанша шөліркесе де еңкейіп

 су ішпей.

 

Қандай таза салқын леп

Жапырақтар бетіндегі.

Оңай ма адамның басындағы

Осындай өнердің жетілмегі.

 

Бірінші шығар-ау осы

Рахат тапқанымыз біздің,

Адам — адам болғалы,

Қыл ішегінен қобыздың.

 

Ұқсайды ол Лира аспабына

Гректер ашқан мифтер

 аңыздарының.

Жасаған оны Қорқыт —

Атасының атасы дала

 абыздарының.

 

Тек музыка ғана емес,

Философиясы бірге жүреді

 қасында.

Тынымсыз айналады

Тұтас бір гармония

 оның басында.

 

Дер едік біз диалектика

Егер бүгін өлшемге түсірсек

 оны.

Измдер мен сенімдердің

Қалар еді сыпырылып

 ескі тоны.

 . . .

Қайда барсам қазулы көр,

 — Кімнің көрі?-

 — Қорқыттың көрі.

 — Жоқ па әлде бұл әлемнің

Көр қазылмайтын жері?

 

Аз ба ондай жерлер,

Алтын қазған жақпарлар.

Қандай аянышты өлім-

Мысалы:

Біле алмай

Өзі қазатындар өз көрін.

 

Құдық қазса да сол

Құдықта да құдық бар.

Қабырістан да сол:

Біреуі кең, біреуі тар.

 

Зеңбірек ойған шұңқырлар,

Көрсе егер бұл заманда

Қайда қашар еді Қорқыт,

Көз ілеспес еді-ау

Желмаямен зулағанда.

 

Қайдан табылар енді

Көр қазылмайтын,

Адам өлмейтін жерұйық

Шығады күн — қып-қызыл қан

Батады күн — қып-қызыл

 қан ұйып.

 

Өштеспей қайтсын ол,

Оның кегі — адамзаттың кегі.

Қайда тұр өлім деген құбыжық

Айтшы сен, әлемнің көкжиегі.

. . .

Болушы еді ғой бір пәктік

Табиғаттың өзінде,

Дәл сол

Тазалардың ең тазасы.

Қайсы өлім,

Қайсы тағдыр

Оны егілтпеген

(Тек адамдар ғана емес

Аң мен құстың да қазасы).

Қурап қалған бір түп ағаш,

Өтпеген оны да

 көлденең аттап.

Далада жатқан бір жемтік,

Оны да сақтаған

Өз күйіндей ұлағаттап.

 

Бар қаруы — жай ғана бір

 қобыз,

Шықпаған ешкімге садақ алып,

Өлтірмеген біреуді

 пышақ салып.

Адаммен емес,

Ажалмен жауласып өткен —

Өлім деген тажалмен.

 

Белгісіз рух ондағы —

Жер мен көктің арасындағы.

Құдай берген бір керемет

Оғыз-Қыпшақ даласындағы.

 

Із шалдырмаған сонда өлімге

Кезіп жүріп-ақ

 төрт құбыласын.

Түсірмеген қайсы қуысқа ол,

Далалықтың нұр-шұғыласын.

 

Жан-жануарлар

Барша тіршілік иесі,

Орнаған оған

Тұтас бір

Адамдық қасиеттің

Ақылдық жүйесі.

 

Айтса егер жаңа атаумен:

Экологиялық қайғы —

 оның қайғысы.

Мың жыл бұрын дәл

 сондай қайғыны

Болжай алған қай кісі?

Сахара — сары даланың заңы

Желмаяның төрт табанында

Құм болып егілген

Не ол?

Ыстық көз жас па

Сыр суына төгілген?

Жоқ, әлде қан-тер ме

Еркін ағып Аралға құйылған?

Адамға емес

Құдайға да емес

Тек ол табиғатқа сыйынған.

Шариғат емес, заң емес,

Жай ғана сезім

Баяғы нанғыштығы

Кінәсіз мінсіз пенденің.

Исламияттан, орта ғасырдан

 да бұрын

Мәдениеттің ту басы.

Рим мен гректерге ұқсайды

Оның кейбір нұсқасы

Жоқ онда аяқ — қадыс,

Табылмайды тағылыматтар белгісі.

 

Тау мен тас па —

Соған ғана сенеді,

Келсе егер бірдеңеге сенгісі.

Жығылып жатпайды сәждеге

Тілек етеді

От пен суға апталып.

Сүйек екеш,

Бір қуыс сүйек —

Дейді ол жатпасын

Аяқ астында тапталып.

 

Тек өзінің

Болғанындай

Қара халықтың ойшылы.

Батыр еткенде сол өзі

Қара халықтан шыққан

Қара қойшыны.

 

Атағын да шығарған

Салор қазан — батырдың

Сән салтанат — құрғызып

Саясында алтын ала шатырдың.

 

Мықынына түскен

Бұрымдары білем-білем,

Көздерін оттай жандырған,

Мүбәрак саусақтарымен

Сол сұлулар ғой

Шарапқа ойды қандырып.

 

Кім екен бұзған

Дәл осы

Махаббатың жарасымын.

Қашан өшер жан азабы

жауыздардың —

Денеге салған жарасының.

 

Қандай ауыр

Көрген түс

Салор қазанның.

Жан-серігі қолынан

Ұшып кетеді құсы.

 

Артта қалған Қаратау

Жайлау болды екен кімдерге.

Асығып аққан қара су

Сіңіп сарқылды ма екен мүлдемге.

 

Қайда баяғы сайгүліктер,

Жүр екен кімдердің

 тақымында.

Небір сәби жүректер

Жолықпаса болды ғой

Әлдекімдердің зақымына.

 

Қайдасың Қорқыт ата —

Атасы аталардың.

Болушы еді ғой осындайда

Бір киелі баталарың!

Деуші еді ғой?.

Қайырмасын жауларың

Ала киіз есігіңді

Найзасының ұшымен

Айрылмасын жігіттің

Білегінің кұшінен.

 

Кетілмесін мүйіз тұяғы

Астындағы арғымақ ат

 тұлпарларының.

Жылжымасын жібек жүні

Қолындағы сұңқарының.

Қара қазаның шағылмасын,

Қара орманыңды өрт шалмасын.

Ала шатырдың аяқ астынан жығылып,

Қара нарың жолда қалмасын.

. . . .

Біреу айтады:

Иең бар деп,

Кім сонда менің ием?

Қайда сол ие?

Құшақтап жатып

Көр топырағынан сүйер ем.

Аралап тауысармын,

Қайсы бейіт, қайсы моланы.

Ием кім,

Қайсы аруақ —

Кім маған ие болған.

 

Күмбездерге түнеп

Жүргендеймін

Бұйырғаннан

Бұйырған суымды ішіп.

Адасып кетіппін бірақ,

Бір күні онан да

Әлде бір желмаяның ізіне түсіп.

 

Таусармын қайсы

 құм далаларды,

Жалпағынан көлденеңінен

 өтіп.

Бара алармын сірә да

Қайсы тау,

Дарияларға қадамым жетіп.

Шаршап кеп жатыппын,

Білмейді екем

Жығылғанымды да қайда

 келіп,

Әкелген шығар бәлкім

Әлде бір шайқы,

Диуаналар медет болып.

Тұр үстімде дөңгелек күмбезі

Кереге мен уықтың

Үлгісі салынған.

Бәлкім бұл үлгі

Әлде көшпенділерден алынған.

Қалғып кеттім сол үйде,

Үй емес зират.

Жастығым бір нұр,

Бейіш лебі —

Сол жел құлағыма келіп тұр.

 

Күңгірлейді қабір ішінен

Баяғы мың жылғы ежелгі

 сарай

Танимын ғой дауысын,

Қорқыт ата ғой,

Біліп жатыр бәрін.

 

Жантайған екен өзі де

Сол жақ қырын жамбасымен.

Көріп тұрса керек

Барша науқас,

Дерт-дербезім,

Жүрекке салған таңбасымен.

 

Айтып жатыр бір-бірлеп

Барша кемістігін.

Ақауы мен айыбын

Жел үстінің.

 

Темір тісті доңғалақтар

 азабы

Тоздырмаған үзіп

Қанша нерв жіптерін.

Ашып жіберерліктей бейне сол

Бас сүйегіңнің жіктерін.

 . . . .

Оянып кетіппін,

Жүрмін бірақ

Әлі де сандырақтап.

Ұқсаймын мен өзім де

Шайқы-дәруіштерге

Шерменде болған ел ақтап.

 

Үңгірлерге түнеп,

Мен едім,

Өзен бойын жайлаған.

Ағаштардың ық жағына

 ықтап

Қалың нөсерде

Тынбай сабалаған.

 

Амал қанша бабаларға еліктеп

Тарта алмаймын

 Қобыз күйлерін

Ақыл-есім дұрыс па осы.

Білмеймін әйтеуір,

Буылдыр ғана бір күйдемін.

 

Екен деймін тағы да,

Сол сыр-Дария жағасы

Әулие-әнбиелер мекені.

Үзілмейді ел аяғы

Белгілі ғой ежелден

Сейіл-серуеннің жері екені.

 

Ақ, қара елдің мырзалары.

Қатар тұрғандай бәрі,

Сапқа тізілгелі.

Сірә бикештер,

Әрең ғана.

 

Майысып белдері үзілгелі

Алтын, жақұт, асыл сырғалар

Сұлу мойындар да

 баяу ырғалады.

Шіркін сұлулар

Құлағын тосып

Дайын тұр екен нені

 тыңдағалы.

Келіп тұр бір зуыл

Орынсыз ғана

Алдынан баяу

Атынан түсіп

Жүріп көрші өзің жаяу.

 

Ертегі — қиял емес

Алып бір қобыз тұр алдыңда

Орнатылған.

Қандай ізгі сарын

Тілсіз қозғатылған.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты