Бояу, сызық және заман - Kandinsky

74c1353a89027ac055fe8602fc2173f6.jpg (650×439)


Өнер тарихында үшеудің — сурет, музыка мен сөз өнерінің үндесіп келуі жиі ұшырай бермейді. Дегенмен, ондай кездер жоқ та емес. Өткен ғасырдың басында неміс музыканты Кендимерд «Суретші Матис» (сол дəуірде Француздың Матис атты ұлы суретшісі жасағанын білеміз)  атты музыка жазды. Бойында өз дəуірінің əуенінен гөрі классикалық музыканың үні басым шығарманың əдеби-сахналық нұсқасы болған. Отызыншы жылдардың ортасында билікке фашистер келіп, Кендимер шығармаларына шектеу қойылған тұста (1934 жыл) немістің үздік дрижерларының бірі өз басына келер хауіпқатерге қарамастан, осы туындыны оркестрмен орындап, бір дəуірдің ақырласқанын аңғартақан. Десе де, енді бір тұрғыдан алғанда ол жаңа бір дəуірдің басталуы да еді.   

Себебі, «Суретші Матистің» сюжетінде өнердің қайта өрлеу кезеңінде орда суретшісі болған кейіпкер Матистің тосын ұшырасқан əке мен қыздың ықпалынан бəрін тастап: жайлы тұрмыстан, сəнсалтанаттан безіп, өзгеше өмірге бет бұрғандығы жазылған.   

Жиып келгенде бұндай шығармалардың тегінде адамның жалған дүниеден (қазақта «жалған дүние» деген сөз бар) шынайы өмірге бағыт алуына түрткі болатын өзгеше бір күш  — рух мұрасы көрнектіленеді.

Өнердің өзі осындай рух мұрасынан тұрады. XX ғасырдың өнерінде, əсіресе сурет саласында бұл тіптен айқын көрініс береді. Айталық Канднискийдің суреттерінен осындай өзгеше бұлқынысты бірден сезінесің.

Кандниский 1866 жылы Мəскеуде өмірге келген. Өнер тарихын зерттеушілер оның бойында Шығыс пен Батыстың еш қайсысына ұқсамайтын дара болмыс бар деп қарайды. Бұның бір себебін жұрт оның келіп шығуынан іздестіреді. Канднискийдің бойында маңғол қаны бар еді, оның ұлы əжесі маңғол ханының қызы болатын. Суретшінің балалық шағы əсем табиғаттың бауырында өтті. Есейіп ес біле бастаған шағында ата-анасы оны музыка, заң ғылымдары, экономика, сондай-ақ нəсіл зерттеу саласында мол біліммен суарды. Осы негіз оның келешекте суретші болуына, онда да сезімтал суретші болуына жағдай жасады.   

Кандниский өнердің жолын қуып Германияның Мюнхен қаласында екі жыл суретшілік оқыды. Соңынан Еуропаны саяхаттауға шықты. Бельгия, Франция, Тунис, Италия сияқты елдерде ұзақ тұрды. Канднискийдің  «тірі көрініс» делінетін алғашқы суреттері осы кезде туды. Бұл шығармаларда суретшінің алыста қалған туған жері, ондағы сахара өмірі, табиғат пен адам мейлінше қиялмен бейнеленген еді. Зерттеушілер бұл туындыларды Кандниский шығармашылығының импрессонизмнен соңғы импрессонизмге өткен тұсына балайды. («Жасыл сері» 1903 жыл). Ұзаққа созылған бұл сапардан оралған соң 42 жастағы Кандниский 1980 жылы Мюнхен маңындағы Мурнаур деген жерге қоныс тебеді. Бұл кезде оның қыл қаламынан туған дүниелер əуелгі нақтылықтан біртіндеп қиялдың өзін төңіректеуге бағыт алады. Сызықтар мен шеңберлердің үндестігі өнер иесінің бұрылыс пен бояуға болған түсінігінің жаңарғандығын əйгілейтін еді. Бұл Кандниский суреттерінің экспрессонизмдік елементтерді өз бойынан көрнектілендіре бастаған тұсы болатын. Өнердің бұл ағымы адамның ішкі көп қатпарлы жандүниесінің бояу мен кескін бойында өмір сүру мүмкіндігі еді. Содан да экспрессонизм ағымының бойында XX ғасыр сурет өнеріндегі өзге ағымдардың бəрі дерлік көрініс тапқан. Кандниский суреттерінің алғашқы экспрессонизм кезеңінде сызықтар мен бұрыштар басты орынға шыққан, кейін келе олардың орнын доғалар мен өзгеше формадағы деталдар басты, бұл экспрессонизм ағымының біртіндеп кемелдене бастағанының айғағы еді.

Кандниский талантты суретші ғана емес, ақын болған. Мурнаурге қоныс тепкен кездерінде оның «Өнердің бойындағы рух» (1910 жылы) атты еңбегі жарық көреді; 1912 жылы, «Əуеннің реңі» атты жыр жинағы жарық көреді.   

1914 жылы дүние жүзілік бірінші соғыс бұрқ ете түседі. Төрт жылға созылған соғыс, дүниенің астаң-кестең өзгерісі бояу мен сөздің реңінен тұратын жандүниені өзгеше əсерге бөлейді. Бұл жылдарда Кандниский Ресей мен Германияның ортасында шапқылаумен өмір өткізеді. Соғыс басталудан дəл бір жыл бұрын салған «Қара сызықтар жолағы» еңбегінен біз экспрессонизм ағымының өзгеше бет-бейнесін танып қана қалмаймыз, сол дəуірдің тасадағы бейнесін көргендей боламыз. Канднискийдің дүниежүзілік бірінші соғыстан кейін салған суреттері, айталық 1922 жылы салған «Көгілдір шеңберлер», 1926 жылы салған «Қызыл түстің құдіреті», 1940 жылы салған «Көгілдір аспан» суреті өз дəуірінің тұнып тұрған келбет-кескіні десек те болады. 1936 жылы қара түске ақ сызықтарды батыра отырып, көгілдір, жəне басқа да бозаң реңдердің келбетінен жасаған кескіні түсімен де, формалық ерекшелігімен де адамға өшпестей əсер қалдырады. Ол 1944 жылы өмірден озды.  

Əсет ОРАЗАЙ

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті ©Білге - Мәдениет пен өнер сайты